Сабақтың тақырыбы: Өндірістегі шығындарының және өндірістің жіктелуі Дәріс : Өндірістегі шығындарының және өндірістің жіктелуі



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі34,52 Kb.
#96234
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020

Өндірістік шығындардың жіктелуі.
Шығындар жіктемесі басқару мәселелерін шешуші құрал ретінде шешімді қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын процеске қатысады. Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар мен олжаға жетелейтінін білу қажет. 
Шығындарды жіктеудің мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету (оның өзгеруіне ықпал етуге болатын бөлігіне қатысты), ал релевантты шығындар деп – тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін болашақ шығындарды есептеуді айтады. Сондықтан, жіктеу әдістері немесе бағыттары басшының алдында тұрған нақты мәселелерге тәуелді болып келеді.
Бірінші бағыт – жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік мәліметтерді алу;
Екінші бағыт - өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды жүйелеп, өндірістік шығындар деңгейімен айналысатын (цехтардың, өндірістердің, шектеулі серіктестіктердің) басшыларды керекті ақпараттармен қамтамасыз ету;
Үшінші бағыт – шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар және жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру.
2. кесте.
Мақсаттарға сай жасалынған шығындардың жіктемесі (мүмкін болатын варианттар). 

Міндеттері

Шығындардың жіктелуі

өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлардың құнын және алынған табыстарды бағалау

Кіретін және шығатын; тікелей және жанама; өзіндік құнға кіретін (өндірістік) және есептік кезең шығындары; бір элементтік және кешенді; ағымдағы және бір жолғы.

Шешім қабылдау және жоспарлау

Тұрақты (шартты тұрақты) және айнымалы; бағалау кезінде есепке алынатын және алынбайтын; қайтарымы жоқ шығындар; ескерілмеген ситуациялық шығындар; шекті және өсімді; жоспарлы және жоспарланбаған

Бақылау және реттеу

Реттелетін және реттелмейтін

Баптар бойынша шығындарды топтау «Негізгі өндіріс» шотында аяқталған көрініс бойынша бейнеленеді, бірақ осы мәліметтер бойынша шаруашылық серіктестіктердегі әрбір өнім (қызмет пен жұмыс) түрлерінің өтеуі жөнінде, оларда қабылданған шешімнің тиімділігі және қабылданатын шешімнің табыс пен шығыс деңгейіне әсері туралы қорытынды жасауға болмайды. Көп жағдайда осы мәселелерді шешу –қолданылған шығындарды топтастырумен анықталады. Басқару мақсаттарын қанағаттандыратын шығындардың жіктемесі, өндірістік шығындар туралы ақпараттарды талдау және өңдеу әдістері – өндірістік қызметте есепті ұйымдастырудың басты қағидасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет