Саралау – Сіз қосымша Көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың Үйренгенін тексеруді Қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті Қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайыма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағыахуал
Қандай болды?
Мен жоспарлаған
Саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
Уақыт ішінде
үлгердімбе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
Жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Сабақтың тақырыбы: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер.
Мұғалімнің аты-жөні: Күні:
СЫНЫП: 7
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
7.1.1.3 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының ерекшеліктерін сипаттау
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.
Бағалау критерийі
Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт
Сабақ барысы :
Бағалау түрлері
Басталуы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну. Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын қиындыларын құрастырғанда тақырыпқа сай сөздер шығуы керек.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты:қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы:
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады.
1-топ
2-топ
3-топ
Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Омыртқасыздардыңбелгілері. Ламарк омыртқасыздарға орталық бөлігі омыртқа жотасы болып табылатын ішкі қаңқасы жоқ барлық жануарларды жатқызды. Омыртқасыздарда не шеміршекті, не сүйекті бассүйегі болмайды.
Барлық жануарды омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөлу за- манауи жүйелеуге сәйкес келмейді. Яғни «омыртқасыздар» деген түсініктің өзі қандай да бір жүйелеу категория болып табылмайды. Бірақ былай бөлу биологияда шамамен 200 жылдан бері бар және ол қолайлы болғандықтан қазіргі кезге дейін қолданылады. Сондықтан біз жануарлардың омыртқасыздар және омыртқалылар деген екі тобын қарастырамыз.
Омыртқасыздардың негізгі типтері.Жануарлар патшалығының ең қарапайым өкілдері – біржасушалылар. Олар қарапайымдар типін құрайды. Жасушалары бір-бірінен аз айырмашылық жасайтын алғашқы нағыз көпжасушалы жануарлар губкалар типіне жатады. Олар мұхитта тіршілік етіп, судан сүзіп алған ұсақ жәндіктермен енжар қоректенеді. Омыртқасыз жануарлар эволюциясының келесі кезеңі ішекқуыстылар типінен тұрады (30-сурет). Ішекқуыстыларда екі қабат қалыптасып, жасушаларының бір-бірінен қатты айырмашылықтары болады. Олар энтодерма және эктодерма деп аталады. Ішекқуыстыларға маржандар, медузалара, саңырауқұлақтар жатады. Эволюциядағы келесі қадам – жасушалардың үш қабатынан тұратын және бұлшық ет жүйесі бар жануарлардың пайда болуы. Ең бірінші пайда болған мұндай жануарлар – жалпақ құрттар. Оларды оңай ажыратуға болады, себебі олардың денелері үстінен астына қарай жаншылған сияқты, сондықтан жалпақ құрттар деп аталады. Жалпақ құрттардан кейін едәуір жетілген жұмыр құрттар типі пайда болды. Бұл жануарларда ішінде алғаш рет ішкі мүшелері орналасқан дене қуысы пайда болды. Бұл қуыс қысым арқылы сұйықтыққа толы, сондықтан мұндай құрттар денесінің көлденең қимасы дөңгелек болып көрінеді.
Әрі қарай омыртқасыздар эволюциясында буылтық құрттар типі пайда болды. Бұл тип өкілдерін оңай ажыратуға болады, себебі олардың денесі жеке буылтықтарға – сегменттерге бөлінген
сияқты. Оларға шұбалшаң, сүлік сияқты жануарлар жа- тады. Бұл омыртқасыз жануарлардың өте маңызды типі. Буылтық құрттарда эволюцияда алғаш рет қан және қан тамырлары жүйесі пайда болды. Ежелгі буылтық құрттардан ұлулар, буынаяқтылар типі және омыртқалы жануарлардың арғы тегі шықты.
«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.) 1. Омыртқалылардың негізгі класын атаңдар.
2. Омыртқасыздардың негізгі типтерін атаңдар.