Куддус Ходжамьярұлы Кужамьяров -
консерваторияны 1957 -1967 жылдары басқарған.
Еркегали Рахмадиұлы Рахмадиев - 1967-1975 жылдары аралығында басшылық еткен. Композитор. Өнер қайраткері.
Ғазиза Ахметқызы Жубанова- 1975 -1987 жылдары ректор қызметін атқарған.
Композитор. Симфония жанрының шебері.
Дюйсен Курабайұлы Касеинов - Ректор қызметін 1987 жылдан 1997 жылға дейін атқарған.
Ж.Әубәкірова – пианист, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Талантты өнер қайраткері.қазақстанның халық әртісі. 2014жылы қараша айында консерваторияның 70жылдық мерейтойы атап өтілді. Осы оқу орнының басшысын Елбасымыз өзінің кезекті кездесуіне шақырып, ыстық лебіздерін білдіріп, ұстаздық қызметте жүрген көптеген мамандарға құрмет ордендерін табыстады.
Музыка тыңдау:
Музыкалық викторина; «Сағындым Алматымды» әнді аспаппен орындау.
Әнді айтып беру.
Авторы мен сазгеріне тоқталсақ, сөзін жазған С. Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді.
Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі»атты кітаптарының авторы.Сейітқұл Оспановтың «Құлдар көтерілісі» повесі Желтоқсан қозғалысы туралы алғашқылардың қатарында жазылған шығарма.
жылы «Сопының ғұмыры» жинағы жарық көрді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай әдеби шығармаларға арнап өткізілген республикалық конкурста «Екі дүниенің ғұмыры» повесі жүлделі екінші орын алды.
Сейітқұлдың шығармаларын оқып отырғанда, оның жалпы тіршіліктің түйткілдерін, адамдардың психологиясын жазушы ретінде жақсы түсініп, игергенін аңғаруға болады. Әсіресе, әңгімелеріндегі ситуация табу шеберлігі, өмірдің өзінен ойып алынған бір үзік суреттер арқылы санаға салмақ түсіретін авторлық идеясы кім-кімді де бейтарап қалдырмайды. Жекелеген әңгімелері неміс, болгар, молдаван, ұйғыр тілдеріне аударылды.
Достарыңызбен бөлісу: