Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі



бет3/3
Дата16.11.2016
өлшемі0,51 Mb.
#1857
түріСабақ
1   2   3

Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 7

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Жылдық бақылау үзігі

Оқыту мақсаты: Естеліктерді,қосымша материалдарды негізге ала отырып , көркем сөздің пірі,заманымыздың кемеңгер жазушысы, дана ойшыл, ғұлама ғалым, әлем әдебиетінің алыбы, қазақ әдебиетінің «екінші Абайы» Мұхтар Әуезовтің өмірі туралы кеңінен мәлімет беру, шығармашылығына жалпы шолу жасау.

Дамыту: Қосымша материал қолдану арқылы оқушы танымын, қызығушылығын арттыру,үзінділер арқылы өткен материалдарды еске түсіру, ойлау қабілетін , мәнерлеп оқу машықтарын дамыту, талдау жұмыстарын жүргізіп, әдебиет теориясынан өткендерін еске түсіру. Ой толғау жаздыру негізінде шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Естеліктер, жырлар арқылы оқушыларды Әуезов әлеміне жетелеу, жазушы бейнесін оқушы көкірегіне ұялата білу; Ұлттық мақтанышымыз екендігін ұғындыра түсу;

Күтілетін нәтиже:

- Оқушылар Әуезов жайындағы сұхбаттарға қатысады;

- Әуезов еңбектері туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;

- Әуезов әңгіме өнерінің негізін қалаушы екенін түсінеді;

- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.



Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Ресурс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қолданылған модульдер

Ұйымдастыру кезеңі


1-3 мин.




Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.


Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1-топ:

2-топ:

Топтарды құру

Жас ерекшеліктер.

Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.



Уәж туғызу кезеңі


3-10

мин



Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында –

«Көксерек» кинофилімінен үзінді көрсету;



Сұрақ: Бұл үзінділер қай фильмнен алынған, шығарманың авторы кім?

Иә, Мұхтар Әуезов. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың арқауы- М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, эпиграфымен таныстыру, дәптерлеріне жаздыру;



Қазақтар туралы бұрын ештеңе естімеген едім.Енді оларды өте жақсы танимын. Жақында ғана М.Әуезовтің тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Шынында қазақтар неткен ғажап  халық.(Б.Матип мырза)

Сабақтың тақырыбы:Әлем әдебиетінің алыбы.(Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы)


Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.


Жаппай сұрау.



Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.


Негізгі кезең

10-25

мин






  1. Жаңа сабақ түсіндіріледі:(ақырын музыка әуені естіледі)

1.Мұхтар Әуезовтің өмірі жайлы хрон. кесте арқылы түсінік беру

1897 жыл, 28.09. – Шыңғыстаудың баурайында дүниеге келген.Қасқабұлақ, Бөрлі Мұхтардың туып-өскен жерлері.( суретін көрсету)

Болашақ ұлы суреткердің алғашқы мұғалімі атасы Әуездің өзі еді. Әуез немерелеріне Абайдың өлеңдерін оқытады екен. «Абаймен дос болған әрі ақын талантына таңырқап ден қоюмен өткен Әуез оның өлеңдерін кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы қара танытпақ болады. Немерелері ұлы Абайдың өлеңдерін жақсы көріп өссін деп те ойлайды»,-дейді Әуезов өз естелігінде.11 жасында әкесі қайтыс болып, немере ағасы Қасымбектің қолында болады.(суретін көрсету)



1908 жылы Семей қаласындағы медреседе сабақ алады.

1909-1914 жылы Семейде училищеде оқиды. (сурет көрсетіледі)

1914-1919 жылы Мұғалімдер даярлайтын семинарияны бітіреді. (сурет көрсетіледі)

( Слайд )!

1930- түрмеге жабылады.1932 жылы босатылады. 1946 жылы Қаз ССР ғылым академиясының академигіболып сайланады. 1955жылы жоғары кеңес депутаты,1956 жылы еңбек қызыл ту орденімен, 1957жылы ленин орденімен марапатталады.1952 жылы қырғызстанда «Манаста мансұқтау-бір ұлттың тілін кескенмен бірдей»-деп халықтың ұлттық мақтанышын қорғап қалған.

Айтматов естелігі.


Әуезов шығармашылығы- Р.Бердібайдың сөзімен бастау(сурет). Ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің ,батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазақ әдебиетінің реалистік сипатын арттырып, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңрген жазушы М. Әуезовтің шығармашылық сапары 20 жылдардың бас кезіндегі «Қорғансыздың күнінен» «Абай жолы» роман-эпопеясына , «Еңлік-Кебек» трагедиясынан «Қарақыпшақ Қобыланды» драмасына, теориялық зерттеу еңбектері бар ұзақ жемісті жол. 1917 жылыОйқұдықта «Еңлік-Кебек» пьесасын қояды. Жалпы М. Ә. тырнақалды туындысы-1917жылы жазылған «Адамдық негізі-әйел» атты публист.шығармасы. 1918жылы «Бәйбіше-тоқал» драмасын жазады.Алғашқы кездегі шығармаларының көлемдісі де көркемі прозаның әңгіме жанрында жазылды десек, алғашқы жарық көрген әңгімесі-«Қорғансыздың күні» 1921 жылы жазылған. Жазушының 20 жылдарда жазылған әңгімелерінде қоғам өмірінің терең қатпарлары, ішкі қайшылықтар суреттеледі. Ал 30 жылдарда жазылған әңгімелерінде қоғамдағы, адам санасындағы өзгерістерді көрсетеді.

Драмасы туралы.

Аудармалары туралы.

Ғылыми еңбектері.
.

Топтық жұмыс.

Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.



Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.

Оқыту үшін бағалау.


Басқару және көшбасшылық.

Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.

Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.


Сергіту сәті


25-27

мин.






Мұғалім бейнероликті қосады.


Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.




АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.

Қорытынды кезең

27-42 мин

А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

  1. 1.Хронологиялық кестені толтыру

Сандар

Мәлімет

1897ж,28.09

М.Әуезов дүниеге келді

1908 ж




1909-1914 ж




1914-1919 ж




  1. Тірек сөздер арқылы ой толғау жазу.3. Тест жұмысы.

Тест сұрақтары

  1. М.Әуезов қай жылы ,қай жерде дүниеге келген?

А/1895ж,Абай ауданында

В/1896ж, Шыңғыстауда.

С/1897ж, Шыңғыстауда

Д/ 1898ж, Абай ауданында



  1. Семейдегі қалалық училищеде қай жылдары оқыды?

А/1909-1914ж В/1908-1910 С/1909-19018 Д/1909-1912

  1. Алғашқы туындысы қалай аталады?

А/ «Көксерек»

В/ «Қарагөз»

С/ «Адамдық негізі-әйел»

Д/ «Қарақыпшақ Қобыланды»



  1. 20 жасар Мұхтар «Еңлік-Кебек» пьесасын алғаш рет қай жерде қойды?

А/Семей қаласында В/Ойқұдықта С/Бөрліде Д/ Алматыда

  1. М. Әуезов 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болады?

А/ Атасының В/ Әуездің С/ Апасының Д/ Қасымбектің

  1. Әуезов құрамында болған алғашқы футбол командасы қалай аталады?

А/ Ұшқын В/ Жеңіс С/ Жарыс Д/ Жастар

  1. « Абай» романының 1-кітабы қай жылы жарық көрді?

А/1940 ж В/1941ж С/1942ж Д/1943ж

  1. 1916ж оқиғаға құрылған драмасын көрсет.

А/ « Түнгі сарын»

В/ «Қилы заман»

С/ «Қарақыпшақ Қобыланды»

Д/«Қарагөз»



  1. М:Әуезовтің алғашқы әңгімесі қалай аталады?

А/«Көксерек» В/ «Жетім» С/ «Қорғансыздың күні» Д/ «Қараш-қараш оқиғасы»

  1. Мұғалімдер даярлайтын семинарияда қай жылдары оқыды?

А/ 1914-1919ж В/1908-1910 С/1909-19018 Д/1909-191

Оқушылар «Табыс ағашын» толтырады.



Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.


Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады.

Сын тұрғысынан ойлау: кластер құру.

Оқыту үшін бағалау.


Оқуды бағалау.

Үй тапсырмасы

42-45 мин




  1. Хронологиялық кестені жаттау, ұлы адамдардың М.Әуезов туралы айтқан ойларын дәптерге жазу.




Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.





Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.



Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 7

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Жеті» өлеңі

Оқыту мақсаты: Білімділік: Қадыр Мырзалиев , оның  шығармашылығы  туралы  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Өз Отанын сүюге, құрмет тұтуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу  .

Күтілетін нәтиже:

-Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді.

- Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады.

- Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.



Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Ресурс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қолданылған модульдер

Ұйымдастыру кезеңі


1-3 мин.




Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.


Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1-топ:

2-топ:

Топтарды құру

Жас ерекшеліктер.

Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.



Уәж туғызу кезеңі


3-10

мин



 




Жаппай сұрау.



Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.


Негізгі кезең

10-25

мин



А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер


КУБИЗМ

КУБИЗМ әдісі бойынша 6 тапсырмасын екі топқа бөлемін. Кеспе қағазды таңдау арқылы өз тапсырмаларын алады.



СУРЕТТЕ – Көксеректің портретін суреттеңіз
САЛЫСТЫР – Көксерек пен Аққасқаны салыстыр
ЗЕРТТЕ – Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
ҚОЛДАН –Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады? Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
ДӘЛЕЛДЕ –Құрмаштың өліміне кім кінәлі?  
ТАЛДА – Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?


Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес оқушылардың жауабы. Жазған мәліметтерін топта талқылау, топтың атынан ортақ жауап дайындау және постерге дайындық. Жасаған жұмыстары бойынша постер, бағалау.

.


Топтық жұмыс.

Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.



Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.

Оқыту үшін бағалау.


Басқару және көшбасшылық.

Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.

Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.


Сергіту сәті


25-27

мин.






Мұғалім бейнероликті қосады.


Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.




АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.

Қорытынды кезең

27-42 мин

А3, А4 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

«Дөңгелек үстел» стратегиясы

1.Қасқыр туралы не білеміз?

 Қасқырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

-          Әңгіме қалай аяқталды?

-          Қалай ойлайсыздар, Құрмаштың әжесінің қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп болды?

-          Жазушы неге үндейді?



«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі

Берілген сұрақтарға жауап береді. Әр сөйлеуші берілген проблема бойынша өз пікірін, өз ойын бәріне ортақ бір параққа жазады да, келесі сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі тағы да сол қағазға өз пікірін, өз ойын жазып, қасындағы көршісіне береді, сөйтіп, әрқайсысының қатысқаны белгілі болып тұрады; әр қатысушының өз ойын жазатын өзіне ғана тән қаламының түсі болуы керек

-          Құрмаштың әжесінің қарғысымен

-          Бұл әже қарғысы — ...

Оқушылар жауап береді.

Шығармада көтерілген мәселені өлең жолдарымен, нақыл сөздермен, көркем тілмен түйіндейді.

Топ бір-бірін көңіл-күйді білдіретін смайликтермен бағалау

Мұғалім ынталандыру мақсатында түрлі-түсті стикерлермен бағалайды

Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.


Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады.

Сын тұрғысынан ойлау: кластер құру.

Оқыту үшін бағалау.


Оқуды бағалау.

Үй тапсырмасы

42-45 мин




Шығарма «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.





Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.




Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 7

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Қорытындылау сабағы

Оқыту мақсаты: Жыл бойы өткен тақырыптарға шолу жасай отырып,өздеріне ұнаған шығармасы туралы баяндай білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, көз алдына елестету, қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:

-Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді.

- Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады.

- Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.

- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Ресурс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қолданылған модульдер

Ұйымдастыру кезеңі


1-3 мин.




Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.


Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1-топ:

2-топ:

Топтарды құру

Жас ерекшеліктер.

Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.



Уәж туғызу кезеңі


3-10

мин



Сұрақ:
1. Өз тілін, әдебиетін білмеген деп нені айтып тұр деп ойлайсыңдар?
( тілін білу, әдебиетің білу)
Ал енді мен сендерге тереңірек түсіндіріп берейін.
Әр ұлт өз тілін білу керек.
Өз тілін білген адам, өзінің өткенін біледі.
Өткені дегеніміз ол - тарих, тарихтың айнасы - әдебиет.
Біз одан оқып білеміз.
2. Ал енді мына слайд шоуға назар аударыңдар.



Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.


Жаппай сұрау.



Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.


Негізгі кезең

10-25

мин





Халықтың қалың, ортасынан шыққан, қарапайым адамдардың өмірін сипаттайтын әңгімелерді атаңдар.


V Топқа бөлу.
1) Ғылым тобы
2) Тілшілер тобы (жазу)
3) Бейнелеушілер тобы
I. Ғылыми топ
Оқулықпен жұмыс
ІІ. Тілшілер тобы (жазу)
Тілшілер тобы (жазу)
қорқыныш.
6. Қарама қайшы элементтер.

ІІІ. Бейнелеуші топ.


VII. Мақал - мәтелдермен жұмыс








Топтық жұмыс.

Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.



Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.

Оқыту үшін бағалау.


Басқару және көшбасшылық.

Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.

Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.


Сергіту сәті


25-27

мин.






Мұғалім бейнероликті қосады.


Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.




АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.

Қорытынды кезең

27-42 мин




2. Мақал - мәтелдерді сәйкестендіру:
1. Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас

2. Қара көзден нұр тайса,


Айналаң қара түн болар.

3. Жақсы - жаңына жолдас.


Жаман малыңа жолдас

4. Жаман сөз жүрекке тастай тиеді.


Тәрбие отбасынан басталады.
Салыстыру
Балалар, бүгінгі сабақ барысында қайталаған шығармамызға сүйенсек негізгі ойы не деп ойлайсыңдар?
Нені білдік?
Нені білгіміз келеді?






Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.


Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады.

Сын тұрғысынан ойлау: кластер құру.

Оқыту үшін бағалау.


Оқуды бағалау.

Үй тапсырмасы

42-45 мин




Таратпалы қағазда берілген шығармалар жүйесін жазғы демалыста оқу

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.





Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет