Сабақтың тақырыбы: Ө ө әрпі мен дыбысы. Сабақтың мақсаты: Ө ө дыбысының дауысты екені анықталып, жазба түрін меңгеру



Дата25.12.2016
өлшемі34,27 Kb.
#4724
түріСабақ

  1. сынып. Сауат ашу.


Сабақтың тақырыбы: Ө ө әрпі мен дыбысы.

Сабақтың мақсаты: Ө ө дыбысының дауысты екені анықталып, жазба түрін меңгеру;

Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрауда сөздерді тақырыпқа сай таңдауға, сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасауға үйрену.



Күтілетін нәтиже:

А. Ө ө дыбысының жазбаша жазылу түрін үйренеді, таспа түрімен салыстыра алады;

В. Берілген сөздерді оқып, оған буындық, дыбыстық талдау жасап, оны еркін түрде мәлімдей алады;

С. Берілген сурет пен тапсырмаға қарап, істелетін жұмысты ойлап табады және қорытынды жасай алады.



Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

2 мин

І.Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру. Сыныппен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

Оқушылар орындарынан тұрып сәлемдеседі.




5мин

Тренинг. Топқа бөлу. «Молекулалар» тренингі.

«Атом» дегенде оқушылар араласып, қозғалады, ал «Молекула- 3» дегенде 3-еуден топтасады. (Айтылған санға байланысты топтасады)



(Жаңа әдіс- тәсілдер, көшбасшылық)

Оқушылар тренингті орындау нәтижесінде 4 оқушыдан топқа бөлінеді.




5 мин

ІІ. Тұсаукесер бөлімі. «Постер» әдісі.

Суреттер арасынан ә дыбысы кездесетін сөздерді қоршап сыз.



(Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, көшбасшылық, АКТ)

Тақтаға шығып, жұмыстарын қорғайды.

Флипчарт, маркер

18мин

ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. Оқулықпен жұмыс.

1.«Ой қозғау» стр.

«Өрікте»- сөздің басында,

«Бөрікте»- «б- ның» қасында.

Бұл қай әріп, көріңдер,

Енді айтып беріңдер.

2.«Өрмекші» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

3.Сөздерді оқу.

4.Мәтінді оқу, түсіндіру. Дәмді, тәтті сөзін түсіндіру.

5.Тапқышбектің тапсырмасы: о- ө әріптерінің өзара жуан, жіңішке дыбыстар екенін түсіндіру.

6.Суретке қарап және тірек сөздерді пайдаланып, «Жемістер» тақырыбында әңгіме құрау.



  1. 7.Тапқышбектің тапсырмасы. Логикалық тапсырма. (Қандай тапсырма берілгенін өздері табады және шешуін айтады, яғни ғ, ң, ж әріптерін қалдырылған жерге қойып айтады)

  2. 2.Сергіту сәті.

Музыка арқылы сергіту.

3. Дәптермен жұмыс.

( дарынды және талантты балаларды оқыту).

Ө әрпі және дыбысымен танысады.

Сөзге дыбыстық талдау жасайды.
Сөйлем құрап айтады.
Тапқышбектің тапсырмасын нұсқауға сай орындайды.

Дәптердегі сабаққа байланысты берілген жазбаларды жазады.



Әліппе оқулығы.

Ө ө әрпінің таспа түрі және үлкен, кіші жазба таңбасы

Түсті бояулар


3 мин

ІҮ. Қорытынды бөлім.

  1. «Маған көрсет» әдісі.

Сөздер тізбектелген сөйлем берілген, олардың ішінен дұрысын таңдап алу керек. Мен 3-ке дейін санап болғанда, әрбір сөйлем үшін дұрыс сөз жазылған сөйлемнің нөмірін саусақтарыңмен көрсетесіңдер. Бір сөйлемді бір рет талқылаймыз.

2.Бағалау. (Оқушылардан топтағы оқушыларды бағалауын сұраймын. Әр әрекеттен соң оқушыларға мадақтау айтылады.(ОүБ )

Дұрыс сөйлемді тауып, көрсетеді.



Бірін- бірі бағалайды.



2 мин

Кері байланыс. Смайликтер арқылы кері байланыс.

Смайликтер арқылы сабақты түсіну деңгейлерін көрсетеді.

Смайликтер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет