- Бүгінгі сабақта ғарышқа саяхат жасаймыз. (оқушыларды сыртқа шығарамын)
-Аспанға және көкжиек сызығына қарап тұрып, аспан мен жердің біріккен жерін тауып, көкжиекті анықтауға бағыт-бағдар беру.
- Аспан мен жер қалай түйісіп тұр?
- Не байқадыңдар?
- Ертедегі адамдар Жердің пішінін қалай елестеткен?
Осы жерде «Старик Хаттабыч» фильмінен үзінді көрсетіп, бірлесе талқылау. (балалардың өз пікірлерін сұрау)
Оқулықпен жұмыс.
Суреттермен жұмыс.
-Жер қандай?
- Ертедегі адамдар Жердің пішінін қалай елестеткен?
(ӨЖ) Тәжірибелік жұмыс
Қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдардың макетін орналастыруды ұсынамын.
- Егер, Жер осындай пішінде болса қалай болар еді?(балалардың Жер жайлы пікірлерін сұрау)
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ерте заманда адамдарды Жер ғаламшарының пішіні қандай екендігі көп ойланатын. Ежелгі гректер біздің ғаламшар жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген.
Ежелгі Үндістандықтар Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған. Кейбір ғұламалар Жерді жайпақ, тегіс деп ойлаған. Олар саяхат жасағанда Жерді дөңес және шар тәрізді екенін байқаған.
Жер — Күн жүйесіндегі күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар. Жер ғаламшарында ғана адамзат тіршілік етеді. Жер ғарыштан қарағанда үлкен, көгілдір жәнесопақша шар тәрізді болып көрінеді.
Мәтінмен жұмыс.
Ертеде адамдар Жерді жайпақ, тегіс деп ойлаған. Олар саяхат жасағанда Жердің дөңес және шар тәрізді екенін байқаған.
Сергіту сәті
Австралия жаңбыры.Дене қимылдары арқылы тырсылдап басталған жаңбырдың үдеп, нөсерлетіп барып басылғанын көрсетеді.
Жайлы ахуал қалыптасып, оқушыларға тынышталдыру мақсатында ұйымдастырылады
(МК) Тәжірибелік жұмыс. Үш топқа бөлу.
1-топ суреттерге қара.
Оқушыларға доп пен шарды салыстыруға беремін.
- Мына доп пен шар бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсайды?
- Қандай айырмашылықтары бар?
- Шардың пішіні қандай?
- Ол неге ұқсайды?
- Шардың бұрыштары бар ма?
2-топ айдың тұтылу кезіндегі фотосуретін беремін. Оқушылардың назарын көлеңкеге аударып, тәжірибе өткізуді ұсынамын.
Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды доп, қалам, кітап, өшіргішті қойыңыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды?(Доп.)
Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасауы керек.
3-топ энциклопедиядан, көкжиек сызығы туралы материалды беремін.
Орындап болған соң әр топтың оқушылары алған білімдерімен және жасаған қорытындыларына ортақ талқылау жасайды.
(ТЖ) Кім жылдам ойыны.
Шарға ұқсас заттарды ата.
( доп, алма, глобус, шар)
(Ұ,МК)Ойлан!
Жақындап келе жатқан кемені ең алдымен
кім көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба,
әлде биік ағаштың басында отырған адам ба?(Оқушылар пікірін тыңдау)
Тәжірибенің соңында оқушыларға Жердің шар тәріздес екенін дәлелдеу үшін ғарыштан түсірілген фотосуретті көрсету.
Топтық жұмыс
1-топ берілген суреттерден Жердің пішініне ұқсас заттарды тауып, белгіле.
|