Сабақтың тақырыбы: Орган музыкасы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет6/39
Дата20.10.2023
өлшемі1,72 Mb.
#187224
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
6 сынып қмж (1)

Білім беру ұйым атауы

15 тірек мектебі

Бөлімі

Классикалық музыканың үздік туындылары

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Симфониялық музыка /жалғасы/

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
6.1.1.2 – оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу;
6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: музыкалық шығарманы талдайды және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды.
Көпшілік оқушылар: Оркестр түрлерін ажырата алады.
Кейбір оқушылар: Шығармашылық жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы


Сабақтың соң

Сәлемдесу.
1-тапсырма.Ақпарат іздеу
Мусин Қапан Әубәкірұлы (1 қаңтар 1921, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Асуба ауылы – 21 сәуір 1970, Алматы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1968)
Мусиннің анасы – халық ақыны Халима Өтеғалиева баласын жастайынан өнерге баулыған.
1934 ж. Алматы музыкалық училищесін (И.Лесманның скрипка класы бойынша) бітірген.
1939 ж. Мәскеу консерваториясының қазақ студиясына қабылданды.
1940 ж. осы консерваторияның композиторлық бөліміне ауысты. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1943 – 1953 ж. Қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне дирижерлік етті.
1954 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факултетін (профессор Е.Г. Брусиловскийдің композиция класы) бітірді.
1954 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік консерваториясында (композиция кафедрасында, 1961 – 1970 ж. фольклор кабинетінің меңгерушісі) ұстаздық қызмет атқарды.
Мусин қазақ композиторларының арасында алғашқылардың бірі болып симфониялық шығарма жазды. [1]
Композитор шығармашылығының дені симфониялық шығармалар, тақырыбының негізгі арқауы – Отан, еңбек адамдары. “Жайлауда” (1948), “Халықтар бақыты” (1953), “Колхоз тойы” (1953), “Мерекелік” (1965) симфониялық поэмалары, 3 симфониясы (І – “Гүлденген Қазақстан” – 1961, ІІ – 1963, ІІІ – 1970); “Тың туралы кантата”, “Сейфуллин туралы поэма-баллада” атты музыкалық хореграфикалық композиция, ұлт аспаптар оркестріне арналған поэмасы, шекті аспаптарға арналған 2 квартет, скрипка мен фортепьяно үшін И.В. Панфиловқа арналып жазылған сонатасы, т.б. камералық, драмалық қойылымдарға жазған музыкалары қазақ музыкасының озық үлгілері болып табылады. Сонымен қатар, Мусиннің камералық, вокалдық-хор, ән-романс жанрларында жазылған шығармалары ел ішіне, кәсіби музыканттар арасына кеңінен тарады. Оның “Әнші сыры”, “Егіншілер әні”, “Достар әні” атты туындыларын әнші Ж.Елебеков орындады. Сазгердің әр кездері шырқалып жүрген “Сайра, бұлбұл”, “Почтальон”, “Қыз әзілі”, “Жас түлек”, “Жеңеше”, “Сүйікті жарым”, “Қымбат дәурен”, “Бақытысың сен кімнің”, “Аналардың қолдары” сияқты ән мұралары бар. Олардың қатарына аяқталмай қалған “Таң шолпаны” (1967, клавир), “Жаяу Мұса” (1970, бір актісі біткен) операларын қосуға болады.
Абай өлеңіне хорға арнап «Күз» деген ән шығарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет