Сабақтың тақырыбы: Орган музыкасы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/39
Дата20.10.2023
өлшемі1,72 Mb.
#187224
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
6 сынып қмж (1)


Білім беру ұйым атауы

Мектеп гимназия

Бөлімі

Классикалық музыканың үздік туындылары



Педагогтің аты жөні:

Бектенова Н.А

Күні:




Сынып:

6 сынып

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы:

Орган музыкасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;
6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: музыкалық шығарманы талдайды және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды.
Көпшілік оқушылар: классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтайды.
Кейбір оқушылар:Өз шығармашылығын көрсете алады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы


Сабақтың соң



Амандасу.
«Сәлем»
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған,
2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан,
3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен,
4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс,
5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 
6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!


Тапсырма.Талқылау.
«Аспаптар галереясын» қараңыз:

  • Қандай аспаптар бейнеленген?

  • Олар қандай топқа жатады?

  • Бұл аспаптың көзбе көз қандай ерекшелігін байқадыңыз?

  • Қалай дыбыстайды деп ойлайсыз?

Орган аспабы туралы оқушыларға ақпарат беру.
Орган (грек. огgаnоn – құрал, аспап) – үрмелі клавишті музыкалық аспап.
Органның алғашқы түрлері Грекия, Италия, Египет, Византия елдерінде пайда болды. 7 ғасырдан бастап Еуропада, көбіне шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланған. Органның дыбыс тембрі ерекше және түрлі регистрде шығады. Ол күрделі механизмдерден тұрады. Оның металдан жасалған ұзындығы әр түрлі түтіктері болады. Әр түтік белгілі тембрде бір дыбыс шығарады. Әрбір регистр үрлеп ойнайтын бір музыкалық аспабының дыбысын береді. Сөйтіп, түтіктен шыққан бір дыбыс пен бір уақытта шыққан бірнеше регистрлер бүкіл оркестрдің дыбысын құрайды. Органның 1 – 7 мануал (әрқайсысында 72 клавиштан), аяқпен басатын педалі болады. Органға арналған ноталар скрипка мен фортепьяноға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады. Органға арнап И.С. Йоганн Себастиан Бах, В.А. Моцарт, Л.Бетховен, Й.Гайдн, И.Брамс, Д.Шостакович, т.б. композиторлар шығарма жазған. Орган Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясының үлкен залында (1967) орнатылып, орган класы ашылған. Алматыдағы Қазақ филармониясында, Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында (2005) орган орнатылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет