Сабақтың тақырыбы: Қоңырау. Н. Әлімқұлов. Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата04.11.2016
өлшемі455,44 Kb.
#288
1   2   3

.


Сабақтың тақырыбы: Мұғалім. Қ.Ыдырысов.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту;

                     сипаттай білуге, теңеу сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Сөйлеу тілдерін жетілдіру, есте сақтау, ойлау

                               қабілеттерінің дамуына ықпал ету.



Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, табиғатты сүюге, өзіндік пікірін білдіруге

                     баулу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп, жақсы көңіл күй қалыптастыру үшін мадақтаулар айту.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

Т.Жароковтың «Күз» өлеңін мәнерлеп оқыту.



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылығын ояту.

«Жемістер жинау» дидактикалық ойыны


  • Балалар, қазір қай мезгіл?

  • Күз.

  • Дұрыс. Күзде адамдар не істейді?

  • Қысқа дайындалады. (жұмыс түрлерін атайды)

  • Біз де анамызға тосап қайнату үшін жемістер жинап берейік.

  • Жеміс жинаудың тағы бір ерекшелігі: осы жемістерде көрсетілген сандар бойынша тиісті әрпін таңдап алсақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

(3-м) (4-ұ)  (6-ғ) (2-а)(1-л)  (3-і)  (5-м)

Алма, алмұрт, қарлыған, банан, лимон, өрік, жүзім.



  • Қандай сөз шықты балалар?

  • Мұғалім.

  • Мұғалімдер мерекесін қай кезде тойлаймыз?

  • Күзде тойлаймыз.

  • Бүгін біз сендермен Қ.Ыдырысовтың «Мұғалім» өлеңімен танысамыз.

2. Оқулықпен жұмыс.

  • Өлеңді мәнерлеп оқып беру

  • Шумақ бойынша өлеңнің мазмұнын түсіндіру

  • Өлеңді оқушыларға оқыту

3. Сұрақтар мен тапсырмалар.

  • Шәкірттің ұстазына деген ризашылық сезімі қалай сипатталған?

  • Өмірдің талабы дегенді қалай түсінесің?

  • Шәкірт  бала өз келешегі туралы не ойлайды?

4. Теориялық мәлімет беру.

IҮ.Сабақты бекіту.

       5 жолды өлең жазу.

   Зат есім (1 сөз) мұғалім.

   Сын есім (2 сөз) ақылшы, дана.

   Етістік (3 сөз) үйретеді, оқытады, түсіндіреді.

   Сезімді білдіретін сөйлем (4 сөз)   Мұғалім мектептің өшпес жүрегі.

   Синоним (1 сөз) ұстаз.

V.Үйге тапсырма беру.

 Өлеңді жаттап келу.



 Мұғалім туралы эссе жазып келу.

VІ.Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, не білдіңдер, не түйдіңдер? 

ҮІІ. Бағалау.

Тақырыбы: «Туған тілім». Дихан Әбілев
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
1. Білімділік: Өлең арқылы оқушыларға тіліміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы жөнінде түсінік беру.
2. Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, ана тілі туралы өз ой - пікірлерін, көзқарастарын ашық, еркін айтып, жеткізе білуге баулу.
3. Тәрбиелік: Ынтымақтаса жұмыс істеуге, ана тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, ой толғау, мағынаны тану.
Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, слайд көрсетілімі, тест сұрақтары.
Күтілетін нәтиже: Жаңа сабақты меңгереді. Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңінің мағынасын түсінеді, өз тілін қадірлей біледі.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру. а) оқушылармен амандасу ә) түгелдеу б) оқу құралдарын алдырту
Психологиялық дайындық
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін
Оқушыларды топтарға бөліп, әр топтың топ басшыларын сайлап аламыз. Топ басшылары топ мүшелерінің жауаптарын, бүгінгі сабаққа белсенділігін мұқият қадағалап отырып, сабақ соңында топ мүшелерін бағалайды.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабаққа шолу.
Қазақ халқында өз ана тілі туралы жыр толғамаған адам кемде - кем. Ана тіліміз талай жырға арқау болған екен. Қазақ тілі – сонау Әйтеке, Қазыбек, Төле билер сынды шешендердің, Абай, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мұстафин, Қ. Мырзалиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов сияқты ақын - жазушылардың, Б. Момышұлыдай атақты батырлардың тілі. Біздің бүгінгі сабағымыз да осы тақырыпта жалғасын табады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақтың жоғын жоқтап, тіл туралы қалам қозғаған жазушылардың бірі - Дихан Әбілев аталарың.
1. Жазушы өмірі мен шығармашылығы жөнінде түсінік беру.
Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907 - 2003)
Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.
2. Мағынаны тану.
- « Туған тілім» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.
- Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқудан сайысқа түседі.
3. Ой толғау ( өлеңді талдау )
І топ - Өлең неліктен « Туған тілім» деп аталған?
ІІ топ - Ақынның «туған тілім, өз тілім» деп отырғаны қай тіл?
ІІІ топ - Екі жақты күнделік. Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде? М. Мақатаев «Үш бақытым»
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Д. Әбілев « Туған тілім»
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
4. Дәптермен жұмыс соңғы шумақтың екі жолын көшірту.
5. Сергіту сәті. Ән « Ана тілін сүйеміз»
6. « Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады»
(ұяшықты таңдау арқылы берілген жағдаяттарды шешу)
- Сен кітапханада отыр едің. Кенет ішке екі қыз бала кірді. Олар ұлты қазақ болғанымен орысша сөйлесіп отыр. Сенің оған көзқарасың?
- Сен мектепке асығыс келе жатып, көшеде кездескен өзің қатарлас құрбыдан уақыттың қанша болғанын сұрадың. Ол саған орыс тілінде жауап берді. Сен не істейсің?
- Сенің досың көбіне әңгіме арасында қазақ тілін шұбарлап, орыс сөздерін араластыра сөйлейді. Сенің оған көзқарасың?
7. Топпен жұмыс. 2- топқа тапсырма беріледі. Берілген сөздерден тіл туралы мақал - мәтелдер құрастырып, шыққан мақал - мәтелді өз сөздерімен түсіндіреді.
ІV Бекіту. ( Тест сұрақтары )
1. ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?
А. Орыс В. Қазақ С. Ағылшын
2. ҚР - да «Тіл туралы Заң» қашан қабылданды?
А. 1997ж 11шілде. В. 1991ж 16желтоқсан С. 1995ж 30тамыз
3. Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады?
А. Әліппе В. Отан С. Ана тілі
4. « Туған тілім» өлеңінің авторы?
А. Д. Әбілев. В. М. Әуезов С. А. Құнанбаев
5. « Туған тілім» өлеңінің тақырыбы не?
А. Құстар. В. Тіл С. Отан
Өзіңді - өзің тексер Бағалау
0 қате – «5»
1 2 3 4 5
В А С А В
1 қате — «4»
2 қате — «3»
V Қорытындылау: «INSERT» әдісі
Білемін, білдім, білгім келеді. Оқушы білімін бағалау. Смайликтермен бағалау
VI Үйге тапсырма: Д. Әбілев «Туған тілім» мәнерлеп, жатқа айту

Сабақтың тақырыбы:Күз келбеті. Ғ.Оралбаев.

Сабақтың мақсаты: берілген шығармалардағы көркем сөздер мен сөз тіркестері арқылы ауызекі сөйлеуін дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Күз туралы білетіндерін өткен сабақпен байланыстыра талдау арқылы түсінуге мүмкіндік беру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Тақырыптың табиғатпен байланысын сақтап, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

Тұлғалық нәтиже. Оқушылардың рухани дүниесін байыту. Әсемдікті, табиғатты сүюге, бағалауға, көре білуге баулу.



Сабақтың көрнекілігі: М.Дулатовтың суреті, «Ауыл күзі» суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қарап шығу.



Үй жұмысын тексеру.

І. Қызығушылықты ояту.

Автор шығармашылығын еске түсіру.

«Паравоз» ойынын ойнау. Мұғалім жүріп бара жатқан паравоз ретінде дыбыс шығарады, қалғандары вагон болады. Паравоз бір вагонды жақсы тілек айтып қосып алады, келесі вагондар сол  ретті жалғастырады.

Сынып оқушылары дөңгелене тұрып, күз мезгілінің айларын ретпен атау арқылы топтарға бөлінеді.



ІІ. Мағынаны тану.

Мәтіндерді сурет салу арқылы оқу. Яғни әр сөйлемдіоқыған сайын өз элементін салып отыру. Немесе екі мәтінді салыстыру арқылы  оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтар бойынша талдау.

         Артынан оқушыларға сол салған суреттері бойынша мазмұннын айтқызу.

         Топтар да сол паравоз ретімен бөлінеді:

1-топ – Алтын күз.

2-топ – Қоңыр күз.

         Топта неше оқушы болса, сөйлемге қосылатын сөздер тізбегі де сонша болады. Оқушылар туған күндеріне байланысты реттеледі.

Мысалы: 1-оқушы: Алтын күз келді.

2-оқушы: Астанама алтын күз келді.

3-оқушы: Астанама сары алтын күз келді.

4-оқушы: Астанама сары алтын күз келіп жетті.
         Яғни әр оқушы оқыған сайын сөйлемдегі сөз саны көбейіп отырады. Топтағы оқушылар саны көп болған сайын тапсырманы соңғы оқушыға дейін жеткізу қиын әрі қызық болады. Мұнда оқушылардың сөйлем құрауы, сөз таптауы шыңдалады.

         ІІІ. Ойтолғаныс.

         Сыныпқа «Ауыл күзі» суретін ұсынып, 30 секунд шамасында көрсетіп, алып тастау керек. Оқушылардың естерінде не қалды, әңгіме құрап айтып шығулары керек.

         Жұпта, сосын топта толықтырулар жасау. Топтар бірін-бірі толықтырып отыру керек.

         Сабақты қорытындылау мақсатында сабақтың мақсаына сай мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу.

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

 

Екпей егін шықпас,



Үйренбей білім жұқпас.

 

Егін ексең тыңға,



Шықтым дей бер шыңға.

 

Көз қорқақ, қол батыр.



 

Оқушылардың жауабын бағалау.

Үйге тапсырма.

Тақырыбы М Әуезов . Күзгі кұс керуені  .

МақсатыКүзгі табиғат өзгерістерін білу. Табиғатты қорғауға үйрету.

Міндеттері:

1. Күз туралы білетіндерін өткен сабақпен байланыстыра талдау арқылы түсінуге мүмкіндік  беру.

2. Тақырыптың табиғатпен байланысын сақтап, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

3. Оқушылардың рухани дүниесін байыту. Әсемдікті, табиғатты сүюге, бағалауға, көре білуге баулу.



Негізгі дерек көздер:Тақырыпқа сәйкес жасалған презентация, жемістердің және көкөністердің суреті

Оқудың нәтижелері:Күздің кереметін ,жыл құстарының қайтуы туралы біледі.

Сабақтың типі:іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдістері шаттық шеңбері, «Топтастыру» , «ЖИГСО», «Басбармақ », «Сұрақ жауап» «Түртіп алу»  «РАФТ»

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Береке, бақ  дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын күз.

Сары  алтынға  малынған,

Жетті, міне, алтын күз!

(тақтада ілініп тұрған жемістер мен көкөністердің көмегімен топқа  бөлу)

Оқушылар бәрі бірігіп өлең жолдарын айтады.

Өздеріне ұнаған жемістердің және көкөністердің бейнесін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.

Жемістер мен көкөністердің суреті



Үй тапсырмасын тексеру

«Сұрақ жауап әдісі» диалогты оқыту

-Алтын күз  дегенді қалай түсінесіңдер?

-Күзгі табиғатты бейнеле? [сөзбен]

-Күздегі еңбек түрлерін ата?

-Күздегі құстардың тіршілігі туралы не білеміз?

-Құстардың тіршілігі мен адам еңбегінің ұқсастығын айт?

 

Оқушылардың берілген сұрақтарға толық жауап беулерін қадағалау



А3 форматты қағаз, маркерлер

Жаңа сабақ

«Джигсо» әдісі. Мәтінді 4 бөлікке бөліп, топтарға таратамын. Мәтін оқылып топ ішінде талданады.

Мәтінді әр оқушы жеке оқып, топ ішінде талдайды,түсінігін айтады

Бөлікке бөлінген мәтіндердің парақшалары



Сегіту сәті

«Күзгі жауын» ойыны

Мұғалімнің тапсыруы бойынша қимылдарды орындайды

«Жауын дыбысы» аудиожазба



Жаңа сабақты бекіту

« РАФТ әдісі» Құстар балаларға өзбасынан өткен қиыншылықтарын айтып  хат жазады

«Автордың орындығы» әдісімен жазған хаттарын  қорғайды

Жұмыс дәптерлері


Қорытынды

Топтастыру әдіс

1-топ Күз .2-топ Құстар. Балалар өз топтамасын оқиды,толықтырады ,басқа топқа сұрақтар қояды.

Топтама қағазы


Кері байланыс

1.Бүгін мен не үйрендім?                           2.Не ұнады, не ұнамады?                      3.Жаңа сабақ бойынша пікірім?

Осы сұрақтар төңірегінде оқушылар өз ойларын айтады

«Сұрақтары  бар қорап» әдісі

 Бағалау кезеңі

Топ басшысының бағасын жинақтау, мадақтау

Топ басшысы «Басбармақ» әдісімен бағалайды,оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Бағалау парағы



Үйге тапсырмасы

Оқулықтың 38-39 беттерін оқып, әр түрлі құстар суреттерін салу.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.

 

Сабақтың тақырыбы: Дақылдар әні. Ә.Табылды.



Жалпы мақсаты

Өлеңді түсініп оқу арқылы идеялық маңызын ашуға мүмкіндік беру.



Оқу нәтижесі:

1.Өлеңді талдайды;

2.Өз ойын еркін айта алады;

3. Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг «Тілек білдіру».

Балалар шеңберге тұрады, жүрек суреті беріледі. Сол жүректі келесі оқушыға беру арқылы бүгінгі сабаққа тілек білдіреді. Мысалы: Алмаз мен саған бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін, Сабина бүгінгі сабақта шығармашыл бол, т.с.с. (3минут)

Үй тапсырмасын қорытындылау. Мәтінді рөлге бөліп оқытқызу (5минут)

Қызығушылықты ояту.«Миға шабуыл» әдісі:

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең – еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек – дегендей біз қазір қандай бөлімді оқып жатырмыз ? Осы бөлімде қандай мәтін, өлеңдер, мысалдарды өттік ?(3 минут) (Маужырап барқыт қоңыр күз. Тақырыптар: Күз, Мұғалім, Алғыс, Күз келбеті)

Топқа бөлу. Партадағы жатқан жануарлар мен өсімдіктердің суреттерін алып, «Жануарлар» мен «Өсімдіктер» тобына бөлінеді.(1 минут)

Слайд. Топ басшысын таңдау,топ ережесін құру

1.Топтың тәртібін сақтау

2. Досыңның (өзгенің) пікірін тыңдау

3. Көмектесу

4. Уақытты үнемдеу

5.Өзін-өзі әділ бағалау. (3 минут)

І-топ: «Жануарлар»

ІІ-топ: «Өсімдіктер»

Сонымен бірге өсімдіктер неше түрге бөлінеді ?

Ағаш, бұта, өсімдік (шөп)

Сол өсімдікке дақылдар, жемістер, бақша өсімдіктері де жатады. (1 минут)

Мағынаны тану.

Слайд. Автор туралы мағлумат беру.

Ә. Табылды 1926 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Луговой ауданында туған. Бұл кісі 24 жылдай мұғалім болған. Ол қазіргі кезде сатиралық әңгімелері мен өлең-пьесаларының жинақтары жарық көрді. Оның «Бірінші май» (1941), «Көңілді балалар», «Күлкінің кесірі», «Күздің кереметі», «Жылдардың біл қасиетін», «Наурыз тойы» атты шығармалары мен өлеңдері бар.



АКТ арқылы ақпарат беру.

Слайд. Дақылдар қайда өсетінін таныстырып шығу.

Бидай — Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Тараз қалаларында өседі.

Арпа – Қазақстанның Солтүстігінде және Шығысында өседі.

Тары – Батыс Қазақстанда Ақтөбе қаласында өседі.

Сұлы – Солтүстік Қазақстанда және Оңтүстік құрғақ климаты қажет етеді. Суы мол жақсы жерде өседі.

Күріш – Іле, Шу, Сырдария өзенінің бойында өседі.(2 минут)



Оқушыларға смайлик, постер таратылады.

Екі топтың басшылары мәнерлеп өлеңді оқиды. ( топпен талқылау). 1 топ бидай, арпа және тары дақылдардан жасалатын тағамдар жазады, 2 топ сұлы, күріш, бидай дақылдардан қандай тағамдар жасалатынын жазады. Топтан бір спикер ортаға шығып әңгімелейді. Ақпаратпен бөлісу және марапаттау (кім жақсы түсіндірді смайликпен марапаттау). (5 минут)



Оқулықпен жұмыс:

Мақсатты оқу әдісі:



  1. Ең қадірлі тағам түрі туралы қай шумақта айтылған ?

Бидай өлең жолын мәнерлеп оқыту.

  1. Елдің ырыс — құтын арттыратын өлең жолдары қай шумақта айтылған ?

Арпа туралы мәнерлеп оқыту.

  1. Қандай сұраққа жауап беретін түс туралы айтылған шумақты кім оқып береді ?

Тары өлең жолдарын мәнерлеп оқыту.

  1. Әсіресе жылқы малы жақсы көретін дақыл туралы қай шумақта айтылған?

Сұлы туралы өлеңді мәнерлеп оқыту.

5.Осы дақылдардың ішінде суды өте керек ететін дақыл туралы қай шумақта айтылған ?

Күріш туралы мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті. (2минут)


  1. Ой толғаныс.

«Ойыңды түй» әдісі:

І-топ: «Жануарлар» тобы:

Мақал – мәтелдерді жалғастыру: Байтал шауып .....(бәйге)алмас. Егінші жерге қарайды, Құс ......(көкке) қарайды. Шегірткеден қорыққан егін екпес, Бейнеттен ....(қорыққан) мал жимас. Түйе баласы.......(төре) баласы. Қойдың іші - береке, Жылқының іші —..........(мереке). Есектің еті арам, күші......... (адал).Түйе өлген жерде............(жүк) қалады.

ІІ-топ: «Өсімдіктер» тобы:

Табиғат өсімдіктердің бейнелету. (сурет салдыру)(8 минут)

Қорытынды.

«Венн диаграмма» құрастыру:

Өсімдіктер Жануарлар

Өседі, қоректенеді, тірі табиғат, көбейеді,

гүл береді, ауамен көбейеді, бір-бірімен ауамен демалады,

демалады, көбейеді, өмір сүре алады, көреді, естиді.(3 минут)

Кері байланыс.Сабақ туралы оқушылар алған әсерін және алдағы уақытта үйренгісі келетін ұсынысын жаза алады.(1минут)

Мұға Мұғалім немен айналасады немесе іс-әрекеті

Оқушылар немен айналасады немесе іс-әрекеті

Ұйымдастырады,

бағыт-бағдар береді,

жетекші сұрақ қояды,

бақылайды, бағалайды,

 Оқиды, талдайды, жоба қорғайды, сұрақтарға жауап береді, жұппен, топпен жұмыс жасайды,бір-бірін бағалайды, қолдайды, ұсыныс білдіре алады.


Дереккөздер және жабдықтар:СТО, АКТ, оқулық, флипчарт, маркерлер, дақылдар суреті, болжау әдісі, мақал-мәтелдер, Венн диаграмма.

Үй тапсырма беру

Слайд. Өлеңді жаттау. (1 минут)

Сабақты бағалау

Тақырыбы:Нан қайдан шығады? (ертегі)  М.Етекбаев.

Мақсаты:Ертегі және ертегінің түрлері туралы оқып білу; түсініп оқуға төселдіру; ертегінің идеясын табуға, кейіпкер әрекетін салыстырып, тұжырым жасауға үйрену.Күтілетін нәтиже:

А). Ертегіні түсініп оқиды, мазмұнын өз желісінде әңгімелейді, идеясын ашады.

В). Өз ойын еркін айтып тұжырымдайды, баға беріп таңдау жасайды.

С). Өмірмен байланыстырады, дәлелдейді, қорытынды жасайды.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар:

 Тапсырмалар:

 Жаңа тәсілдер: «Ойлан/жұптас/талқыла» түрткі сұрақ, қайта бағыттау, сұрақ-жауап әдісі, топтық әңгіме, диалогтық оқыту,постер,мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: «Конверт сұрақ», «Стоп кадр», «Өкіл әдсі», «Топтастыру», «Ыстық орындық», «Венн диаграммасы»,  «5 жолды өлең».АКТ-ны қолдану:белсенді тақтамен таныстырылым, электронды оқулық, ғаламтор желісінін  материалдары (сергіту сәтін ұйымдастыру)  Оқыту формасы: Топтық, жұптық, жеке

Сабақтың модулдері:

 1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни ойлауға үйрету.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.АКТ.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.



6.Оқушылардың жас ерекшеліктері.             

7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.



Бағалау:

Формативті бағалау: Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау», «Топты бағалау»,өзін-өзі бағалау, «Басбармақ» «Екі жұлдыз бір тілек», «Критерий бойынша бағалау». Жиынтық бағалау. Кері байланыс: «Талқылау бойынша серіктестер».

Сабақтың барысы:2 мин

Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы

Жүрегім оттай жанады.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

Сергіту жаттығуы белсенді тақтадан «Жұмыр қылыш».

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.

Шаттық шеңберіне тұрып бәрі бірге өлең айтады.

 

 Сергіту жаттығуын жасайды



 

7 мин.


Күз айларының атауымен   топқа бөлу.  Топ ережесін қайталау

1-топ: «Қыркүйек».

2-топ: «Қазан».

«Конверт сұрақ» әдісімен үй тапсырмасы сұралады.

1-топ: Күздің екінші айы неге Қазан деп аталған?.

 

 



2-топ: Қазан айындағы табиғаттың өзгеру заңдылығын топтастыр. 

 

3-топ: Қазанның «інісі» кім? «Ағасы» кім?



Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау», «Басбармақ», арқылы бағалайды. 1-топ 2-топты,2-топ

1-топ:Қазан айы – азаматтық күнтізбе бойынша оныншы, күздің екінші айы. Парсы тілінде "күз" дегенді,халық тілінде"қазан соғу",«қазан ат» т.б.деректер айтады..

 2-топ:Қазан айының ауа райы арқылы қыс пен көктемнің ауа райын болжайды.

.

Тұсаукесер:

 

3 мин.


Белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор желісінен алынған материалдар «Стоп кадр» арқылы көрсетіледі.

-Суретті нені, кімді көріп тұрсыздар?

-Сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар?

Диалогтық әңгіме, жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар арқылы топтық әңгіме жүреді.

Оқушылар шығармадағы оқиғаны болжап айта 

  Жаңа сабақ:

-Балалар, бүгін біз сабағымызда Мұахметжан Етекбаевтің «Нан қайдан шығады?» ертегісімен танысамыз.

Белсенді тақтада электрондық оқулықтан таныстырылым көрсетіледі.

 Белсенді тақтадан Мұхаметжан Етекбаевтің өмірбаянын таныстыру.

Ертегі – қызық ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып өсіре әңгімелейтін көркем шығарма.т.б.

Ертегінің түрлері:

1).Түрмыс – салт ертегілері.

2).Қиял – ғажайып ертегілері.

3).Хайуанаттар жайлы ертегілер.



Оқулықпен жұмыс: Ертегі үш бөлімге бөлінеді.Әр топ өз бөлімін оқып, жұпта, топта әңгімелейді. «Өкіл әдісі» арқылы әңгімелеу, түсіну,талдау.

Кеңейтілген тапсырма:

А). Ертегінің идеясын анықта, дәлелде. В).Ертегідегі оқиға жылдың қай мезгілінде болғанын түсіндір.С) . Нан туралы 5 жолды өлең.

Әзірге кедергісі бар балаларға: Өз тұжырымын қосып «Иә,жоқ» кестесін толтыру. Топтық жұмыс:

1-топ: Ертегіні рөлге бөліп оқып, сахналайды.

2-топ: Ертегі кейіпкерлерін топтастыру.

 Постер қорғау.

Сұрақтарға жауап береді.

Ресурстарды оқып, танысады.

Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау», «Топты бағалау», өзін-өзі бағалау, «Басбармақ»,

 «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар кезекпен автордың өмірбаянын оқиды.

 

 



 

 

 



 

 

Ертегіні оқып, жұпта, топта әңгімелейді,негізгі ойды талқылайды. Әр топтан екі оқушы келесі топтарға барып, бір-біріне түсіндіреді.



 Бір-бірімен мәлімет алысады, жазады, суреттерді жапсырмалайды.

 

Әзірге кедергісі бар балалар өз тұжырымын қосып «Иә,жоқ» кестесін толтырады.



Рөлге бөліп оқып, сахналайды.

 

Жағымсыз кейіпкердің бейнесін әңгімелейді. Өз ойларын білдіреді,топтастырады.



Үй жұмысы мен жаңа сабақты салыстырып Венн диаграммасын құрады.

Әр топ өзіне берілген тапсырманы топта талдайды, постер дайындап, оны қорғайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет