Сабақтың тақырыбы: Өткен тақырыптар бойынша есептер шығару



Дата12.10.2020
өлшемі49,17 Kb.
#68222
түріСабақ



Абдрахманова Мейрамкүл Құзырияқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Қазақ ұлттық өнер университеті

Математика 1 – сынып


Сабақтың тақырыбы: Өткен тақырыптар бойынша есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптарды оқушыларға меңгерту барысында

есептер шығарту; есеп шығару дағдыларын қалыптастыру; ойлау қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерді, ұлттық ойындарды ойнатып, халқымыздың дәстүрін насихаттай отырып, оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ептілікке тәрбиелеу.



Әдіс-амалдар: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын арқылы есептерді шығарту, тиянақтау әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық ойындар :«Бәйге», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Ақ сүйек», есеп-жұмбақ, үлестірме қағаздар т.б.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құрал-жабдықтарын алдырып, сабаққа дайындалту.

Жаңа сабақ кезеңі: -Балалар, біз бүгінгі сабағымызда өткен материалдарды меңгеру барысында есептер шығарамыз. Сабақта біз түрлі ойындарды ойнай отырып, математикалық білімімізді көрсетеміз.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың түрі: Жарыс сабақ.

Сабағымыздың негізгі ұраны: «Жарыс-табыс көзі».

Ең алдымен екі ауылға бөлініп алайық. Әр ауыл өз атын және ауыл басшысын сайлап алуы керек: I-ауыл: Абай ауылы; II-ауыл: Ыбырай ауылы.

-Абай Құнанбаев кім?

-Ыбырай Алтынсарин кім?

Енді екі ауыл өз аттарын қорғайтын «ауыл кәдесін» орындап берсін.

-«Абай» ауылы: «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін бір оқушы оқып береді.

-«Ыбырай» ауылы «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін бір оқушы оқып береді.

Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңберін» құру.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

Балалар шеңбер құрып, бір-біріне сәттілік тілейді.

-Ал, балалар, қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

-«Бәйге», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Алшы», «Күрес», «Ақ сүйек» т.б.



«Бәйге» ойыны: Он көлеміндегі сандарды қосу, азайтуға тапсырмалар беріледі.

4+3 5+2


10-2 9-4

«Хан талапай» ойыны: Өрнектерді салыстыру.

3+5*3+2 2+7*9-2

4+2*8-1 5+4*6+3

«Қыз қуу» ойыны. Кітаппен жұмыс. 118-бет №2.

Балалар құстарға кеше 4 жемсауыт, ал бүгін 3 жемсауыт жасады. Балалар барлығы неше жемсауыт жасады?

118-бет №3.

Бұтақта 7 торғай отырды, 3 торғай ұшып кетті. Неше торғай қалды?



Есеп- жұмбақ: Аулада жеті үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? (сегіз)
Бесбайда бар бес іні,

Естайда бар екі іні,

Алтайда бар екі іні,

Қоссаң сен барлығы

Неше екен шешуі? (тоғыз )

Сергіту сәті: «Қара жорға» биімен жасалады.

«Ақ сүйек» ойыны: (үлестірме қағаз)

7-3-1 5-3+4 9-1-1 6+1+1



Логикалық тапсырма:

1. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі.1 жұмыртқа неше минутта піседі?

2. Қайың ағашында үш алма, ал қарағайда екі алма өсіп тұр. Ағаштарда барлығы неше алма өсіп тұр?

Тест тапсырмалары:1-нұсқа, 2-нұсқа тапсырмалары беріледі.

Сабақты қорытындылау: «Тақия» ойыны.

-Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта қандай есептер шығардық?

-Қандай ұлттық ойындар ойналды?

Оқушылардың білімін бағалау:

Өте жақсы–қызыл жұлдызшамен, жақсы-жасыл төртбұрышпен, орташа-сары үшбұрышпен бағалап, оқушы күнделіктеріне бағасын қойып беру.



Үйге тапсырма: 119-бет №5.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет