Сабақтың тақырыбы: Ойын сабағы



Дата15.09.2017
өлшемі34,04 Kb.
#32243
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ойын сабағы «Өз ойыным» 6 - сынып

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік тілде сөйлету.


Білімділік: Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ойын сабағын өткізу арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайтып, өз ойларын еркін жеткізе алуларына баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ізденіс қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды топта бірігіп жұмыс жасауға, бір – бірінің ойларын тыңдауға, сыйластыққа, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топпен, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу рәсімі.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Сабаққа дайындау.
Сабақ жарыс түрінде өтеді сондықтан оқушыларды екі топқа бөлемін. Оқушыларды алдын - ала екі топқа бөліп отырғызу. Оқушылардың жауаптарын бағалап отыратын әділ қазы мүшесімен таныстырып өту. Әділ қазы мүшесіне екі оқушыны тағайындау.
I – топ «Білгірлер»
II – топ «Алғырлар»
№ Білгірлер № Алғырлар
1 Грабарчук Ангелина 1 Гофман Константин
2 Николаева Полина 2 Ермошкин Илья
3 Шаталин Илья 3 Хамзина Альбина
4 Рогальская Линда 4 Лозицкая Вероника
5 Ушакова Екатарина 5 Константинова Кристина
6 Боронкина Анна 6 Семенов Денис
7 Гордеев Дмитрий

Ойынның тәртібі бойынша екі топ әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, орындаған тапсырмаларының күрделілігіне қарай ұпай сандарын жинау керек. Қай топ ұпай сандарын көп жинаса, сол топ жеңімпаз болады.


Мақал - Мәтел

10 20 30 40 50


Әдебиет

10 20 30 40 50

Қазақстан

10
20

30
40
50

Мақал – мәтел


10 ұпай: Отан туралы 7 мақал айт. Айтылған әрбір мақалдың мағынасын ашып түсіндіру
20 ұпай: Әр түрлі тақырыпқа арналған мақалдар айт. 2-3 мақалдың мағынасын ашу.
30 ұпай: Орысша және қазақша аудармасымен мақал айт. (6 мақал)
40 ұпай: Сурет бойынша мақал айт.
50 ұпай: Мына мақалдарды аяқта. Қазақша, орысша, ағылшынша аудармасын айт. Оқушыларға ауызша орындату.
1. У мастера руки золотые, а у поэта ... золотое (сөз, слово, врод)
2. Делу - время, потехе ... (сағат, час, хауер)
3. Готовь сани ..., а зимой телегу (жазда, летом, ин саме)
4. Волка ... кормят (аяқ, ноги, лэгэ)
5. Один в поле ... (воин, жауынгер, уорпо)
6. Без труда не вынешь и ... из пруда. (Балық, рыбку, фиш)
7. Сколько волка не корми все в ... смотрит. (орман, лес, форест)
8. Старый ... лучше новых двух. (дос, друг, френд)
9. Слово не ... вылетит – не поймаешь. (торғай, воробей, спэрэу)
10. Сила есть, ... не надо (ақыл, ума, майнд)

Әдебиет
10 ұпай: Халық ауыз әдебиетінің түрлері қандай? Мысал келтір ( 2-3 Жұмбақ)


20 ұпай: Аңыз әңгімелердің басты кейіпкерлері кімдер? Қандай аңыз әңгіме білесің? бұл аңызда не жайлы айтылған?
30 ұпай: Мынау үзінді қандай шығармадан? Шығармада кездесетін тағы қандай кейіпкерлерді білесің.
40 ұпай: Мынау қай ақынның портреті? Қысқаша өмір баянын айтып бер.
50 ұпай: «Алтын қасық» ертегісін көрініс арқылы көрсету. Осы ертегіден не түсіндіңдер? Ертегі не туралы?

Қазақстан


Оқушыларға суреттер беріледі сол суреттер арқылы сөйлем құрап жазып, оларға жалғаулар жалғап жазу керек .
10 ұпай: көптік жалғау жалғап жаз. (Қазақстанның табиғаты туралы сурет)
20 ұпай: септік жалғау жалғап жаз.( Қазақстанның қалалары туралы сурет)
30 ұпай: Қазқстан Республикасының Рәміздерін айт. Олардың авторлары кімдер? Қазақстан Республикасының Рәміздері қай жылы бекітілді? туда не бейнеленген?
40 ұпай: Оқушыларға 1 минут уақыт беріледі, қанша сұраққа дұрыс жауап береді сонша ұпай есептеледі
50 ұпай: Жатқа тақпақ айт.

Сабақ соңында ұпай сандарды әділ қазыларға есептету. Әділ қазы мүшесі ұпай сандарын есептеп болғанша оқушылар «Туған жерім» әнін орындайды

Үй тапсырмасын беру.
Оқушыларды бағалау

Рефлексия:


- Қане балалар кім айтады, бүгін біз сабақта не істедік?
- Ал кімге сабақ ұнады?
- Бүгін саған сабақ ұнады ма?
- Егерде ұнаса несімен ұнады?
Сабақ аяқталды. Сіздерге көп рақмет!

Мақал
1. Отан оттанда ыстық


2. Әркімнің өз жері – жұмақ.
3. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
4. Отан отбасынан басталады
5. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
6. Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
7. Отансыз адам, ормансыз бұл - бұл
10 ұпай
1. Бұл жерде отан туралы айтылған. Әр адамның өз отаны болады. Әркімге өз Отаны қымбат. Маған менің өз Отаным ыстық. Мен өз Отанымды әрқашанда қорғаймын, жақсы көремін, себебі Отан маған ыстық.
2. Мен өз Отанымды жақсы көремін. Мен Теміртау қаласында тұрамын. Маған Теміртау ұнайды. Теміртауда мұражай, кинотеатр, саябақтар, мәдениет үйі, жастар сарайы бар. Маған Теміртаудың ауасы да жұмақтай.
3. Әр кімнің өз туған жері болады. Менің туған жерім Теміртау қаласы. Менің туған жерім өте әдемі. Теміртауда таулар, Нұра өзені бар. Мен үшін Теміртаудың әр бір жері қымбат. Сондықтан мен туған жерімнің табиғатын көркейтуге,қорғауға көмектесемін.
4. Отанда сүю отбасынан басталады. Себебі үйде менің ата – анам маған Отанды құрметте, қадірле деп айтып отырады. Мен өзімнің достарыма да осылай айтып отырамын. Біз отбысымызбен Отанымызды жақсы көреміз.
5. Менің туған жерім, Отаным – Қазақстан. Қазақстан көп ұлтты республика. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Қазақстанның президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мен өз елімді, туған жерімді жақсы көремін.
6. Әр адамның өз туған жері, Отаны болады. Бұл-бұлдың өз мекен ететін жері, орманы болады. Сол сияқты әрбір адамның өз Отаны болады.

20 ұпай: Аңыз әңгімелердің басты кейіпкерлері кімдер? Қандай аңыз әңгіме білесің? бұл аңызда не жайлы айтылған?


30 ұпай: Мынау үзінді қандай шығармадан? Шығармада кездесетін тағы қандай кейіпкерлерді білесің.
40 ұпай: Мынау қай ақынның портреті? Қысқаша өмір баянын айтып бер.
50 ұпай: «Алтын қасық» ертегісін көрініс арқылы көрсету. Осы ертегіден не түсіндіңдер? Ертегі не туралы?

Халық ауыз әдебиетінің түрлері: Мақал- мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, аңыз- әңгімелер.


Жұмбақ жаттау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет