Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соң
|
Сәлемдесу.
1-тапсырма.Тыңдау және талдау.
Топта шығарманы талдауға белгілі уақыт беріп, жауапты тыңдау:
1 топ:
Симфония дегеніміз не?
Симфониялық музыканы кім орындайды?
Қандай жанр?
2 топ:
Симфониялық музыканы қандай аспаптар орындады?
Олар қандай аспаптар тобына жатады?
3 топ:
Симфониялық оркестрді кім басқарады?
Оркестрде дирижердың рөлі?
2-nапсырма. Ақпарат іздеу.
Симфониялық музыка – симфониялық оркестрде орындауға арналған күрделі музыкалық шығарма. Симфониялық музыканың негізгі жанрлары: симфония, увертюра, концерт, сюита, симфониялық поэма, фантазия, т.б. Классикалық музыканың негізгі даму кезеңдері – музыкалық классицизм (1750–1820), романтизм (1800–1910), импрессионизм. Өзіне дейінгі кезеңдердің жетістіктерін дамытқан ХХ ғасырдағы сим- фониялық музыкада мазмұн мен құрылым жаңарды.
ХVІІІ ғасырда симфониялық оркестрдің классикалық түрінің қалып- тасуына байланысты симфониялық музыка кеңінен дамыды. Оның негізін салған композиторлар – Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Мо- царт, Людвиг ван Бетховен. Олар – Вена классикалық мектебінің өкіл- дері. Олардың шығармашылығында симфонияның классикалық (төрт бөлімді) үлгісі, сондай-ақ концерт (үш бөлімді), увертюра (бір бөлімді), т.б. туындылар қалыптасты.
Симфониялық оркестр
Әлемде оркестрдің әмбебап сегіз түрі бар. Әр оркестр музыка бағытына қарай түрленіп, құрамы өзгеріп отыруы мүмкін. Бірақ ортақ, негізгі бірлестік сол қалпында қалады. Классикалық музыка, халық музыкасы мен әскери музыка болып және аспап түрлеріне қарай бөлініп кете береді.Қазіргі уақытта Қазақстанда оркестрдің алты түрі бар: халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, экстрада оркестрі, әскери оркестр, джаз оркестрі және ішек аспаптар оркестрі.
Батыс Еуропа мәдениетіне тиесілі академиялық музыканы орындаушы алып оркестр. Ішекті, ысқылы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралады. Мұндай оркестрлер алғаш рет Еуропада XVIII ғасырда құрылған. Жиырмадан астам аспап түрі енеді.Қазақстанда симфониялық оркестрді құруға Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев, Б.Жұманиязов сынды композиторлар елеулі еңбек сіңірді.
Қазіргі уақытта елімізде ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр жұмыс істейді. 1958 жылы құрылып, Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония құрамына енді. Ал Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігіне қарасты симфониялық оркестрдің іргесі 1983 жылы қаланған.
Кері байланыс
|
Үш тілде амандасады.
Шығарманы тыңдап, талдау жұмыстарын жасайды.
Постер қорғайды
Оқушылар оркестр түрлерімен танысады.
Оқушылар пікірі
|
|
http://youtube.com/watch?v=RKdwlwTx7eQ
http://audio.nur.kz/25391-volfgang-amadej-mozart-simfoniya-40
Қазақстандағы оркестр түрлері (massaget.kz)
|