Сабақтың тақырыбы: Орта тас / мезолит/ ғасыры / б з. б. 12-5 мың жыл/ Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі42,17 Kb.
#47011
түріСабақ



Астана қаласы

68 орта мектеп КММ-нің



Тарих пәні мұғалімі

Томанбаева Алия Габитовна

Сабақтың тақырыбы: Орта тас / мезолит/ ғасыры / б.з.б. 12-5 мың жыл/

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Сабақ барысында оқушыларға орта тас ғасырының ерекшелігі мен қоғамдық өзгерістері, мезолит адамдарының кәсібі жайлы жан-жақты білім беру;

  • Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізуге, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету, өздігінен білім алуға дағдыландыру;

  • Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу, жауапкершілігі мол тұлға қалыптастыру

Сабақтың түрі: топтық-диалогтық сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті, пікір алмасу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап

Көрнекілік: карта, тірек-сызбалар, интерактивті тақта, орта тас ғасыры плакат

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу

  • Оқушыларға кәмпиттер таратып, таңдаған түстері бойынша 3 топқа бөлу.

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау: Кейінгі палеолит/ б.з.б. 40-12 мың жыл/ .

Әр топқа үй тапсырмасы бойынша төмендегідей сұрақтар кезекпен қойылады. Жауап бере алмаған топтың сұрағын келесі топ жауап беруге болады:



  • Кейінгі палеолиттің хронологиялық шеңбері / б.з.б. 40-12 мың жыл/

  • Кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктері қандай? /бұл кезеңде адамзаттың түрлі нәсілдері, рулық қауым қалыптаса бастады./

  • Кейінгі палеолитке тән құралдарды атаңдар? / қырғылар, қырғыштар, найза, шанышқы ұштары т.б./

  • «Қыстырма әдісі» дегеніміз не? / сүйек пен аңаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып, кескіш құрал жасау әдісі/

  • Кейінгі тас дәуіріндегі климаттық өзгеріс / алып жануарлар азайып, мүлдем құрып кетті/

  • Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын ескерткіштердің ең көрнектісінің бірін ата? /Батпақ /

  • Палеолиттің соңына қарай аң аулаудың неғұрлым жетілдірілген құралдары қолданылды, оларды ата? /дротик, гарпун, болас/

  • Кейінгі палеолитте қалыптасқан адам / саналы адам/

  • Осыдан қанша мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды? /40-30 м.ж./

  • «Саналы адам» сүйегі алғаш рет қай жерден табылды? / Франция. Кро-Маньон үңгірі/

  • Туықан адамдар ұжымының атауы? / рулық қауым/


Жаңа сабақ: Орта тас / мезолит/ ғасыры / б.з.б. 12-5 мың жыл/

Сабақтың тақырыбы мен жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі: Топ басшылары тақтада жапсырылған жапсырма қағаздың таңдаған кәмпит түстеріне сәйкесін таңдапалып, жазылған тақырыпшаны дауыстап оқиды.



  1. Орта тас ғасырының ерекшелігі

  2. Мезолит адамдарының кәсібі

  3. Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер

Осы тақырыпшалар бойынша оқушылар кітаптағы мәтінмен жұмыс істеп, 7 миут дайындалып, постер жасап, қорғайды.

Оқушыларға көмекші құрал ретінде интерактивті тақтада төмендегі кесте сызылып, алдын-ала дайын тұрады:


Қарағанды



Мичурин




Қызылсу




Қазақстан аумағындағы мезолиттік тұрақтар



Явленко

Әкімбек



Ерейментау




Дүзбай




Тельман



Орта тас ғасырындағы орын алған өзгерістер



ірі жануарлар жойылды


ағашты құрал ретінде пайдалану



өзен-көлді кешіп өту


жебелі садақ



балта


қайық, сал


ұсақ аңдарды аулау



баспана тұрғызу.

Ағаш кесу, қайық жасау


өзенді бойлай жүзу, балық

аулау

Сабақты бекіту: Топтардың барлығы ортаға шығып, эстафета таяқшасы арқылы:

  1. Мезолит заманында қандай өзгерістер болды;

  2. Мезолиттің хронологиялық шеңбері;

  3. Мезолит заманының үлкен жаңалығы;

  4. Микролит дегеніміз не?

  5. Қазақстан аумағындағы мезолиттік тұрақтар саны;

  6. Қазақстан аумағындағы мезолит тұрақтарын ата;

  7. Мезолит заманында тағы қандай өзгерістер болды т.б. сұрақтарды бір-біріне қояды.

Үйге тапсырма:

  • Тақырыпты оқып, мазмұндау.

  • Мезолит пен палеолит заманын салыстыру.

Бағалау. Топтар критерийлі бағалау жүйесі бойынша / топтың тақырыптың мазмұнын ашуы, сөйлеу мәдениеті, белсенділігі, шығармашылығы/ бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет