Назарларыңызға рахмет Сабақтың тақырыбы Практикалық тапсырмалар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);
3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру;
3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;
Сызықтық, тармақталу мен циклдік алгоритмдерді пайдаланып кейіпкерлерді қозғалтуға тапсырмалар орындайды.
Барлық оқушылар үшін Миға шабуыл ✔Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдердің блок-сызбаларында қандай айырмашылықтарын атай аласың?
✔Сахнаға кейіпкерлерді координаталар арқылы орналастыру не үшін тиімді саналады?
Дескриптор
✔1-суреттегі өсімдіктің өсу кезеңінің дұрыс ретін табады.
✔Өсімдіктің өсу кезеңдерінің сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм ретінде блок-сызбасын ұсынады.
✔Асқар үйіне жету үшін оның қозғалыс скриптіне қажетті деректерді жазады.
✔Әлияның үйіне жетуі үшін, оның қозғалыс скриптіне қажетті деректерді жазады.
✔Асқар мен Әлияның скриптерінің блок-сызбасын құрады.
✔Жоғарыда берілген жоба скриптерін талдайды.
✔Скриптілердің алгоритмнің қай түріне жататынын анықтайды.
✔Скриптер орындалуын компьютерде тексермей, кейіпкердің іс-әрекеттерін, есептеу жолымен анықтайды.
Тапсырмалар
1 тапсырма
1-суретте өсімдіктің өсу кезеңінің дұрыс ретін тап. Өсімдіктің өсу кезеңдерінің сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм ретінде блок-сызбасын ұсын.
2-тапсырма:
1) Scratch программасының сахнасы координата жазықтығы арқылы берілген. Асқар мен әпкесі Әлия мектептен үйге қайтып барады.
а) 2-суретті пайдаланып, Асқар үйіне жету үшін оның қозғалыс скриптіне қандай деректер қажет? Жазыңдар.
ә) 2-суретті пайдаланып, Әлияның үйіне жету үшін оның қозғалыс скриптіне қажетті деректерді жазыңдар.
2). Асқар мен Әлияның 3 және 4-суреттегі скриптерінің блок-сызбасын құрыңдар.
3 тапсырма
Төменде берілген жоба скриптерін талда. Скриптілердің алгоритмнің қай түріне жататынын анықта. Скриптілердің орындалуын компьютерде тексермей, кейіпкердің іс-әрекеттерін есептеу тәсілімен анықта.
4 тапсырма
Төмендегі суреттерге назар аударыңдар. Балалардың іс-әрекетін қалай бағалайсыңдар? Олардың іс-әрекетінің алгоритмін сөзбен сипаттаңдар. Scratch ортасында осы суреттердің негізінде жоба құру идеясын ұсыныңдар.