Сабақтың тақырыбы: «Қонаев ғасыр адамы»



Дата17.02.2022
өлшемі19,51 Kb.
#132257
түріСабақ
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Қонаев - ғасыр адамы



  • ramuk_b


  • 19 сәуір 2014


  • 14590


  • 0

  • 100

Сабақтың тақырыбы: «Қонаев - ғасыр адамы»
Сабақтың білімділігі: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Сабақтың дамытушылығы: Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелігі: Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Д. А. Қонаевтың суреттері, ғылыми еңбектері, баспасөз материалдарында жарияланған мақалалар.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың жүрісі:
«Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам» (Н. Ә. Назарбаев)

Мұғалім сөзі: Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама - қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Д. А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Алматыдағы №14 мектепті үздік аяқтаған соң, Мәскеудегі түсті металдар институтын 1936 жылы тау - кен инженері мамандығы бойынша аяқтап, Балқаш, Риддер «Алтай полиметал» кәсіпорындарында қарапайым инженерден бастап барлық еңбек баспалдақтарынан өте отырып, кәсіпорын басшылығы қызметтерін атқарған. 

1960 - 1962, 1964 - 1986 жылдар аралығында Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің І хатшысы қызметін атқарды. Ол басшылық жасаған жылдары Қазақстанда Ақтау, Текелі, Шардара, Арқалық т. б. жетпістен астам үлкенді - кішілі қала салынып, Балқаш пен Жезқазған тау - кен комбинаты, Ақтөбе химия комбинаты, Қаратау фосфор зауыты, Соколов - Сарыбай тау - кен комбинаты т. б. көптеген алып индустриялық құрылыстар жүзеге асырылды. Д. А. Қонаев 20 жыл бойы Орталық Комитеттің саяси бюросының толық мүшесі болды. Ел алдындағы оның еңбегі ерекше бағаланып, Еңбек Ері атағымен, көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған. Сонымен қатар, Д. А. Қонаев ғылымға да үлкен еңбек етіп, жүзден аса ғылыми еңбектері жарық көрген.

1 - оқушы: Ұлы Димашты бола ма, ұмытуға,


Ол - кемеңгер, ғажайып ұлы тұлға!
Жалғыз өзі жарады қапас күнде,
Ұлан байтақ даланы көркейтуге.

2 - оқушы: Димаш ата туралы жазушы журналист Серік Әбдіраймов: «Ар ойлап, дүниеге бой алдырмаған екі адам болса, соның бірі елі еркелетіп Димаш атаған - Д. А. Қонаев. Шүкір, шыққан тауы биік болды. Бір кісідей биліктің шыңына көтерілді. Кісілігін ұлықтыққа жеңдірмеген кім десеңіз, онда да осынау абзал жанның есімі еріксіз еске түседі. Димекең қанағатшыл жан еді. Газет - журналда жарияланған мақалаларын есептемегенде, қай баспадан қанша кітап шығармасын соның барлық қаламақысын жетім балалар үйіне аударып отырған», - деген болатын.

3 - оқушы: Димаш аға! Дидарыңыз жарық күн,
Ұранысыз қазақ деген халықтың.
Саясаттың дауылына сынбаған,
Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың.

4 - оқушы: Димаш аға өмірінде өте ұстамды, салмақты, ақылы мен парасаты ерекше, көпшілікті іске жұмылдыра білетін, қабілеті мол кемеңгер басшы болды. Оны халқы ерекше құрметтеп, қошеметтеп, «Біздің Димаш» дейтін.

5 - оқушы: Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Ел үшін атырам деп жарық таңды,
Сіңірдің жан аямай көп еңбек.

6 - оқушы: Димаш ағаның ерекше бір қасиеті адамгершілігі еді. Талай көкірегі ояу, білімді азаматтар Димаш ағаның қолдауы мен шапағаты арқасында келе – келе қарымды ұйымдастырушыға айналып, абыроймен ел - жұртын басқарды. Көрегені мол мемлекет және қоғам қайраткері болды.

7 - оқушы: Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін,
Қорғадыңыз ел мен жердің намысын.
Тарих өзі таразылар, танытар,
Ұлық қазақ Қонаевтың сан ісін.

8 - оқушы: Үзілмеген достығы, сәлемдері,


Басшылар бар әр қилы, әр елдегі.
Димашқа арнап жыр жаздым жеті шумақ,

Жетіұлы атанған әлемдегі,- ақын Өтеш Қырғызбай жырлағандай, дүние жүзі ғалымдары жер шарының халқына адал қызмет еткен бүкіл ел басшыларын компьютерге салып таразылағанда Д. А. Қонаевтың әлемдік халқына адал қызмет еткен жеті басшының бірі болуы көпті аңғартады.


«Ел ағасы» әні орындалады.
9 - оқушы: Д. А. Қонаев - шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан. Иә, баршамыздың, Отанымыздың, туған еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуымен Ел ағасы, мемлекет қайраткері, өнегелі әрі ұлы тұлға Д. А. Қонаевтың 100 жылдық мерейтойының тұспа - тұс келуінің өзі керемет оқиға, ұмытылмас сәт емес пе?!
10 - оқушы: Таулар бар ма, Димаш боп түргелмеген,
Димаш десем жанарым нұрға толған.
Сауыт кеудем, патша өлең жырға толған.
Димаш десем, самғаған көкті айналып,
Қыран құсым саңқылдап қырға қонған.

11 - оқушы: Д. А. Қонаевтың көзі тірісінде жеке адамдарға жасаған жақсылық, рахым, шапағатында шек жоқ. Абзал азаматтың өмірінің соңына дейін жеке үйі, саяжайы, тіпті кейде желпініп мінерге жекеменшік автомашинасы да болмапты. Неткен қарапайымдылық! Неткен адамгершілік!


12 - оқушы: Мен елімнің перзентімін, гүлімін,
Арқа сүйер азаматы ұлымын!
Елімнен мен аямаймын, жұмсаймын,
Ғұмырымның мағыналы, шырынын.
13 - оқушы: Әттең, өмір шолақ, дүние керуен. Елдің сый құрметіне бөленген көзінің тірісінде қазақ халқының ұлы тұлғасына айналған Д. А. Қонаев 1993 жылдың 22 маусымында Алакөл жағасындағы демалыс үйінде жүрек талмасынан кенеттен дүние салды.
14 - оқушы: Атақ - даңқы аңыз болған талайға,
Димекеңе баға беру оңай ма?
Ешкімге көмегін аямаған,
Халқы сол үшін оны бағалаған,- деп, Ораз Қауғабай ағамыз жазғандай, Д. А. Қонаев атамыз халқы сыйлаған, ардақтаған ғасыр азаматы еді.
Мұғалім сөзі: Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та желкілдеп өсіп келеді. Олар, сірә, Димаш атасын, оның ғибратты өмірін ұмыта алар ма екен? Иә, қазақ халқы бар жерде Димекеңнің есімі ұмытыла қоймас. Елдің мәңгі есіндесіз, қазақтың асыл перзенті, Димаш ата!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет