14
|
Тақырыбы: Қазақстан және Ресей Мақсаты: Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышартары мен себептері туралы білімді меңгерту, тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге ақпараттарды пайдалана отырып талдау жасау дағдыларын дамыту; бір-біріне көмектесуге, сыйластыққа тәрбиелеу.
|
жылулық шеңбері арқылы тілек айтып, ойын арқылы топқа бөлінуге тапсырма беру;
Тарихи тұлғаға сипаттамаларын талдату;
Пікірталасқа тарту;
Интербелсенді тақтадан «Қазақстанның Ресейге қосылу алғышартары» тірек сызбаны талқылау;
жаңа тақырыпты меңгеруге тапсырма беру;
тарихи оқиғаларға хронологиялық кесте жасату;
өз білімін «Бес саусақ» әдісі бойынша саралау
|
Топтық, жекелей, жұптық. Сергіту сәті, тарихи тұлғаға сипаттама, пікірталас, талқылау, «Аялдама», хронологиялық кесте, «екі жұлдыз, бір тілек», «Бес саусақ»
|
- бір-біріне жақсы тілек айтып және жұпқа бөлінуді үйренеді; - тарихи тұлғаға сипаттама жасай алады; - Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышартары мен себептері туралы білімді меңгерту; - мәтінмен жұмыс істей алады; - хронологиялық кесте жасай алады;
- тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге ақпараттарды пайдалана отырып талдау жасайды;
өз біліміне талдау жасай алады.
|
Жоғары деңгей – тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге ақпараттарды пайдалана отырып талдау жасайды; Орта деңгей – тарихи тұлғаға сипаттама жасай алады; өз біліміне талдау жасай алады. Төменгі деңгей – мәтінмен жұмыс істей алады; - хронологиялық кесте жасай алады;
|
Бас бармақ ишарасы шапалақ мадақтау «2 жұлдыз, 1 тілек» бағдар
шам «Бес саусақ» жиынтық бағалау
|
Проектор, Флипчарт, СтикерФломастер Смайлик, түрлі-түсті дөңгелек, оқулық алақан сұлба сы
|
15
|
Тақырыбы: Абылай хан Мақсаты: Абылай хан , өмірі мен саяси қызметі туралы білімді меңгерту, тарихи тілмен сөйлеу дағдыларын дамыту, тарихи тұлғалардың еліміз үшін атқарған қызметін бағалай білуге тәрбиелеу.
|
- өткен тақырып туралы не білетіндерін айтқызу; - «БББ» кестесін толтырту; - интербелсенді тақтадағы сұрақтарға жауап бергізу; - оқулықпен жұмыс, тақырыпты оқыту; - 1 топқа «Абылай ханның өмірі» тірек-сызба, 2 топқа «Абылай ханның қызметі» постер жасату; - «Жарық жұлдыз» әдісімен сабақты түсіну дәрежесін бағалату
|
Топтық, жұптық, жекелей Сергіту жаттығуы «Уақыт шеңбері» «БББ» кестесі сұрақ-жауап Зерттеуші лік әңгіме «Өкіл», тірек-сызба, постер, «2 жұлдыз, 1 тілек», «Жарық жұлдыз»
|
- Абылай хан , өмірі мен саяси қызметі туралы білімді меңгереді; - сұраққа нақты жауап бере алады; - мәліметті түсініп оқып, бір-біріне түсіндіре алады; - тірек-сызба, постер жасай алады; - тарихи тұлғалардың еліміз үшін атқарған қызметін бағалай біледі; - өздерінің түсіну дәрежесін талдап, рет-ретімен саралап жаза алады; - бұрынғы білімімен сабақта алған білімдерін жіктеп кесте түрінде көрсете алады.
|
Жоғары деңгей – бұрынғы білімімен сабақта алған білімдерін жіктеп кесте түрінде көрсете алады.; Орта деңгей – өздерінің түсіну дәрежесін талдап, рет-ретімен саралап жаза алады; тірек-сызба, постер жасай алады; Төменгі деңгей – сұраққа нақты жауап бере алады; - мәліметті түсініп оқып, бір-біріне түсіндіре алады.
|
Бас бармақ ишарасы шапалақ мадақтау «2 жұлдыз, 1 тілек» бағдар
шам «Жарық жұлдыз » жиынтық бағалау
|
Интербелсенді тақта, флипчарт, фломастер, стикер, маркер,оқулық Жарық жұлдыз макеті
|
16
|
Тақырыбы: Қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин. ІІ тоқсан қорытынды тест жұмысы. Мақсаты: Қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин туралы білімді меңгерту, тоқсан бойы өткен тақырыптар бойынша білімдерін жинақтау, жауапкершілікке тәрбиелеу.
|
Мәтінмен жұмыс істеп, бір-біріне түсіндіруге, тест тапсырмаларын орындағанда жауапкершілікпен қарауға тапсырмалар беру.
|
Топтық, жұптық, жекелей. «Айналмалы бекет» әдісі, тест тапсырмалары
|
- қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин туралы білімді меңгере алады; - бір-бірімен өз білімдерімен бөлісе алады; - сұрақтарға нақты жауап таба алады;
- жауаптарды логикалық түрде таңдай алады.
|
Жоғары деңгей – жауаптарды логикалық түрде дұрыс таңдай алады. Орта деңгей – бір-бірімен өз білімдерімен бөлісе алады; сұрақтарға нақты жауап таба алады; Төменгі деңгей – тест тапсырмаларымен жауапкершілікпен жұмыс істейалады
|
мадақтау тест тапсырмаларын ұпайлармен бағалау жиынтық бағалау
|
Интербелсенді тақта оқулық тест парақшалары
|
17
|
Тақырыбы: Сәулет өнері Мақсаты: Ортағасырлардағы қазақ халқының архитектуралық ескерткіштері туралы білімді меңгерту; ежелгі сәулет ескерткіштерін жоспар бойынша сипаттай білу дағдыларын дамыту,: ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
|
жылулық шеңбері арқылы тілек айтып, ойын арқылы топқа бөлінуге тапсырма беру;
пікірталасқа тарту;
электронды оқулықтан архитектуралық ескерткіштер туралы мәтінді тыңдату;
жаңа тақырыпты меңгеруге тапсырма беру;
суреттеріне қарап жоспар бойынша кесенелерге сипаттама беріп, олар туралы кесте құрастырту;
«Ыстық орындық» әдісі
Кері байланыс жасату
|
Топтық, жекелей, жұптық. Сергіту жаттығуы, сұрақ-жауап, электронды оқулықпен жұмыс, «Мозаика» кесенеге сипаттама, кесте, «екі жұлдыз, бір тілек», «Ыстық орындық», кері байланыс
|
- бір-біріне жақсы тілек айтып және топқа бөліне алады; - архитектуралық ескерткіштер туралы не білетіндерін ортаға сала алады; - ежелгі сәулет ескерткіштерін суреттеп, сипаттама жаза біледі; - мәтінмен жұмыс істей алады; - тақырып бойынша тапсырмаларды шығармашылықпен орындай алады; - Өз білімін бағалай біледі.
|
Жоғары деңгей – ежелгі сәулет ескерткіштерін суреттеп, сипаттама жаза біледі; Орта деңгей – тақырып бойынша тапсырмаларды шығармашылықпен орындай алады; архитектуралық ескерткіштер туралы не білетіндерін ортаға сала алады; Төменгі деңгей – сұраққа нақты жауап бере алады; - мәліметті түсініп оқып, бір-біріне түсіндіре алады.
|
Бас бармақ ишарасы шапалақ мадақтау «2 жұлдыз, 1 тілек» бағдар
шам кері байланыс жиынтық бағалау
|
Флипчарт, СтикерФломастер Смайлик, түрлі-түсті дөңгелек, электронды оқулық кесене суреттері
|
18
|
Тақырыбы: Наурыз мейрамы. Халық ауыз әдебиеті. Мақсаты: Наурыз мейрамы, халықтың ауызекі шығармашылығы туралы білімді меңгерту, сөйлеу дағдыларын, сөз мәдениетін дамыту, өз еліміздің салт-дәстүрімізді, тарихи жәдігерлерімізді бағалай білуге тәрбиелеу
|
- өткен тақырып туралы не білетіндерін тарихи диктант арқылы тексеру; - интербелсенді тақтадан Наурыз мерекесі туралы бейнефильм көрсету; - оқулықпен жұмыс, тақырыпты меңгерту; - «Наурыз мейрамы» туралы сурет арқылы әңгіме, «Ауызша тарих» туралы кластер жасату; - «4 сөйлем» әдісімен сабақты қорытындылату; - топ басшысына критерийлер бойынша оқушылардың білімін бағалату
|
Топтық, жұптық, жекелей жұмыс Сергіту жаттығуы, тарихи диктант, бейнефильм, Зерттеушілік әңгіме, «Өкіл», суретті әңгіме, Кластер, «2 жұлдыз, 1 тілек», «4 сөйлем», бағалау парағы
|
- Наурыз мейрамы, халықтың ауызекі шығармашылығы туралы білімді меңгереді; - сұраққа нақты жауап бере алады; - мәліметті түсініп оқып, бір-біріне түсіндіре алады; - «Наурыз мейрамы» туралы сурет арқылы әңгіме, «Ауызша тарих» туралы кластер жасайды; - өздерінің түсіну дәрежесін «4 сөйлем» әдісі арқылы бағалай біледі; - бір-бірінің біліміне критериальды талдау жасап, өз пікірлерін дәйектей түсіндіре алады.
|
Жоғары деңгей – өздерінің түсіну дәрежесін «4 сөйлем» әдісі арқылы бағалай біледі; - бір-бірінің біліміне критериалды талдау жасап, өз пікірлерін дәйектей түсіндіре алады; Орта деңгей – «Наурыз мейрамы» туралы сурет арқылы әңгіме, «Ауызша тарих» туралы кластер жасайды; Төменгі деңгей – сұраққа нақты жауап бере алады; - мәліметті түсініп оқып, бір-біріне түсіндіре алады.
|
Бас бармақ ишарасы шапалақ мадақтау «2 жұлдыз, 1 тілек» бағдар
шам кері байланыс жиынтық бағалау
|
флипчарт, фломастер,стикер, маркер,оқулық бейнефильм бағалау парағы
|
19
|
Тақырыбы: Қазақ халқының шешендік сөз өнері Мақсаты: Қазақ халқының шешендік өнері, қазақ халқының айтыс өнері, шешендердің өнері туралы жаңа білімді меңгерту, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, сабақ материалдары арқылы өз халқының өткенін ұмытпауға тәрбиелеу
|
- Сергіту жаттығуын жасату - «Қарлы кесек» ойыны арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру; - Сыни ойландыратын сұрақтар қойып, пікірталасқа тарту - мәтінді оқуға, талқылауға, бір-біріне түсіндіруге тапсырма беру; - Қосымша мәліметтерден шешендік сөздерді рольдерге бөліп орындап, олардың мағынасын талқылау; - «Жазбаша дөңгелек үстел» әдісі арқылы сабақты қорытындылату; - сабаққа кері байланыс жасату.
|
жекелей, жұптық, топтық Сергіту жаттығуы, «Қарлы кесек», пікірталас, «Үш қадамдық сұхбат», рольдік ойын, «Жазбаша дқңгелек үстел», кері байланыс
|
- Қазақ халқының шешендік өнері, қазақ халқының айтыс өнері, шешендердің өнері туралы жаңа білімді меңгере алады; - рольге кіріп, шешендік өнердің қыр-сырын аша біледі; - сөздің астарлы мағынасына мән беріп, логикалық ойлана біледі; - «шешен» және «көп сөйлейтін адам» сөздерінің мағынасын салыстырып, талдау жасай алады; - қосымша мәліметтерді жүйелеп өзіне керекті ақпаратты іріктей алады; - өз білімін жинақтап, сабақ барысына өз пікірін жазады.
|
Жоғары деңгей – рольге кіріп, шешендік өнердің қыр-сырын аша біледі; сөздің астарлы мағынасына мән беріп, логикалық ойлана біледі; Орта деңгей – «шешен» және «көп сөйлейтін адам» сөздерінің мағынасын салыстырып, талдау жасай алады; - қосымша мәліметтерді жүйелеп өзіне керекті ақпаратты іріктей алады; Төменгі деңгей – қазақ халқының айтыс өнері, шешендердің өнері туралы жаңа білімді меңгереді, өз білімін жинақтап, сабақ барысына пікір жаза біледі.
|
Бас бармақ ишарасы шапалақ мадақтау бағдар
шам кері байланыс жиынтық бағалау
|
флипчарт, фломастер, стикер, маркер,оқулық қосымша кітаптар
|
20
|
Тақырыбы: Қазақ халқының ән-күй өнері Мақсаты: қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы білімді меңгерту; өз беттерінше мәдени құндылықтарды бағалай білу қабілеттерін дамыту; ұлтымыздың рухани құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
|
- ТВ-шоу «Билер бізде қонақта» әдісі арқылы өткен сабақта алған білімдерін жинақтау; - Интербелсенді тақтадағы музыка аспаптары мен әнші-күйшілердің суреттері арқылы зерттеушілік әңгімеге тарту; - жаңа тақырыпты меңгерту; - «Қазақ халқының ән-күй өнері» туралы постер жасату; - «Микрофон» әдісі арқылы сабақты қорытындылату; - «Бес бармақ» әдісі арқылы өз білімдерін бағалату
|
Топтық, жұптық, жекелей Сергіту жаттығуы ТВ-шоу, зерттеушілік әңгіме, «Мозаика», постер, «2 жұлдыз, 1 тілек», «Микрофон «Бес бармақ»
|
- қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы білімді меңгере алады; - суреттерге талдау жасай отырып, жаңа тақырыпты және сабақтың мақсатын аша алады; - барлық білімін тиянақтап, бір жүйеге келтіріп постер түрінде көрсете алады; - өз білімін таразыға салып, рет-ретімен өз пікірін жинақтап жаза алады; - рухани құндылыққа деген құрмет қалыптасады; - оқулықтағы мәтіннен негізгісін таба біледі.
|
Жоғары деңгей – суреттерге талдау жасай отырып, жаңа тақырыпты және сабақтың мақсатын аша алады; - барлық білімін тиянақтап, бір жүйеге келтіріп постер түрінде көрсете алады; Орта деңгей – өз білімін таразыға салып, рет-ретімен өз пікірін жинақтап жаза алады; Төменгі деңгей – қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы білімді меңгереді; оқулықтағы мәтіннен негізгісін таба біледі.
|
Бас бармақ ишарасы шапалақ мадақтау бағдар
шам «Бес бармақ» жиынтық бағалау
|
стикер, оқулықфломастер, маркер, флипчарт, музыка аспаптарының және әнші, күйшілердің суреттері
|
21
|
Тақырыбы: Қазақ халқының наным-сенімдері Мақсаты: Діннің пайда болуы, ежелгі адамдардың діни түсініктері, қазақ халқының діни наным-сенімі туралы білімді меңгерту; ежелгі наным-сенімдерді нақты түсіне білу қабілеттерін дамыту; имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
жылулық шеңбері арқылы тілек айтып, ойын арқылы топқа бөлінуге тапсырма беру;
рольге кіріп, өткен тақырып бойынша білгендерін айтқызу;
пікірталасқа тарту;
электронды оқулықтан қазақ халқының наным-сенімдері туралы мәтінді тыңдату;
жаңа тақырыпты меңгеруге тапсырма беру;
қазақ халқының наным-сенімдері туралы постер жасату; кесте толтырту;
«Өрмекші торы» әдісі арқылы сабақты қорытындылау; өз білімін табыс критерийлары арқылы бағалату
|
Топтық, жекелей, жұптық. Жылулық шеңбері, «Тікелей радиохабар» әдісі, пікірталас, электронды оқулықпен жұмыс, «Өкіл», постер, кесте, «екі жұлдыз, бір тілек», «Өрмекші торы» бағалау парағы
|
- рольге кіріп, өткен тақырып бойынша білгендерін айта алады; - Діннің пайда болуы, ежелгі адамдардың діни түсініктері, қазақ халқының діни наным-сенімі туралы білімді меңгереді; - мәтінмен жұмыс істеп, бір-біріне түсіндіріп, бірін-бірі тыңдай алады; - тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, кесте, постер жасап шығарады; - бір-біріне сұрақ қойып, сұраққа нақты жауап бере біледі; - өз білімін табыс критерийлеріне сүйене отырып бағалай біледі.
|
Жоғары деңгей – рольге кіріп, өткен тақырып бойынша білгендерін айта алады; өз білімін табыс критерийлеріне сүйене отырып бағалай біледі. Орта деңгей – мәтінмен жұмыс істеп, бір-біріне түсіндіріп, бірін-бірі тыңдай алады; - тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, кесте, постер жасап шығарады; Төменгі деңгей – бір-біріне сұрақ қойып, сұраққа нақты жауап бере біледі.
|
Бас бармақ ишарасы шапалақ мадақтау бағдар
шам бағалау парағы жиынтық бағалау
|
Флипчарт, СтикерФломастер Смайлик, түрлі-түсті дөңгелек, электронды оқулық
|
22
|
Тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті. Бөлімді қайталау Мақсаты: Халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлері туралы білімді меңгерту, материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білу дағдыларын дамыту; қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет тәрбиелеу
|
- өткен тақырып туралы не білетіндерін айтқызу; - «Жоқ сөзді тап» әдісімен интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды орындату; - оқулықпен жұмыс, тақырыпты оқыту; - «Ғажайыптар әлемі» бөлімін қайталау үшін тест сұрақтарына жауап бергізу; - өз білімін дұрыс тест жауаптарына ұпай жаздыру арқылы бағалату
|
Топтық, жұптық, жекелей жұмыс
«Балалар философиясы», «Жоқ сөзді тап», «Аялдама», тест сұрақтары, бағалау парағы
|
- Халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлері туралы біледі; - сыни ойлана отырып, жазбаша тапсырмаларды дұрыс орындай алады; - мәліметті түсініп оқып, бір-біріне түсіндіре алады; - тест сұрақтарымен жұмыс істеуді біледі; - өз білімін табыс критерийлерін талдай отырып бағалай алады
|
Жоғары деңгей – сыни ойлана отырып, жазбаша тапсырмаларды дұрыс орындай алады; Орта деңгей – өз білімін табыс критерийлерін талдай отырып бағалай алады; мәліметті түсініп оқып, бір-біріне түсіндіре алады; Төменгі деңгей – тест сұрақтарымен жұмыс істеуді біледі
|
Бас бармақ ишарасы шапалақ мадақтау бағдар
шам бағалау парағы жиынтық бағалау
|
флипчарт, фломастер,
стикер, маркер, тест парақшалары оқулық бағалау парақшалары.
|
23
|
Тақырыбы: Кеңес үкіметі билігінің орнауы Мақсаты: Ақпан, Қазан төңкерісі және Кеңестер билігінің орнауы туралы жаңа білімді меңгерту, негізгі мәселені анықтай білу дағдыларын дамыту, саяси көзқарастарын қалыптастыру; патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
|
-сергіту жаттығуын орындату - бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақ қойдыру; -мәтінді оқуға, талқылауға, бір-біріне түсіндіруге тапсырма беру; - интербелсенді тақтадан сыни ойландыратын сұрақтар беру; -кесте толтырту; - «Жазбаша дөңгелек үстел» әдісі арқылы меңгерген тақырыптан негізгі мәселені іріктеп жаздыру; - Блоб ағашы арқылы өздерінің түсіну дәрежесін бағалату
|
жекелей, жұптық, топтық Сергіту жаттығуы «Серпілген сауал», пікірталас, «Өкіл» әдісі, кесте, сұрақ-жауап, «Жазбаша дөңгеле үстел», блоб ағашы
|
- сұраққа нақты жауап беріп, басқаның жауабын есте сақтай алады; - Ақпан, Қазан төңкерісі және Кеңестер билігінің орнауы туралы жаңа білімді меңгереді; - логикалық ойлана отырып, тарихи оқиғаларға өз көзқарастарын білдіре отырып ашық сұрақтарға жауап бере алады; - меңгерген тақырыптан негізгі мәселені іріктей алады; - өздерінің түсіну дәрежесін саралай алады.
|
Жоғары деңгей – логикалық ойлана отырып, тарихи оқиғаларға өз көзқарастарын білдіре отырып ашық сұрақтарға жауап бере алады; Орта деңгей – меңгерген тақырыптан негізгі мәселені іріктей алады; - өздерінің түсіну дәрежесін саралай алады.; Төменгі деңгей – сұраққа нақты жауап беріп, басқаның жауабын есте сақтай алады.
|
Бас бармақ ишарасы мадақтау бағдар
шам блоб ағашы жиынтық бағалау
|
флипчарт, фломастер, стикер, маркер,оқулық блоб ағашының суреттері
|
24
|
Тақырыбы: Қазақ ұлттық зиялылары Мақсаты: Қазақ ұлттық зиялылары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және Алаш қозғалысы туралы білімді меңгерту; өз ойларын түйіндеп айта білу дағдыларын дамыту; ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете білуге үйрету
|
- Сұрақтарға жауап бергізу; - сыни ойландыратын сұрақтар қою арқылы зерттеушілік әңгімеге тарту; - электронды оқулықтан мәтінді тыңдату; - оқи отырып талдау жасату, бір-біріне талдау сұрақтарын қойғызу; - белгілі бір көзқарасты жүйелі түрде жеткізе білуге, сабаққа өз пікірін білдіруге тапсырмалар беру.
|
Топтық, жұптық, жекелей «Балалар философиясы», зерттеушілік әңгіме, электронды оқулықпен жұмыс «INSERT» әдісі, пікірталас, кері байланыс
|
- Қазақ ұлтық зиялылары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және Алаш қозғалысы туралы білімді меңгере алады; - өз ойларын түйіндеп айта білу, топпен жұмыс істеу дағдылары дамиды; - сұраққа нақты жауап бере алады; - ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете білуге үйренеді; - оқулықтағы мәтіннен негізгісін таба біледі; - белгілі бір көзқарасты жүйелі түрде жеткізе біледі.
|
Жоғары деңгей – өз ойларын түйіндеп айта біледі; белгілі бір көзқарасты жүйелі түрде дәлелдеп жеткізе біледі; Орта деңгей – оқи отырып талдау жасай алады, бір-біріне талдау сұрақтарын қоя біледі; Төменгі деңгей – сұраққа нақты жауап беріп, зерттеушілік әңгімеге араласады; сабаққа өз пікірін білдіре алады.
|
Бас бармақ ишарасы мадақтау бағдар
шам кері байланыс жиынтық бағалау
|
стикер, оқулықфломастер, маркер, Алаш қайраткерлерінің суреттері
|
25
|
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы жағдай, қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград қалаларын қорғауға қосқан үлесі туралы жаңа білімді меңгерту, тарихи оқиғаларға баға бере білу дағдыларын дамыту, ерлікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу
|
-сергіту жаттығуын орындату; - дайындап әкелген баяндамаларын оқытқызу; - бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақ қойдыру; - соғыс туралы бейнефильмдер көрсетіп, талқылату; -мәтінді оқуға, талқылауға, бір-біріне түсіндіруге тапсырма беру; -кесте толтырту; - «Еркін жазу» әдісі арқылы не түсінгендерін жазу - топ басшысына топ мүшелерінің білімін табыс критерийлеріне сүйеніп бағалауға тапсырма беру
|
жекелей, жұптық, топтық Сергіту жаттығуы, баяндама, сұрақ-жауап, бейнефильм талқылау, «Еркін талқылау» әдісі, кесте, «Еркін жазу» әдісі, бағалау парағы.
|
-дайындап әкелген баяндамаларын оқып, бір-біріне сұрақ қоя біледі; - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы жағдай, қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград қалаларын қорғауға қосқан үлес туралы жаңа білімді меңгереді; - логикалық ойлана отырып, негізгі мәселелерге өз көзқарастарын көрсете біледі; - топ басшылары табыс критерийларына талдау жасай отырып топ мүшелерінің білімін бағалай алады.
|
Жоғары деңгей – табыс критерийларына талдау жасай отырып топ мүшелерінің білімін бағалай алады; Орта деңгей – логикалық ойлана отырып, негізгі мәселелерге өз көзқарастарын көрсете біледі; Төменгі деңгей – дайындап әкелген баяндамаларын оқып, бір-біріне сұрақ қоя біледі
|
Бас бармақ ишарасы мадақтау бағдар
шам Еркін жазу бағалау парағы жиынтық бағалау
|
флипчарт,
фломастер,
стикер,
маркер,
оқулық бейне фильм
|
26
|
Тақырыбы: Қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі. ІІІ тоқсан қорытынды тест жұмысы. Мақсаты: Қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайлы білімді меңгерту, тоқсан бойы өткен тақырыптар бойынша білімдерін жинақтау, жауапкершілікке тәрбиелеу.
|
Мәтінмен жұмыс істеп, бір-біріне түсіндіруге, тест тапсырмаларын орындағанда жауапкершілікпен қарауға тапсырмалар беру.
|
Топтық, жұптық, жекелей. «Өкіл» әдісі, тест тапсырмалары
|
- Қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайлы білімді меңгере алады; - бір-бірімен өз білімдерімен бөлісе алады; - сұрақтарға нақты жауап таба алады; - жауаптарды логикалық түрде таңдай алады.
|
|