Сабақтың тақырыбы Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?



Дата25.06.2017
өлшемі144,77 Kb.
#19955
түріСабақ

Мектеп:

Қарабұлақ селолық орта мектебі

Мұғалімнің есімі:

Аманжол Гулия

Күні: 07.12.2016ж

Сынып: 1

Пән: сауат ашу



Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны: 1

Сабақтың тақырыбы

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Менің отбасым. Өтілген дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін шындайды.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Көркемсөз тіркестерін орынды қолданып, ойын жүйелі жеткізе алады.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мен не үйрендім?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут
3 минут


Қайырлы таң ұстазым,

Қайырлы таң достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.


Допты кезекпен балаларға беру арқылы өтілген сабақты еске түсіру.

1) Дыбысты не істейміз? Естиміз, айтамыз.

2)Әріпті не істейміз? Көреміз, жазамыз.

3)Дыбыс нешеге бөлінеді? 2-ге дауысты, дауыссыз дыбыс.

4) І – қандай дыбыс? Дауысты.

5) Мысал келтір. 6) Буынға бөл? 7)Жер-су, адамдардың аттары қандай әріппен жазылады?

8)Заттардың аттары қандай әріппен жазылады?
Ал енді тақтада ілінген сөздерді оқимыз: құра, іл, досым.

Енді осы сөздегі әр әріпті бір-бірден аламыз. Әріптерге мысалдар келтір. Енді қолындағы әріптің дауысты, дауыссыз дыбыс екеніне қарай екі топқа бөлініп отырамыз.

Дауысты дыбысты қызыл түске, дауыссыз дыбыстар көк түсті белгісі бар партаға отырады. Балалар сендер дауысты, дауыссыздар елі болып сайысқа түсесіңдер. Сайыс барысында қай топтың оқушысы сұрақтарға дұрыс жауап беріп отырса, сол топқа әртүрлі пішіндер беріп отырамын.

Шаттық шеңбері




Сабақтың ортасы

5 минут
5-минут





№1 Суреттегілер кімдер?

Тақтада берілген сөздерді алып, үш тілде атауын айту. Әр топтағы оқушылардың қол көтеруі арқылы жауап береді. Сол арқылы баға қойып отыру.



Ана-мама-mother, әке-папа-fother , ата – дедушка -grandfather, әже-бабушка- grandmother, аға-брат- brother, әпке-сестра-sister, отбасы- семья-family.
№2 Сызбамен жұмыс.

Берілген сөздер қай сызбаға сәйкес келеді, көрсет.



Ана, әке, ата, әпке, әже, аға.























Таныстырылым, оқулықпен жұмыс



Сергіту сәті

2 минут


Аяқпенен топ-топ-топ

Аудиожазба

Қызықты тапсырма

7 минут


Аяқталуы

9 минут



№ 4. Әріптер мен сандардың көмегімен сөз құра, дәптерге жаз.

А

Н

Л

р

о

т

у

ш

с

ы

Д

м

қ

ұ

і

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15




5

6

1

2




11

5

9

6

10

13




10

2

6

10

12

1

13

6

1

6

7

3

10

13




О

Т

а

Н




Д

О

с

Т

ы

Қ




Ы

Н

т

Ы

м

А

қ

Т

А

т

У

л

Ы

қ

Берілген сөздерді дәптерге көшіріп жаз.


№ 3. Сұрақтарға жазбаша жауап жаз.

  1. Досыңның аты кім? Досымның аты Нұртілеу.

  2. Ол нешеде? Ол жетіде.

  3. Ол қандай? Ол ақылды.

Оқулық,

дәптерлер.




Сабақтың соңы

2 минут



Рефлексия

Ал енді әр топ алған пішіндерін санасын, қай топта пішіндер көп, сол топ жеңімпаз болып саналады. Сабақ сендерге ұнады ма?



Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ арқылы бағалау.


Смайликтер



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспары?




Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.



Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Бұл өтілген ашық сабақ «Нәтиже сабақ» яғни, менің отбасым және өтілген дыбыстар мен әріптерді қайталадық. Осыған байланысты қызықты тапсырмалар орындадық.

  1. Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңберде тұрып өлең арқылы амандасты.

  2. Өтілген дыбыс, буындарды қайталау мақсатында шеңберде тұрып «Доп қағу» ойыны жүргізілді. Өткен тақырыптар сұрақ – жауаппен меңгерілді. Бәрі қойылған сұрақтарға кідірмей, толық жауап берді.

  3. Тақтада ілінген құра, іл, досым деген дауысты, дауыссыз әріптер арқылы «Дауыстылар елі» және «Дауыссыздар елі» деп екі топқа бөлінді. Осы арқылы топтық жұмыс және дәптермен жұмыс жүргізілді.

Оқулықпен жұмыс:

  1. № 1. Тақтада жасырылған сөздерді екі топ кезекпен үш тілде атап берді. Үш тілде жауап беру арқылы өздерінің отбасы туралы үш тілде атауын толық білетіңдерін көрсетті. Алдағы сабақтарда да үнемі қайталап отырамыз, әзірге түзетер сөз жоқ.

  2. № 2. Сызбамен жұмыс: екі топ берілген туыстық атаулардың қай сызбаға сәйкес келетінін көрсетеді. Сызба жұмысына дайын сөздерді қай дыбыстық талдауға сәйкес келеді, сол орынға апарып желімдеу болатын. Оқушылар басында дұрыс орындай алмай қиналды, екінші рет түсіндіру жүргізілгеннен кейін толық орындады. Бұл тапсырма да толық меңгерілді, себебі оқушылар дыбыстық талдауды жақсы біледі.

  3. Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ-топ». Аудиожазбада берілген сергіту сәтін сәтті орындап шықты.

  4. № 3. Әріптер мен сандардың көмегімен сөз құрап жаз. Дауыстылар тобы дұрыс ұйымдаса алмағандықтан біраз қиналды, тапсырманы баяу орындады. Ал дауыссыздар тобының ұйымшылдығы жақсы болды және берілген тапсырманы шапшаң орындады, әрі қателері жоқ.

Екі топ берілген сандар жұмбағын дұрыс тауып жазды.

5 ) Дәптермен жұмыс: сұрақтарға жазбаша түрде жауап берді. Мысалы: Менің досым Айжан. Ол жеті жаста. Ол ақылды. Оқушылар дәптерде жазғанда жазудан қиналды, себебі қатемен жазамыз деп кейбір сөздердің қалай жазылуы керек екенін сұрады және оларға көмек ретінде тақтаға Күнайым шығып Менің досым Мадина. Екінші Нұртілеу шығып: Ол жеті жаста. Деп жазды көбі тақтадан көшіру жұмысын жасаса, Алмас, Мадина өз еріктерімен орындап шықты.

Сабақ соңында бас бармақ арқылы бағалау болды. Оқушылар сабақ жақсы өтті деп қорытынды жасады.

Жалпы сабақ жақсы өтті. Кішкене шу да орын алды. Екі топтың бірі «Дауыссыздар елі» өте жақсы, шапшаң жұмыс жасаса, екінші топ «Дауыстылар елі» орташа деп таңылды. Жалпы сабақ жаман емес. Уақыт жеткілікті болды, сабағыма өзгерту енгізген жоқпын.



Сабаққа жалпы оқушылар жақсы қатысты. Оның ішінде Нұртілеу, Алмас, Нұрғалі, Мадина – өте жақсы қатысты. Ислам, Нұрислам, Диас, Күнайым, Элина, Нұржігіт, Фатима – жақсы қатысты. Диляра – қанағаттандырарлық деп таңылды, себебі көп жауап беріп, тапсырмаларды орындауға көп көмектесе алмай отырды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет