Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дөуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.
Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, кола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артыкшылығы пен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын аныктай білу кабілеттерін дамыту.
Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дөуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы біліп,.қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде біледі, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын аныктай білу кабілеттері дамиды.
Акт –ны пайдалану,оқытуды басқару және көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлану,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, талантты және дарынды балаларды оқыту,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ жоспары:
Үйге тапсырма:
І. Ұйымдастыру кезеңі: мақсат қою,топқа бөлу.
ІІ.Сабақ барысы. 1. Қызығушылығын ояту
2.Үй тапсырмасы
3. Жаңа сабақ
4.Мағынаны тану
5. Ой толғаныс.
III.Үйге тапсырма беру. Қола дәуірінің еңбек кұралдарының суретін өздерінің ойынша салып келіп, әңгімелеп айтып беру.
Кластер құру
Алғашқы қауымдық тарихынан
не білдік?
жүзімшелерді толтырады
Карта,суреттер
оқулық, діптер
компьютер
5 мин
Жаңа сабақ Карта мен суреттерді пайдаланаотырып түсіндіреді
Керекті мағлұматты дәптерге түсіреді
5-мин
Мағынаны тану:
Әpi қарайоқушылардьң тарихи танымдьқ, ойлау, талдау, iздену қабiлеттерiн дамыту мақсатында өзiндiк жұмыстар тапсырылады
Әр оқушыға (жұпқа ,
топқа )практикалық тапсырмалар береді
Тапсырмалар :
«Ойыңды аяқта» ( жұптарға карточка беріледі , ізденіп толтырады ) Кезең шарты: берілген карточкаларға 5 минут ішінде жауап беруі тиіс. Карточканың жауабын жұп мүшесі оқиды. Қола дәуіріне жататын.................... (Солтүстік) Қазақстандағы............... (Петровка) мен................... (Боголюбов) қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай – ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән...... (30) қонысты,...... ( 150) обаны зерттеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы........... (Таңбалы – тас) пен............... (Қаратау) жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын.................. (Түгіскен) кесенесі. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар............... (еуропеоидтерге) ұқсаған. «Сөздер сөйлейді».( шарты: терминдер жазылған карточкаға қарап , қол көтеріп айтады.) - Қола дәуірі - (қола құралдардың өндіріске енген кезеңі) - Соқа (егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы) - Оба (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік) - Жеке меншік (жекелеген отбасылардың байлығы) - Абыздар (рудың ежелгі салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады) - Тотемизм (шығу тегін жануарлармен байланыстыру) - Фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қаси
«Салыстыру кестесі». Кезең шарты: «Тас дәуірі», «Мыс – тас ғасыры», «Қола дәуірі» кезеңдерін салыстыру. Венн диаграммасын сызу.
« Кім білгір, кім жылдам?». Шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді. 1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? (б. з. б. 2 мыңж.) 2) Андрондықтардың сырт бет – бейнесін сипаттаған академик? (В. Алексеев) 3) Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? (Орталық Қазақстан) 4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы) 5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы (Ә. Марғұлан) 6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? (3) 7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан) 8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында) 9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай – қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер) 10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? (Шығыс Қазақстан Мало – Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу) 11) Қола шалғы табылған жер? (Көкшетау жеріндегі Шағалалы) 12) Өлген адамдарды қалай жерледі? (мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген).