Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
1. «Ген», «хромосома», «ДНҚ» деген түсініктерін салыстырыңдар.
2. ДНҚ, хромосома құрамындағы нәруыздар, ген, хромосома, хроматин, нуклеотидтер, аминқышқылдары түсініктерінің байланысын көрсететін сызба құрастырыңдар.
3.Адамның бір жасушасындағы барлық 46 хромосоманың ұзындығы 2 см дейді. Микроскоппен көрінбейтін осы 2 сантиметр жасуша ядросының ішіне қалай сыяды?
Пікірталас: Интернет-ресурстарды пайдаланып, ДНҚ құрылысына, қасиеті мен қызметіне байланысты өздеріңді қызықтырған сұрақтарға жауап табыңдар. Өздерің тапқан қызықты фактілерге сыныптастарыңның на- зарын аударыңдар.