САБАҚ
|
Мектеп: Әулекөл ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп.
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова К.Қ.
|
Сынып: 8 «А»
|
Қатысқан оқушылар саны - 18
|
Қатыспағандар - 0
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ойлау және сөйлеу
|
Сабақтың мақсаты
|
Сөйлеу және ойлау қалай дамиды және ерекшеліктері неде түсіндіріп, сөйлеудің қалыптасуындағы көңіл аудару және қорытындылау процестерінің маңызын анықтау
|
Міңдеті
|
1.Сөйлеу, ойлау дегенді түсінеді. 2.Сөйлеу мен ойлаудың арасындағы байланысты салыстырады 3.Сөздің мағынасы мен дыбыстық сигналды талдап,бұдан бұрынғы ұрпақ тәжірибелерін адам қалай меңгерен анықтайды
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
|
Тақырып бойынша терең білім алуы
Топпен жұмыс істегендегі белсенділігі
Сын тұрғысынан ойлауы
Постерлер жасай білу
|
Қолданылған модульдер
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Талантты және дарынды балаларды оқыту
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интербелсенді тақта
Үлестірме материалдар
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, қоғам.
|
Оқыту әдістері:
|
СТО
Болжау әдісі,кері байланыс,ашық сұрақтар,рефлексия.
|
1.Жұптық жұмыс
2. Топтық жұмыс
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
(төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)
|
Сабақтың басы:
2 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру, сыныптың назарын сабаққа аудару.
Қызығушылықты ояту:
Оқушылар назарына слайд арқылы төмендегі суреттер ұсынылады.
Суреттер арқылы сабақ тақырыбын болжайды.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты, міңдетін хабарлау.
Топқа бөлу.
|
Сабақтың ортасы:
4 минут
3 минут
| Мағынаны тану кезеңі:
Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады.
Адам баласының сана-ссзімінің дамуьшда дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Тапсырма. Топтық жұмыс.
Топтық бағалау.
Кері байланыс.
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Рефлексия.
|