3 сынып
Математика
Мұғалім: Н.Н Абтиева
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға көбейту (көбейтудіңң үлестірімділік қасиеті)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Көбейтудің қасиеттерін есепті шығару барысында қолдану жолдарын пысықтау.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-
қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету ‚ практикалық іс–әрекет
арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: «Көбейтудің қасиеттері» кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Көбейту амалының әр түрлі қасиеттері:
5×3=3×5=15 Көбейтудің ауыстырымдылық
6×4=4×6=24 қасиеті
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
(3×2)×4=6×4=24 Көбейтудің терімділік
3×(2×4)=3×8=24 қасиеті
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
(2+4)×2=2×2+4×2=12 Көбейтудің қосуға қатысты
(3+5)×2=3×2+5×2=16 үлестірімділік қасиеті
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––-
1. Әр түрлі тәсілмен есептеп тап.
Тік төртбұрыштың ауданы – 4×2=8(см) немесе 2 см × 4 см =8 см
Яғни – 2 см × 4 см = 4 см × 2 см = 8 см Мұнда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдандық
Тік төртбұрыштың периметрі –
4 см + 2 см + 4 см + 2 см = (4 см + 4 см) + (2 см + 2 см )=8 см + 4 см = 12 см немесе
4 см × 2+ 2 см ×2=2 × (4 см +2 см)= 12 см Мұнда бірінші жағдайда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдандық.
Қораптың көлемі (3 см × 1 см)× 2 см=6 см Мұнда көбейтудің терімділік қасиетін пайдаландық.
Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан мәндерін қосу керек.
Қосудың үлестірімділік қасиетін пайдаланып есепте:
(3+2)×5=3×5+2×5=25
(3+6)×3
(6+7)×3
(4+2)×6
(9+5)×4
3. Өрнек құрып, мәндерін тап:
(3+4)×5=3×5+4×5=35
(6+2)×7=6×7+2×7=56
(5+6)×3=5×3+6×3=33
(4+5)×6=4×6+5×6=54
4. Кестені толтыр:
а
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
(3+2)×а
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
5,6 тапсырмалар өткен сабақтардағыдай орындалады.
Есептерді әр түрлі тәсілмен шығар:
Күн сайын – 12 және 8 түйір
Күнде – ? түйір қант
(12+8)×2=40 (т.) – барлығы
Ж:
60 теңгеден 6 кг сбіз, 4 кг пияз
Барлығы – ? теңге
(4+6)×60=600 (тг) – барлығы
Ж:
Жұмсалды – 72 м болатын 8 орам түсқағаз
Кіреберіс бөлме – 4 орам, ? метр
72:8×4=36 (м) – кіреберіс бөлмеге
Ж:
12, 13, 14–тапсырмаларды орындау және талдау
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: 10,11–тапсырма
3 сынып
Ана тілі
Мұғалім: Н.Н Абтиева
Сабақтың тақырыбы: Көктем. Қабыкен Мұқышев.
Қош келдің‚ Наурыз! Міржақып Дулатов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды «Көктем», «Қош келдің, Наурыз!» шығармаларымен таныстыру. Шығармалардың мазмұны мен идеясын меңгерту. . Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Наурыз мерекесінің ерекшелігі туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Ұлттық салт–дәстүрлерді сіңіру, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Қимақағаздар. Суреттері. Бүктемелер. «Жыл мезгілдері», «Көктем», «Наурыз» тақырыбындағы суреттер. «Жазушылар» топтамасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
«Көктем», «Қош келдің, Наурыз!» шығармалары.
Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Наурыз мерекесінің ерекшелігі туралы түсіндіру.
Жыл мезгілдері
Көктем
Қош келдің‚ Наурыз! Міржақып Дулатов
Оқулықпен жұмыс. «Көктем» Өлеңді оқу.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1. Көктемнің өкпек желі соққанда табиғатта қандай өзгеріс болады?
2. Көктемнің жаңбыры қандай? Жер бетінде қандай өзгеріс болды?
3. Жаңбыр жауғанда балалар қайтеді? Олар жаңбырдан кейін не істеді?
1. « Жуып жердің омырауын» тіркесінің мағынасын түсіндір.
2. «Дегдіді» сөзіне мағыналас сөздерді тап.
3. Гүлдің түсін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы.
4. Осы өлең бойынша сурет салып көр.
Сергіту сәті.
«Жазушылар» топтамасы. М. Дулатов.
«Ешкімге жауыздық қылма» әңгіме
М. Дулатов
шығармалары:
«Байлық» әңгімесі
«Наурыз» өлеңі
«Қоян»
Қош келдің‚ Наурыз!
Наурыз мерекесінің ерекшелігі туралы түсіндіру.
Наурыз - өте көнеден келе жатқан, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын мейрам. Ол жыл сайын наурыз айының 22-сіне тойланады. Өйткені сол күні күн мен түн теңеліп, қар еріп, жердің тоңы кетіп, көк шыға бастайтын кез. Сондықтан наурыз күнін жаңа жылдың басы – ұлыстың ұлы күні деп есептеп,жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған.Бұл мерекесі тек қазақтардың ғана емес, бүкіл мұсылман қауымының үлкен мерекесі.
Оқулықпен жұмыс.
Әңгімені мәнерлеп оқу.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1. Қандай мейрам түрлерін білесің? Наурыз тойын кімдер тойлайды?
2. Қазақ пен қырғызда неге ерекше тойланады?
3. «Қыс жеңіл болса – құт‚ ауыр болса – жұт» дегенді қалай түсіндіре аласың?
4. Қазақтың негізгі күн көріс еңбегі қандай болған?
5. Қазақ елі қандай күйге ұшырап еді? Наурызды жақсы қарсы алу үшін не істеу
керек екен?
6. Әңгіменің ертеректе жазылғанын неден байқадың?
1. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді тауып‚ мағынасын түсіндір.
2. Мал күтіміне байланысты еңбек түрлерін ата.
3. Қазақ халқының табиғат құбылыстарына зор мән беретінін ата-анаңнан
сұрап біліп‚ әңгімеле.
4. «Малсыз қазақтың күні бар ма?» сұрағындағы ойды өз бетіңше өрбітіп көр.
Байлаулы – байланысты.
Деуге сыяды – деуге болады.
Тіршіліктің арқауы – тіршіліктің негізі.
Шаруа кенеледі – мал тойынады.
Мақалды жаттайық:
Ұлыс күні қазан толса‚ ол жылы ақ мол болар.
Ұлық кісіден бата алса‚ ол жылы ақжол болар.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма:
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |