Сабақтың тақырыбы: Негізгі және көмекші сөздер


Атауыш сөздер өздерінің мағына дербестігін сақтаған, жеке өздері қолданылып, басқа сөздерге байланыспай-ақ мағына білдіре алады



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,38 Kb.
#89684
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
f5f9b80c7737790
a71a2400-6c0e-11e5-9d50-f6d299da70eeТМВР 1-межелік тест спец, a71a2400-6c0e-11e5-9d50-f6d299da70eeТМВР 1-межелік тест спец, a71a2400-6c0e-11e5-9d50-f6d299da70eeТМВР 1-межелік тест спец, a71a2400-6c0e-11e5-9d50-f6d299da70eeТМВР 1-межелік тест спец, f5f9a46e494f990, f5f9a46e494f990, f5f9b75e1112760, f5f9b75e1112760, f5f9b75e1112760
Атауыш сөздер өздерінің мағына дербестігін сақтаған, жеке өздері қолданылып, басқа сөздерге байланыспай-ақ мағына білдіре алады. Алды, арты, жаны, маңы, келді, бастады, қалды, үшін, дейін сияқты сөздерді лексикалық, мағынасы жоқ болғандығы үшін көмекші сөз деп атамаймыз, олардың дербес лексикалық мағынасын солғындатқандығы үшін көмекші сөз деп атаймыз. Екіншіден, көмекші сөздер өзінің алдында тұрған атауыш сөздерді мағынасын толықтырып, таза синтаксистік қызмет атқарады. Бірақ бұл көмекші сөздер жеке тұрғанда лексикалық мағына білдірмейді, лексикалық мағынағасөйлем құрамында белгілі бір текст ішінде ғана ие болады деу дұрыс сөз емес, Мысалы,іші, қасы, арасы, үшін, дейін, қарай баста, қолды, алды, ғана, ма сияқты көмекші сөздер қай тіркесте байланысып өзінің мағынасын сақтайды. Үйдің іші, ауылдың іші, орманның іші т.б. Үшін шылауы есім сөздерге тіркесіп келіп мақсат мағынасын үстейді. Оқу үшін келдім, өмір үшін күресті т.б. Бірақ үшін сөзі арнау, себеп т.б. мағыналарды білдіру үшін де қолданылады. Салыстырамыз. Адам тамақ жеу үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақ жейді; Қасқырды сұрлығы үшін соқпайды, ұрлығы үшін соғады; Оқушылар оқу үшін кітап алды т.б.


2. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екені түсіндіріледі.
- Шылаудың толық мағынасы болмайды.
- Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
- Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
- Шылаулар өзі тіркескен сөздерге қосымша мағына үстейді.
- Шылауларға қосымшалар, яғни жалғау, жұрнақтар жалғанбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет