Сабақтың тақырыбы Қосарлама қос сөздер Жалпы мақсаты



Дата18.02.2018
өлшемі63,66 Kb.
#38005
түріСабақ
«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: З.Хиясова

Пән мұғалімі: Н.Аязбаева


Күні

13.10.2016

Сыныбы

6-сынып

Пәні

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Қосарлама қос сөздер

Жалпы мақсаты

Оқушыларға қосарлама қос сөздер, оның түрлері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Оқыту нәтижесі

Қосарлама қос сөздер, оның түрлері туралы білімдері кеңейеді, қосарлама қос сөздерді қайталама қос сөздерден ажыра алу дағдылары қалыптасады.

Оқытуформасы

Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер

Сұрақ- жауап (диалогтік оқыту), топтастыру, топтағы белсенді әрекетті дамыту үшін (сыни тұрғыдан ойлау), бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), жеке тапсырма, (талантты және дарынды балаларды оқыту)

Құрал – жабдықтар

Оқулық, стикерлер, көрнекі құралдар, таныстырылым, ноутбук, А3 қағазы.

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6- сынып оқулығы.

Жүру барысы:


Кезеңдері

1 кезең


Ұйымдастыру

1 минут


Үй тапсырмасын тексеру

8 минут


Топқа бөлу

1 минут



Мұғалімнің іс-әрекеті

Сынып оқушыларымен амандасу.

Қызығушылықты ояту

«Бинго» ойыны

Дара сөздер дегеніміз не?

Күрделі сөз дегеніміз не?

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

Біріккен сөздер дегеніміз не?

Кіріккен сөздер дегеніміз не?

Қос сөздер дегеніміз не?

Қайталама қос сөздер дегеніміз не?

Қайталама қос сөздерге мысал келтір.

Қысқарған сөздер деген не?

Қысқарған сөздерге мысал келтір.

Тіркесті сөздер деген не?

Біріккен сөздерге мысал келтір.

Қос сөздің түрлерін ата.

Тіркесті сөздерге мысал келтір.

Қос сөздерге мысал келтір.

Кіріккен сөздерге мысал келтір.

Тәтті кәмпиттерді таңдату арқылы оқушыларды топқа бөлу.


Оқушылардың іс-әрекеті
Оқушылар мұғаліммен амандасады.

«Бинго» ойыны арқылы өткен тақырыптардағы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.


2 кезең

Мағынаны тану

5 минут



Жаңа сабақ «Қосарлама қос сөздер»

Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөздер дейді. Мысалы, әке-шеше, құрбы-құрдас.

Қосарлама қос сөздердің жасалу жолдары:


  1. Мағынасы жақын сөздердің қосарлануы: ауыл-аймақ, аға-іні.

  2. Антоним сөздердің қосарлануы: үлкен-кіші, қысы-жазы.

  3. Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз сөздердің қосарлануы: бала-шаға, жігіт-желең.

  4. Екі сыңары да мағынасыз: ығы-жығы, оқта-текте.

  5. Екі сыңары да мағыналы болып, жаңа ұғымды білдіруі: үгіт-насихат, қазақша-орысша.

Жаңа сабақ бойынша мағұлмат алады.

«Бірге ойлаймыз»

7 минут



І топ - 59 жаттығу

ІІ топ – 60 жаттығу

ІІІ топ – 61 жаттығу

Оқушылар топтарымен бірлесе отырып, жаттығуды орындайды.



Сергіту сәті

5 минут


Қиынды қағазға қос сөздер жазылады. Оқушылар жазылған сөздерге байланысты іс-әрекеттер көрсетеді. Отырған оқушылар қандай қимыл екенін табуы шарт.

Жымың-жымың ету, сыбыр-сыбыр әңгіме, әрең-әрең көтеру, тарс-тұрс жүгіру, ағыл-тегіл жылау.



Оқушылар қимылдар көрсетеді.

Жеке жұмыс

9 минут




58-жаттығу.

Қосарлама қос сөздерді қатыстырып, мектеп өміріне қатысты мәтін құраңдар

Оқушылар мәтін құрайды.










3 кезең

«Пицца»


5 минут

Әр топқа пиццаның қиындылары беріледі. Оқушылар артындағы сұрақтарға жауап беріп, пиццаның толық суретін құрастыруы шарт.

І топ


  1. Қосарлама қос сөздер дегеніміз не?

  2. Антоним сөздердің қосарлануына мысал келтір.

  3. Мағынасы жақын сөздердің қосарлануына мысал келтір.

ІІ топ

  1. Қос сөздердің қандай түрлері бар?

  2. Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз сөздердің қосарлануына мысал келтір.

  3. Екі сыңары да мағынасыз қос сөздерге мысал келтір.

ІІІ топ

  1. Қайталама қос сөздер дегеніміз не?

  2. Екі сыңары мағыналы қос сөздерге мысал келтір.

  3. Қос сөздер қалай жазылады?

Сұрақтарға жауап беріп, пиццаның толық суретін құрастырады.


Кері байланыс

2 минут


«Білімділік таразысы» әдісі арқылы кері байланыс орнату.

Оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы мұғалімге кері байланысқа шығады.

Үйге тапсырма

1 минут


62-жаттығу.

Ереже жаттау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.



















Бағалау

1 мин


Оқушылардың білімдерін бағалау.


Күнделіктеріне баға қойғызады.


Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет