Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы
Березняк ЖОББ мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Сакипова Жанар Кабкешовна
Сабақтың тақырыбы: Отбасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Отбасы мүшелерін білу.
Кім? сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сәлемдесу және қоштасу рәсімдерін үйрету. Тәрбиелік мәні бар әңгімелер айту.
Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, кестелер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модуль құрамын түсіндіру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Мұғалім сызба бойынша отбасы мүшелері туралы түсіндіреді.
ата
Отбасы
мүшелері
(әже)
әке
шеше
апа
қыз
(ана)
ұл
апа
аға
(әпке)
қарындас
іні
(сіңлі)
IV. Сөздік жұмысы.
V. Тапсырмалармен жұмыс.
1 – тапсырма.
1. Мұғалім сурет бойынша көрсете отырып сөздерді оқиды. Оқушылар қайталайды.
Мынау - шешем
Мынау - мен
Мынау - әкем
2. Оқушылар суреттен көрсете отырып сөздерді тізбектеп оқиды.
2 – тапсырма.
1. Мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп қайталайды.
2. Оқушылар сөздерді өрбітіп сөйлеп үйренеді.
3 – тапсырма. Қазақша сәлемдесіп және қоштасып үйрену.
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
4 – тапсырма.
1. Мұғалім өлеңді дауыстап оқып береді, оқушылар тыңдап отырады.
2. Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
3. Оқушылар тізбектеп оқиды.
5 – тапсырма.
1. Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушыларды дұрыс оқып, сауатты жазуға үйретеді.
VI. Сабақты бекіту.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII. Үй тапсырмасын беру.
Достарыңызбен бөлісу: |