Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдік мүшелерінің бір-бірімен өзара байланысын айта отырып, олардың білімін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қоршаған ортаны қорғауға, өсімдіктерді аялауға тәрбиелу.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, суреттер, слаид.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгелдеу
Үй тапсырмасын сұрау:
Жеміс дегеніміз не?
Жемістерді қанша топқа бөлеміз?
Шырынды жемістерді атаймыз?
Құрғақ жемістерді атаймыз?
Қандай жемістерді білеміз?
Мақта қай жеміс тобына жатады?
Жаңа сабақ:
Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы түсінік беру. Тамыр – оның түрлері жайлы сурет арқылы түсіндіру. Сонымен бірге өсімдіктің тірі – ағза екенін айта отырып, еліміздің, қаламыздың көркеюіне, ауаның таза болуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп отырғанын айту. Қазіргі табиғаттың, экологияның нашарлап, орман алқаптарында өсімдіктердің азаюына байланысты мемлекеттік “Жасыл ел ” бағдарламасының орны ерекше. Елбасымыздың бағдарламасы бойынша қаланы көркейту, жыл сайын ағаштар отырғызу жұмыстары алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.
Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.
Сабақ - өсімдіктің маңызды мүшесінің бірі.
Сабақтың атқаратын қызметі: 1) Ол өсімдіктің барлық мүшелерін бір – бірімен жалғастырып тұрады.
2) Ол тірі ағзаның тіршілігін қамтамасыз етеді.
3) Сабақ тамырдың топырақтан сіңірген қорегін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.
4) Сабақта гүлдер, бүршіктер бекиді, жемістер пайда болып, пісіп жетіледі.
5) Сабақ тыныс алуға да қатысады.
Таңқурайдың сабағы тік, қатты. Мұны тік сабақты дейді. Ал жүзімнің сабағы мұртшалары арқылы ілініп, өрмелеп өседі әрі жұмсақ, иілгіш келеді. Бұл өрмелегіш сабақ. Сабақ - өсімдік тыныс алады – тамыр арқылы қорек жеткізеді
Жапырақ— жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.
Жапырақтың мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3 — 10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1 — 5 м, ені 40 — 50 см,цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10 — 20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әр түрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады.
Сабақты бекіту:
Топтық жұмыс.
1 – қатар - Өсімдіктің табиғатқа, адам өміріне пайдасы.
2 – қатар - Өсімдік туралы әңгіме жазу.
3 – қатар - Өсімдіктің суретін салу.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: « Өсімдіктер әлемі» тақырыбында әңгіме жазу.
Тлеугазыева Жансая Тлеугазыевна
ШҚО, Аягөз аудыны, Баршатас ауылы
«Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ- нің мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: |