Сабақтың тақырыбы: Организмнің жеке дамуы онтогенез түсінігі. Жасушалардың бөлінуі өсуі жіктелуі организмнің өлуі


IV.Жаңа сабақты түсіндіру «Білгенге маржан



бет2/2
Дата25.01.2017
өлшемі1,05 Mb.
#8091
түріСабақ
1   2

IV.Жаңа сабақты түсіндіру «Білгенге маржан»

Онтогонез ( грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір клеткасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі клеткалары мен клетка кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол. Бүкіл онтогенез үдерісін 2 үлкен кезеңге бөлуге болады:



  1. Эмбриогенез - ұрықтың дамуы (немесе көптеген омыртқасыздар, балықтар және қосмекенділер дернәсілінің сатылары).

  2. Постэмбриогенез - туу соңынан даму, яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.

1. Ұрықтану өте салысымен зигота дамуының алғашқы сатысы басталады. Бұл саты бластула (өсу) сатысы деп аталады. Осы саты кезінде қарқынды бөліну - митоз өтеді. Жасушалардың тез бөлінетіні соншалық, қысқа интерфаза сатысында өсіп те үлгере алмайды. Бластуласатысында ұрыұ үсаұ жасушалар түрінде топтасып, бластомерлер деп аталады. Бұл «жасуша түйірлерінің» пішіні, жасушалар мөлшері, жасушаның орналасуы тірі мақұлықтардың түріне байланысты сан алуан болып келеді. Бластула - бұл жасушалары ерекшеленіп үлгермеген көпжасушалы ұрық. Сондықтан бластула бір қабатты ұрық деп аталады.

2. Гаструла - ұрық дамуының екінші сатысы. Бұл кезенде көптеген маңызды оқиғалар өтеді, яғни жасушалардың жіктелуі - ұрық жапырақшалары; гаструла (қарын) қуысы, желілену (омыртқалыларда) және жүйке тақташалары пайда болады. Біз үшін ең маңызды окиға - ұрық жапырақшаларының - жасушалардың ерекшеленген, жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы. Ұрықтың ертерек даму сатысы - эктодерма және ішкісі - энтодерма. Сондықтан гаструланы қосқабатты ұрық немесе ұрық дамуының екі қабатты сатысы деп атайды. Даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма жекеленіп шығады. Сөйтіпгаструланың кейінгі сатысы үшқабатты болады.

3. Нейрула (жүйкелік) - ұрықтың тек желілілерге ғана тән гаструладан кейінгі сатысы. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлын дамиды.

Туу соңынан постэмбриогенезде пішіндік өзгеріске метаморфозға ауысатын тірі ағзалар бар. Мұндай тіршілік иелерінің туу соңынан пайда болған ұрпақтары ересек дарақтарына мүлде ұқсамайды. Олардың жыныстық жағынан пісіп жетілуі үшін жүйелері және мүшелері өзінің тектеріне ұқсас болуы және ұрпақ қалдыруы үшін дарақтардың құрылысын қайтадан едеуір өзгертуі қажет.Метаморфоздарды құрылысын қайтадан едеуір өзгертуі қажет.Метаморфозды жануарларға бақа мысал бола алды.Мысалы адам ағзасының мөлшері 25 жасқа дейін өсе алады.Сыртқы қаңқасы бар буынаяқтылар жаңа жабыны қатайғанша тек түлеу кезеңіне дейін ғана өседі. Ал өсімдік ағзасы және саңырауқұлақтарөмір бой ғана өсе береді. Бұл құбылыс «шексіз өсу»деп аталады. Тіпті қартайған ағаш жас жапырақтар және бұтақтар түзуін жалғастыра береді.

I V. Жаңа сабақты бекіту



1 тапсырма

Сәйкестендіру (дәптермен жұмыс)




Тірі ағзаның туу мерзімінен өлуіне дейінгі жеке дамуы

Постэмбриогенез

Организмнің ұрығының дамуын зерттейтін ғылым

Бластомерлер

Туу соңынан немесе ұрықтан кейінгі даму,дернәсілдік немесеұрықтық сатылардан соң даму

Тура даму

Ұрықтың тек желіліерге ғана тән гаструладан кейінгі сатысы

Онтогенез

Организмнің бірден ересек түріне ұқсап тууы

Түрленіп даму

Митоздық бөліну кезеңінде пайда болған бөлшектерді

Эмбриология

Эмбриондық дамудан соң дернәсілдің пайда болуы

Геронтология

Қарттық туралы ғылым

Нейрула



2-тапсырма

Сұрақ-жауап

1.Ұрық дамуының қандай үш сатысы бар?

2.Эмбриология ғылымына сипаттама бер.

3.Шексіз өсу дегеніміз не?

4.Бластула қандай саты?

5.Гаструла қандай саты?

6.Ұрықтың желілерге тән негізгі қасиеті.

7.Метаморфоз деген не?ол қай тірі ағзаларға тән қасиет?




  1. Адам денесінің моделінен мүшелердің қай қабатта дамыуын айту.

  2. Сәйкестендіру.

  3. Сурет бойынша даму түрлерін көрсету.




  1. Тірек сызба құру.

V. Бекіту сұрақтары.

1. Онтогенез дегеніміз не?

2. Эмбриогенезді зерттеген ғалымдар?

3. Онтогенез ұғымын енгізген ғалым?

4. Постэмбриогенз сатылары қандай?



Мысал келтіру.
VI.Бағалау



Аты - жөні

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа тақырыпты қорытындылау

тест

Суретте не бейнеленген?

Мағынасы қандай?

Мүшелерді табу

сәкестендіру

Даму түрлері

Тірек сызба

1


























VII. Үйге тапсырма :Оқып түсінік айту.

И.Тайманов атындағы орта мектеп

Тақырыбы: Организмнің жеке дамуы онтогенез түсінігі.

Сыныбы: 10

Пән мұғалімі: Қалиева.Ұ.Ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет