Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соң
|
Сәлемдесу.
1 Тапсырма. Тыңдау және талдау.
«Біржан-Сара» операсынан үзінді. «ТОЙ»
-Бұл шығармада қандай музыкалық жанрлар топтасқан?
-Опера дегеніміз не?
Опера – бір үлкен өнердің топтастырылған күрделі жанры. Ол музыка ғана емес, бүтін театр, яғни біртұтас драмалық қойылым. Ең алғаш опера XVI-XVII ғасырларда Италияда пайда болады. Италияндық композитор Клаудио Монтеверди операға күрделі ариялар, вокалдық ансамбльдер, хор ұжымы мен оркестр сүйемелін енгізеді. Опера үшін театрлар салынды. Опера тез дамып, халықтың аңызы мен жырларын тарихын негізге алды. Операның басты рөлінде – орындаушы – әншілер – балет әртістері – хор ұжымы болады.
Операның əдеби негізі (либеретто) музыкалық драматургия жəне ең алдымен вокалдық музыкалық формаларының тəсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография (балет) жəне бейнелеу өнерінің (декорация,костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай əр түрлі өнер түрлерін біртұтас театр əрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын əн (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа əуен), ансамбль (дуэт,трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады. Операның тарихи даму барысында оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалыққаһармандық, тарихи-қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалық-тұрмыстық, драмалық, комедиялық жəне сатиралық опералар. Сондай-ақ, Италияда опера-сериа мен опера-буффа, Францияда комедиялық жəне лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді.
|