Сабақтың тақырыбы: Нефронның құрылысы мен қызметі Оқу мақсаты



бет2/3
Дата22.04.2023
өлшемі425,65 Kb.
#175175
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Santa

Нефронның құрылысы: 1Боумен капсуласы, 2 каперллярлар торы, 3 Проксимальды иірім өзек,4. Генле ілмегі 5 Дистальді иірім өзек, 6 Жинағыш түтікше, 7 Әкелгіш артериола, 8 Әкеткіш артериола
Нефронның негізгі қызметі- зәр түзу. Зәрдің пайда болуы екі құбылыстан тұрады.Алғашқы зәр түзілуі фильтрация (сүзілу) абсорбция.Соңғы зәр түзу реабсорбция (кері қайту)
Зәрдің түзілу процесі



Несептің құрамы.Несеп нефронда екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы несеп,екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі.Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұыйық бөлігі капсула ішінде бөлінеді.Бұның нәтежесінде алғашқы несеп пайда болады. Алғашқы зәр түзілу мөлшері өте көп болады. Бірінші зәр құрамы қан сары суына ұқсас болады тек нәруыз болмайды. Бірінші зәр құрамындағы судың көп мөлшері глюкоза,аминқышқылдары,натрий, калий иондары,витаминдер қайтадан қанға өтеді.Бір тәулік ішінде 150-170 литр алғашқы зәр пайда болады.Ағзаға қажетті заттар қайта қанға сіңіріледі.Мочевина несеп қышқылы,сульфаттар сияқты қажеттсіз зиянды заттар Генле иінінің екінші деңгейлі иірім каналдарында қалып нағыз несеп құрамына кіреді.


Несептің түзілу механизмі
1.Шумақтық сүзілу-( ультрафильтрация) қан плазмасынан су мен төменгі молекулалық компоненттердің бүйрек шумағының капсуласына бірінші несеп түзілу үдерісі.
2.Түтікшелік қайта сорылу-сүзгіден өткен заттар мен біріншілік несептен қанға кері сорылу
3.Түтікшелік секрция – иондар мен органикалық заттардың қаннан түтікше саңлауына тасымалдануы
Ультрафильтрация – қысым арқасындағы сүзу процесі. Қанның гидростатикалық қысымы арқасында бүйрек шумағына жүректен қолқа шығып үлкен қысыммен қан келеді. Шумақты қылтамырлар жүйесі қоршаған. Шумақтың қылтамырлары бүйрекке келетін салатамырдың қылтамырымен салыстырғанда кіші болады, сондықтан шумақтың қылтамырларының қысымы жоғарылайды. Су мен басқа еріген молекулалары капилярлардан сығылып, боумен денешігінің эпителийлері арқылы өтеді. Ал үлкен молекулалар, ақуыз, қан жасушалары қанда қалып қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет