Сабақтың тақырыбы: Негізгі және көмекші сөздер



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,38 Kb.
#89684
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
f5f9b80c7737790

Дейін, шейін септеулігі шек, меже мағынасын, таман септеулігі мезгіл, мекенге жақындау мағынасын, бойы — істің созылу мезгілін, үшін — мақсат мағынасын, гөрі — талдау мағынасын т.б. білдіреді дейді. А.Ысқақов та өз оқулығында көмекші сөздерге жоғарыдағыдай семантикалық анықтама берген. Салыстырыңыз ол үшін септеулігі мақсат, арнау, себеп мағынасын, сайын амал-әрекеттің дүркін-дүркін болатындығьн, туралы септеулігі белгілі бір амал-әрекет жайындағы хабарды білдіру үшін т.б. қолданылады дейді. Бұл сияқты анықтамалар мен түсініктемелер көмекші сөздер туралы жазылған түркі тілдерінің оқулықтарының барлығында да бар.
Сөздердің, мағынасы мен синтаксистік қызметі тең еместігін және олар арасында белгілі, бір байланыстың бар екендігін де ескерту қажет сияқты. Себебі сөздер, грамматикалық, формалар сөйлем ішінде ғана өзінің мағынасын толық көрсете алады.. Ағаш аяқ, қол сағат, темір жол, алмас пышақ деген сөз тіркестерінің бірінші сыңарындағы зат есімдер өздерінің төл синтаксистік қызметін атқарып тұрған жоқ. Заттың неден жасалғандығын, неге арналған дығын, қасиетін білдіріп, заттық мағынасынан ауытқып тұр. Бірақ, біз ағаш, қол, темір, алмас сөздерін сын есім деп атамаймыз, зат есім деп есептейміз. Демек, бұл сөздердің мағынасы. Кез келген сөздің, соның ішінде атауыш сөздердің де, грамматикалық мағыналарды білдіру үшін, сөйлемде, мәтіннің құрамында қолданылуы тілдік заңдылықтан тыс жатқан құбылыс еместігі тілшілер тарапынан айтылып та, жазылып та жүр.
Көмекші сөздер де мәтін құрамында келіп, сөздердің аналитикалық формасы ретінде, грамматикалық мағына білдіру үшін қолданылады, Кітап оқып отыр, балам қалада оқып жүр дегендер нақ осы шақ мағынасында қолданылып тұр. Оларда осы шақтың грамматикалық формасы –ып отыр, -ып жүр аналитикалық формасы болып есептелінеді. Отыр, жүр етістігінің оқып жүр, оқып отыр дегенде амал әрекеттің айтылып тұрған уақытта үздіксіз болып жатқандығын білдірсе, оқып жүр дегенде оқу процесі айтылып тұрған уақытта болмаған болуы да ықтимал. Балам қалада оқып жүр дегенде оқудың ұзақмерзімге созылатындығы, үздік-создық болатын амалды, бірақ баланың негізгі ісі қалада оқу екендігін білдіріп тұр.Оқып отыр мен оқып жүрді салыстыратын болсақ, біріншісінде осы шақ өте нақты, екіншісінде созылыңқылықпенбайланысты осы шақтық мағынасын беріп тұр.Қазақ тіліндегі кеңістік мағыналы көмекші есімдерді мынадай лексика-семантикалық топтарға жинақтауға болады:
Көмекші сөздер – сөздік құрамның элементі. Біріншіден, көмекшілер дербес сөз болыш есептелінеді. Екіншіден, көмекшілердің, барлығы да әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағыналарға ие болады, Үшіншіден, көмекші сөздердің көпшілігі (демеуліктерден баскалары) сөздердің тұлғалық тұтастығын сақтайды, Төртіншіден, сөйлемде, сөйлеген кезде олар өз алдына бөлініп тұрады.Көмекші есім мен көмекші етістіктердің лексикалық мағынасының аз болса да, бар екендігіне тілшілеріміз таласпайды. Шындығында да көмекші есім мен көмекші етістіктердіңөздерінің толық мағынасы сыңарынан әлі толық қол үзіп кете қоймағандығын оңай дәлелдеугеболады. Салыстырыңыз, Қазығұрттың басында кеме қалған (халық әні) деген мысалда бас сөзі көмекші есім қызметінде қолданылыптұр.Оның адамның дене мүшесімен байланысы барлығы анық. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде таудың басы, шөптің басы Сияқты тіркестермен келетін сөз мағынасьн жеке-жеке мағына ретінде беріп, бір сөздің аясында топтастырғанБіз ағаштың басы, таудың басы, судың басы, сойылдың басы, ауылдың басы сияқты тіркестерде қолданылған бас сөзін атауыш сөз деп есептемей, көмекші есім деп есептейміз. Көмекші сөздер де — толық мағыналы сөздер сияқты тұлға жағынан тұрақты, лексико-грамматикалық мағыналары бар сөз, Екіншіден көмекші лексикалық мағынасы толық мағыналы атауыш сөздердің мағынасындай емес, дерексізденген, өзінің дербестігін жоғалтқан. Сондықтан көмекші сөздер өздері жеке тұрып белгілі бір зат не ұғымның атауы бола алмайды. Үшіншіден көмекші сөздердің лексикалық мағына дербестігі бірдей болмайды. Белгілібір топ көмекші сөздерде лексикалық мағына дербестігі күшті, атауыш сөздерге жетеғабыл болса (мысалы көмекші есім мен көмекші етістістіктер), екінші бір тобында лексикалық мағына мен грамматикалық мағына тең түсіп жатады. (Мысалы, септеулік шылаулар) үшіншіден бір тобында лексикалық мағына грамматикалық мағынаның жетегінде болады (мысалы кейбір септеулік шылаулар мен демеулікжалғаулықтарда).Көмекші сөздерді топтастырғанда көмекші сөздерді мынадай үлгіде топқа бөлуімізге болады. Біріншіден, көмекші сөздерді орналасу орнына қарай алд көмекші, соң көмекші деп екіге бөлуге болады, Алд көмекшілер сан жағынан аз. Оларға сын есімнің асырмалы шарайының құ-рамында қолданылатын өте, тым, аса, тіпті т.б. көмекшілерді енгіземіз. Соң көмекшілері сан жағынан көп. Оларға көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөз, шылауларды енгізуге болады. Көмекші сөздерді мағына дербестігінің дәрежесіне қарай да екіге бөлуге болады: 1) атауыш (функционалды) көмекшілер, 2) шылау көмекшілер деп атауыш (функционалды) көмекшілерге а) көмекші есім, ә) көмекші етістік, б) модаль сөз, в) күшейткіш (асырмалы шырай құрамындағы) көмекші сөздерді енгізсек, шылау көмекшілерге септеулік, жалғаулық, демеуліктерді енгіземіз.Көмекші есімдердің негізгі есімдерден ажырасып жататын екінші бір белгісі — оның сөйлемнің жеке мүшесі болмауы, сөз тіркесінің бір компоненті болмауы. Екінші сөзбен айтқанымызда, көмекші есімдер сөйлем құрамында қолданылғанымен, белгілі бір сұрауға жауап бере алмайды, сөйлемнің дербес мүшесі болмайды.Ғалымдар сөйлем мүшесіне анықтама бергенде оның мағынасына, сөйлемдегі қызметіне назар аударады. Сол үшін де сөйлем мүшесі болатын сөз сөйлем құрамында қолданылып, басқа сөздермен байланысқа түсіп түрлі синтаксистік қызмет атқаратын, дербес сұрауға жауап бере алатын сөздердің синтаксистік қызметімен байланысты анықталатын грамматикалық категорияны түсінеміз. Әрине біз сөйлем мүшесіне тиісті теориялық мәселені талдау ниетінен аулақпыз. Ондай жұмыс түркітанымда баршылық. Көмекші есімдердің дербес сөйлемнің мүшесі болмағандықтан оның сөйлем құрауда, сөйлемнің мағынасында ешкандай қызметі жоқ деген пікір тумауы керек. Олар сөйлемнің күрделі мүшесінің құрамына еніп, сөй­лем мүшесінің тұлғасын анықтауыш бір тұлға есебінде көрінеді. Мысалы, Ауылдың маңы—терең сай, Тасыған өзен күрілдеп (Абай) дегендегі бастауыштың формасы маңы сөзімен байланысты анықталып тұр. Әрине кез келген көп мағыналы сөздердің келтірінді мағынасының барлығы бірдей көмекші сөз қызметінде қолданылуға негіз жасайды деген қорытынды шығаруға болмайды. Мысалы, Б. Хасенов бауыр сөзінің 6 мағынада қолданылатындығын көрсетеді. 1. Бауыр — іні, қарындас. 2. Бауыр — туысқан. 3. Бауыр — дос, достық. 4. Бауыр — адамның, жан-жануардың өті бөлініп шығатын ең үлкен безі. 5. Бауыр — адамның, малдық т.б. жандыжәндіктердің іш жағы. 6. Бауыр — беткей, етек. Бұл мағыналардың ішінде бір мағына (соңғы алтыншы) ғана көмекші сөз қызметінде қолданылғанда білдіретін мағынасы, ол басқа мағыналарында қолданғанда бау­ыр зат есімге тән барлық қасиетті сақтайды. Тіпті кейбір көп мағыналы сөз (зат есім) көмекші сөз қызметінде мүл­де қолданылмауы да мүмкін.
Бекіту сұрақтары: Негізгі сөз бен көмекші сөздің басты айырмашылығын түсіндіріңіз.
Тапсырма: Слайдқа ойланып жауап беріңіз.Тақырыпқа орай 3тест-сұрағын жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет