Сабақтың тақырыбы: Негіздер. 8Зертханалық тәжірибе



Дата08.11.2019
өлшемі82,49 Kb.
#51295
түріСабақ
Байланысты:
Negizder


Бекетова Гүлназ Ережепқызы

А.Иманов атындағы жалпы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі

Түркістан облысы Шардара қаласы



Сабақтың тақырыбы:

Негіздер. 8Зертханалық тәжірибе

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.9-негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну,олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Негіздердің жіктелуін біледі,формула құрастырып негіздерді оқиды

Басым бөлігі: негіздердің алынуы бойынша реакция теңдеуін құрастыра алады

Кейбір оқушылар: реакция теңдеулері арқылы сандық есептерді шығара алады

Бағалау критерийі

Негіздерді жіктейді,алыну жолдарын жазады.Негіздердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: негіз, гидроксид, сілті

Диалогқа қажетті тіркестер:

(жазылым)

1. Негіздер деп құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан ...... атомы кіретін .....заттарды айтады

2. Негіздердің екінші атауы....

3. Негіздер жіктеледі....


Құндылықтарға баулу

Бәсекеге қабілетті, білімді және жаңашыл, идеяшыл құзіретті тұлға қалыптастыру.

Құрмет, өмір бойы білім алу секілді құндылықтар сабақ барысында еңбек ету, сыни ойды дамыту дағдыларын қалыптастыру барысында жүзеге асады



Пәнаралық байланыс

Физика , математика

Алдыңғы білім

7.3.4.1-сабынды заттар сілтілер бола алатынын білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2минут

5минут


Мұғалімнің іс-әрекеті:

-Ұйымдастыру

-Сәлемдесу

-Түгелдеу

-Психологиялық ахуал(«Бақытты шаңырақ» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады)

Үй тапсырмасын сұрау



«Сұрақты ұстап ал» әдісі (ойлау және айтылым дағдысы қалыптасады)

1.Қышқылдар дегеніміз не?

2.Сутек атомының санына қарай қаншаға жіктеледі?

3.Идикатор дегеніміз не

4.Танымал индикаторлар

5.Қышқылдардың әсеріне ең тұрақты метал

6.Металдың белсенділік қатарын ұсынған ғалым

7.Ең белсенді метал

8.Ең енжар метал

9 .Бейтараптану реакциясы

10.Ең көп қолданылатын 10 қышқыл.

ТЖ.«Сөзжұмбақ шешу» тапсырмасы арқылы оқушылар жаңа тақырыпты ашады.





н

е

г

і

з

д

і

к

к

ө

р

с

е

т

к

і

ш










г

а

з







к

ү

к

і

р

т







т

ұ

з



1.Na2O.MgO қандай оксидке жатады........(негіздік)

2.Индикатор сөзінің аудармасы............(көрсеткіш)

3.CO2.SO2 агрегаттық күйі.......(газ).

4.Екі негізді қышқыл...... (күкірт)

5.Оттексіз қышқыл........(тұз)




Сұрақтар жазылған кеспе қағаздар



Сабақтың ортасы

3минут

10минут

13минут


1минут

«Миға шабуыл»

Тақырыпппен  таныспай  тұрып  мына  жаттығуларды  орындау. Металл  валенттілігі  бойынша  негіздерінің  формуласын  құрастыру.     Nа, Са,  Ғе(ІІІ),  Сu (І, ІІ)

Жауабы (NaOH,   Ca(OH)2,   Fe(OH)3,   CuOH,     Cu(OH)2)

Дескриптор: "Негіз дегеніміз  әрбір металл атомы бір немесе бірнеше гидроксотоп пен байланысқан күрделі  зат"  деген  ұғымды  түсінеді

     Жаңа сабақ:  «Мағынаны тану»                                     

Негіздер

         Суда еритін                                           Суда ерімейтін

LiOH,  Ca(OH)2,  Ba(OH)2,                         Cu(OH)2,  Fe(OH)2,   Fe(OH)3,

                                             Екідайлы

                       Zn(OH)2,    Al(OH)2,     Be(OH)2,

                       Cr(OH)3,    Pb(OH)2,      Sr(OH)2         

Негіздердің  гидроксотоп  саны  металдардың  валенттілігмен  анықталады.

Суда  еритін  негіздер  сілтілер деп те  аталады

Негіздердің алынуы

Суда еритін негіздерді алу.

1.Белсенді металдарды тікелей сумен әрекеттестіреді.

            2Na+2H2O=2NaOH+H2

           Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2

2. Белсенді металл оксидтері сумен қосылғанда түзіледі.

         Na2O+H2O=2NaOH

         CaO+H2O=Ca(OH)2

3.Суда ерімейтін және екідайлы гидроксидтерді алу үшін металлдардың ерімтал тұздарына

         CuCl2,          FeSO4            AlCl3   сілті қосады.

         CuCl+ 2NaOH = Cu (OH)2  +  2NaCl

         FeSO4 + 2NaOH =  Fe(OH)2  +  Na2SO4

         AlCl3  + 3NaOH =  Al(OH)  +3NaCl
1.Топтық тапсырма. «Конверт» әдісі (Оқушылардың ойлау ,жазу дағдысы қалыптасады.) (дәптермен жұмыс)Индикатордың түстері арқылы 3 топқа бөлеміз

1-топ: А деңгейі:Формулалар берілген негіздердің қайсысы суда ериді. NaOH, Ca(OH)2, KOH, Ba(OH)2, Cu(OH)2,AL(OH)3

В-деңгейі: Нәтижесінде LiOH, Fe(OH)2 гидроксидтері түзілетін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

С-деңгейі:Массасы 28 г литий суда ерігенде сутектің (қ.ж) қанша көлемі түзілетінін есептеңдер.

2-топ:

А-деңгейі: Формулалар берілген негіздердің қайсысы суда ерімейді. NaOH, Ca(OH)2, KOH, Ba(OH)2, Cu(OH)2,AL(OH)3

В-деңгейі: Негіздердің формуласын құрастыр ( темір(ІІІ), натрий гидроксиді.

Нәтижесінде КOH, Сu(OH)2 гидроксидтері түзілетін химиялық реакция теңдеулері жазыңдар

С-деңгейі:Массасы 4,6г натрийді 150г суда еріту арқылы алынған натрий сілтісінің массалық үлесін табыңдар.

3-топ:

А-деңгейі: Формулалар берілген негіздердің қайсысы суда ериді. NaOH, Ca(OH)2, KOH, Ba(OH)2, Cu(OH)2

В-деңгейі: Негіздердің формуласын құрастыр ( кальций гидроксиді, мырыш гидроксиді.

Нәтижесінде Ba(OH)2, Mg(OH)2 гидроксидтері түзілетін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.



С-деңгейі:Массасы 2,8г кальций оксиді сумен әрекеттескенде түзілетін кальций гидроксидінің массасын табыңдар.

Дескриптор:

-негіздерді жіктейді

-негіздердің формуласын құрастырады, реакция теңдеулерін жазады

-реакция теңдеулері бойынша есептер шығара алады

Қ.Б Пішіндер арқылы бағалаймын



Периодық кесте

Оқулық, АКТ

Периодық кесте





Оқулық

Дәптер
АКТ

http://bilimland.kz

Түрлі түсті стикерлер

Пішіндермен бағалау
үздік
жақсы

қанағат




Сабақтың соңы

5минут


2минут

1минут


1минут

Психологиялық ахуал орнату «Жұбыңды тап» ойыны. Металдар мен гидроксотоптар жазылған кеспе қағаздар бойынша оқушылар негіздердің формуласын құрастыра отырып жұпқа бөлінеді.

« Химиялық диктант»әдісі Жаңа тақырып негізінде қорытындылау үшін химиялық диктант аламын (жазылым, ойлау дағдылары)

1. Негіздер деп құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан ...... атомы кіретін .....заттарды айтады

2. Негіздердің екінші атауы....

3. Негіздер жіктеледі....

4. Суда еритін негіздер...деп аталады

5. Натрий сумен әрекеттескенде .... және ....түзіледі

6. Калий оксиді сумен әрекеттескенде ...


Дескриптор

  • Негіздердің құрамын біледі;

  • Негіздердің формулаларын құрастырады;

  • Негіздердің алынуын сипаттайды;

Жұппен бір бірінің жұмысын дескриптор бойынша тексеріп бағалайды

Қалыптастырушы бағалау («бас бармақ» әдісі бойынша)



«Тілек беті» әдісі Кері байланыс

Бүгінгі сабақта сіздің білгеніңіз.

Сабақ барысында не қызықты болды?

Бүгінгі тақырып бойынша түйгеніңіз.

Бүгінгі сабақта сізге не кедергі болды және нені қайталау

керек деп ойлайсыз.


Үйге тапсырма: №,46 сұраққа жауап беру

№4 жаттығу



Түрлі түсті қағаз қиындылары

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сыныптағы оқушыларға берілген тапсырмаларды орындау кезінде: Топтық, жұптық жұмыстар арқылы қолдау мен көмек көрсетемін. Топта қалып отырған оқушы болса топтағы басқа оқушымен жұптасып орындауға тапсырма беремін. Қабілетті оқушыларға алдын-ала дайындалған тапсырмалар беремін. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігіне көз жеткізуге тырысамын. Сабақтағы диалог кезінде сөзбен қолдау көрсетемін және сыни тұрғыда ойлай алуға ынталандырып отырамын.

А-деңгейі: Негіздердің формуласын құрастыр ( литий, кальций, марганец(ІІ) гидрооксиді

В-деңгейі: : Негіздердің формуласын құрастыр ( темір(ІІІ), натрий гидроксиді.

С-деңгейі:Массасы 15,6г алюминий гидроксиді айырылғанда алюминий оксидінің қандай массасы түзіледі.


Оқушыларды сабақ кезінде өтілген материалды қалай түсінгенін анықтау үшін «Тілек беті» әдісін қолданам.

-Бүгінгі сабақта сіздерге не жақсы болды?

- Сабақ барысында не қызықты болды?

-Бүгінгі тақырып бойынша өзіме не алдым?

- Бүгінгі сабақта сізге не кедергі болды?
Мақтау, мадақтау

«Білім шапағаты»

«Бас бармақ»


Денсаулық сақтау технологиялары .

Сабақта қолданылатын техника қауіпсіздігі ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Тапсырмаларды топпен талқылау кезінде табысты болады

2:Термин сөздерді атап оны жаттайды


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. АКТ мен жұмыс жасауда



2. Сыни тұрғыдағы жаңа әдіс-тәсілдер
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет