Күні:06.12.2016ж
Сынып: 2 «А»
|
Қатысқандар саны: 17
Қатыспағандар саны:
|
Пәні:
Мектеп:
Мұғалімнің есімі:
|
Сауат ашу
№105
Жүрментаева Гүлнар Сымбатқызы
|
Сабақтың тақырыбы
|
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
Мен не үйрендім?
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Сергіту сәті. 2 мин
Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбері.
Оқушылармен сәлемдесу.Үш тілде амандасу.
Бүгінгі көңіл-күйді сұрау
Өткен сабақты қайталау
«І дыбысы мен әрпі»
«Сұрақ-жауап» әдісі 3 мин
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге
-Дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс
Дауысты дыбыстарды қандай дөңгелекшемен белгілейміз?
-Қызыл
-Дауыссыз дыбыстарды ше?
-Көк
-Буын дегеніміз не?
-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.
-І дыбысы қандай дыбыс?
-І дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?
|
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы
15 минут
|
№1 Суреттегілер кімдер?
Ата,әже,әке,ана,қыз
Менің отбасым
№2 Сызбамен жұмыс.
Әке,ана,ата,әже.
№3Сұрақтарға жазбаша жауап жаз
1)Досыңның аты кім?
2)Ол нешеде?
3)Ол қандай?
№4 Әріптер мен сандардың көмегімен сөз құра.
А,н,л,р,о,т,у,ш,с,ы,д,м.қ,ұ,і.
123456789101112131415
Отан
достық
Ынтымақ
татулық
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Аяқталуы
12 минут
|
Жеке жұмыс
№1.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырату
№2. Өтілген әріптерді жазу
№3.Дыбыстық талдау жасау
Дәптермен жұмыс
|
Оқулық, дәптерлер.
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
|
Смайликтер
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|