Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелеукатегориялары. Өсімдіктер мен жануарлардағы көптеген систематикалық категори- ялар сәйкес келгенімен, оларда екі айырмашылық болады. Барлық эукариоттардың ең кіші систематикалық категориясы – түр. Бір түрге жататын даралар өзара будандаса алады. Олардың құрылысы ұқсас, оларға бірдей жағдай қажет, тіршілік үдерістері де ұқсайды. Туыс (жақын) түрлер туысқа біріктірілді. Әрі қарай едәуір ірі жүйелеу ка- тегориялар кетеді. Оларды салыстырайық.
Өсімдіктерде: Патшалық Бөлім Класс Қатар Тұқымдас Туыс Түр. Жануарларда: Патшалық Тип Класс Отряд Тұқымдас Туыс Түр.
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Ортақ тапсырма: «Пкірлер» парағы әдісі
1. Алған білімдеріңді пайдаланып, сендерге белгілі ағзалар (ит, үйеңкі, туберкулез таяқшасы) тірі ағзалардың белгілі бір патшалығына жата- тынын дәлелдеңдер.
2. Жүйелеудің қалыптасуы мен дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы хабарлама жасаңдар.