Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соң
|
Сәлемдесу.
Тапсырма. Тыңдау және талдау
«Музыкалық аспаптарды тап» викторинасына жауап беру. Әр дыбыстаған аспаптың қай топқа жататын сұрап отыру жөн.
Қандай оркестрдің құрамындағы аспаптар аталды?
Неше топ бар? Атап шығыңыздар.
Осы аспаптардың дыбысталуын тыңдап көрдіңіздер ме?
Симфониялық оркестрдің құрамын қысқаша оқушылармен талдау: ішекті, үрмелі ағаш, үрмелі темір, ұрмалы топтарға тоқталу.
Дәстүрлі күйшілік өнер
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен - саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.
Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан - жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз - ертегілер («Мұңлық - Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т. б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.
Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз - күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Құрманғазы «Аман бол, шешем, аман бол!».
Тәттімбет «Қосбасар»
|
Топта сәйкестікті тауып аспаптарды топтарына қарай жіктейді. Барлық топ ақылдасып біткен соң бірін бірі бағалауды ұйымдастырады.
Бейнебаян арқылы тақырыппен танысады.
Екі күйшінің шығармаларын тыңдап талдау жасайды
|
Бас бармақ
|
Презентация
http://youtube.com/watch?v=PsoB0W2SmCw
Фонохрестоматия
|