Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі қауіпсіздік шаралары. үйренуші болат дулыға киюі қажет;
гранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тесеру керек; ақаулар табылған жағдайда – командирге баяндау қажет;
қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтпейтіндей тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі;
бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде әр кезекті гранатты алдыңғы гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек;
егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған), онда оны командирдің тікелей бақылауымен және пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады.
жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаумен белгілеу керек; лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде көрсетілген ережелерге сәйкес түскен жерлерінде жару қажет; гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;
қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300м жерді қоршау керек;
гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге апару керек:
гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды – ақ жалаулармен, атыс шебін қызыл жалаулармен белгілеу керек;
гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан 25 м қашықтықта жабдықтау керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Жарықшақты қол гранаттары неге арналған?
ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?
Ргд-5 жарықшақты қол гранатының ұрыстық қасиеттерін атап беріңіздер.
Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі қауіпсіздік шараларын айтып өтіңіздер