Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу



Дата25.08.2017
өлшемі58,75 Kb.
#26332
түріСабақ
Тілекина Құралай Кенжалықызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Ондық бөлшектерді қосу.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың ондық бөлшектердің тұжырымдамасын білу және оны ондық бөлшектерді қосуда пайдалана білу.

Дамытушылық: Логикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзіндік ізденістерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды берілген тапсырмаларды орындай білуге, шапшандылыққа, тез ойлап, тез есептей білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеу әдістері.Деңгейлеп-саралап оқыту, ой қозғау,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, слайдтар, сызьалар, кестелер, суреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа сабақ.

4.Жаңа сабақты бекіту.

5.Деңгейлік тапсырмалар.

6.Бағалау.

7.Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру

1.Ұйымдастыру кезеңінде сынып бөлмесінің сабақ өткізуге дайындығын тексеріп, оқушыларды түгендеймін.

Бүгінгі сабағымда қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиеттерін негізге ала отырып өткіземін.

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым-ойлап қой

Бес асыл іс, көнсеңіз

Осы әрбір асыл қасиеттерге мақал құрастырып, осы мақалдарға сәйкес сабақ өту барысын жүргіземін.

1.«Талаптығы нұр жауар» мақалына сәйкес сұрақтар беріледі.

«Сұрақтар»(ережелерді жалғастыру)

а)Бірліктерінде кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан......

ә)Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары.....

б)Санның ондық бөлшекпен жазылуында бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігінің арасына .......

в)Жай бөлшекпен ондық бөлшектің айырмашылығы ........

г)Ондық бөлшектерді ондық таңбаларының сандарын теңестіріп, сонан соң үтірді алып тастап салыстыру....

д)Бөлігі бойынша санды табу үшін сәйкес санды осы........

е)Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды.....

2. «Еңбек түбі берке» мақал.

Үй тапсырмасы тексеріледі.Үйге берілген А.А.Д.Т. тапсырмасы бойынша оқушылардың жұмысы тексеріледі:

1)2,3+5,1=7,6; 2)13,15+8,6=21,75 3)24,783+15,06=39,843

Осы А.А.Д.Т. тапсырмасын орындай отырып, оқушылар ондық бөлшектерді ең кіші разрядтан бастап, сәйкес разрядтар бойынша қосуды үйренеді.Осыдан жаңа сабақтығ тақырыбын ашамыз.

3. «Жол жетпегенге ой жетеді» мақал.Жаңа сабақты бастаймыз.

Ондық бөлшектерді қосу.

Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылған сан болғандықтан,оларды қосу натурал сандарды қосу сияқты орындалады.

Сұрақ-жауап негізінде ондық бөлшектерді қосудың ережесі айтылып, мысалдар қарастырылады.Ондық бөлшектерді қосқанда қосылғаштардың үтірлерін бір-біріне тура келтіріп, жазылу шарты ондық бөлшектерді қосудың басты қажетті шарты екенін атап айту қажет.Сол кезде аттас разрядтар, аттас үлестер бірінің астына бірі дәл келіп оларды баған түрінде қосуға мүмкіндік болады.Қосынды да үтірді берілген бөлшектердің астына келтіріп қою керек.

1-мысал: 5,25+16,3=21,55

2-мысал: 89,6+27,857=117,457

3-мысал: 16+8,125=24,125

4-мысал: 12,74+5,26=18

Ондық бөлшектерді қосуда қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері орындалады.

1)5,2+7,4=7,4+5,2

2) (6,3+4,9)+5,1=6,3+ (4,9+5,1)=6,3+10=16,3

4. «Білімдіден шыққан сөз

Талаптығы болсын кез» мақалы.Жаңа сабақты бекіту.



«Ойлан тап» логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған. Жауабын бағыттап көрсету керек.

«Ойлан тап»


3,5+2,2

1,6+8,2

2,8+5,18

24,5+10

8,71+1,9

0,9+3,75

5,7



9,8


7,98

34,5

10,61

4,65


Сергіту сәті: Балалар жаңа сабақты меңгергенімізге қуанышымыыз, енді қолымызды ұстап алақан жылуы арқылы бір-біріне жылы лебіздер айтып, сабағымызды жалғыстырайық.

Қуанамын мен де (өзімді көрсетемін)

Қуанасын сен де (жанындығы досымды көрсетемін)

Қуанайық, достарым, (бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз)

Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

5. «Еңбек ерлікке жеткізер» мақал.

Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы №952,956,968 есептерді оқушылар тақтада орындайды.

6. «Қанағат қарын тойғызар» мақалы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындалады.

Деңгейлік тапсырмалар

А-деңгей

1.Аттас разрядтары бойынша қосуды орындаңдар.

а) 9,4+7,3= б) 3,54+1,44= в) 4,2+0,32= г)24,541+1,9=

2.Шие тосабы сыйымдылығы 1,5л және 1,75л екі банкаға құйылды.Екі банкадағы шие неше литр?

Шешуі:

В-деңгей.

1.Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есепте.




  1. 28+7,08= 2)9,65+5

2.Екі учаскеден картоп жиналды.Бірінші кчсакеден 289,65т картоп жиналса, екінші учаскеден одан 127,8т картоп артық жиналды.Екі учаскеден барлығы неше тонна картоп жиналды?

Шешуі:1)Екінші учаскеден неше тонна картоп жиналды?

2





?





С- деңгей

Тиімді тәсілді пайдаланып есепте

а)6,19+14,4+0,6+20,81=

ә)Сандар қатарының келесі үш мүшесін жазыңдар.

2,3; 2,5; 2,7; . . . . .

Үй тапсырмасы. п6.4 №954,958.969

Бағалау.

Қорытындылау.

Қосу үшін ондық бөлшекті

Қосылғыштың үтірін,

Теңестіріп аламыз

Үтірдің астына үтірді

Сәйкес етіп жазамыз

Баған түрінде жазып ап,

Қосындыны табамыз.

Разрядтары бойынша да

Осылай етіп орындап

Тез шығарып аламыз

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді қосу



5 сынып

(мектепшілік әдістемелік отырыс)



Өткізген: Тілекина Қ

2013ж
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет