Күні: 18.10.2016
Сынып: 1
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы №39
|
Мектеп шеберханасына саяхат.
Р дыбысы мен әрпі.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
Мектеп шеберханасына саяхат.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы
минут
|
№1 Тыңдалым.
Күшік қандай дыбыс шығарды?
Сен осы дыбысты айтып көр.
Ізденуді үйымдастыр.
Бұл қандай дыбыс?
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Қызықты тапсырма
6 минут
|
№2 Оқылым.
АР АРА РА АР АРА АРАЛ АРАЛА НАР АНАР
АРА, АРА, АРАЛАР!
АРЛАН, АРА, АРАЛА:
|
Түрлі тапсырмалар
|
Аяқталуы
13 минут
|
№3 Суреттегілердің алғашқы әріптерінен қандай сөз шығарып алуға болады?
|
Оқулық, дәптерлер.
|