Сабақтың тақырыбы: Қожа мектепте Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



Дата19.10.2022
өлшемі146,27 Kb.
#153793
түріСабақ
Байланысты:
25сабак


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 2. Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала

Күні :

Педагогтің аты-жөні:Баймуханова И.А.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Қожа мектепте

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

5.4.1.1 - ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама жазу;
5.5.1.1 - мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу.

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: Мәтіндерден жалпы және жалқы емсімдерді ажырата алады,хабарлама жаза алады

Тілдік мақсаттар

Мектеп, фильм,кейіпкер,сынып, сабақ,гальстук,лагерь

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сұрақ-жауап

«Шаттық шеңбері» әдісі


Сабақ мақсатымен таныстыру

«Шаттық шеңбері» әдісі бойынша оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді.Бауырмалдығын оятады.
Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, бір – біріне жақсы тілектер айтады.




слайд

Суреттер


Сабақтың ортасы
(6-37 минут)



Жазылым
5-тапсырма
Сұрақтарға жауап жаз.
Оқулықта берілген.
Айтылым
6-тапсырма
Суреттің мазмұны бойынша диалог құрыңдар
Жазылым
7-тапсырма
Мәтінді пайдаланып, сөздерден сөйлем құрап жаз
«Ыстық орындық -1, 2» әдісі
Оқытуда оқушы белсенділігін арттыру, әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау.



Оқушылар сұрақтарға жауап жазады;

Оқушылар суреттің мазмұны бойынша диалог құрастырады.


7-тапсырманы орындайды.
Оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі.


«Бас бармақ»



Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. «Ыстық орындыққа» отырған оқушы сұрақтар қоя алады
Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Оқулық
46 бет,

Оқулық
46 бет, сурет

Оқулық
47 бет



Сабақтың соңы
3 минут

Үй тапсырмасын беру : 8тапсырма,47-бет




Кері байланыс
«Бес саусақ» әдісі
Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.


Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?



Бағалау

Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет