Электр тізбектерінің сызбасы– электр тізбегінің графикалық кескіні.
Электр тізбегінің негізгі бөліктері:
Ток көзі
Ток тұтынушылары
Жалғағыш сымдар
Кілт
Электр тізбегінің қандай элементтерін білесіз? Олардың кейбіреулерін атаңыз.
Ойланыңыз және сызбаларды салыңыз:
а) Сізде гальвани элементі, шам, екі кілт және жалғағыш сымдар бар. Екі кілт те қосулы тұрғанда электр тізбегіндегі шам жанатындай сызба салыңыз.
б) төбеден аспа шамдың орнататын жерден үш сым шығып тұр, аспашамды қосқаннан кейін олардан электр тогы өтеді. Егер аспашамды дұрыс қоссақ, екі сөндіргіш келесідей жұмыс жасайды: олардың біріншісі бір шамды ғана қосып-сөндіреді, ал екіншісі екінші шамды ғана қосып-сөндіреді. Аспашамдағы шамдардың, сөндіргіш пен ток көзінің жалғану сызбасын салыңыз.
Екі сызбаның айырмашылығы неде?
|
Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын, үй тапсырмасын қайталау сұрақтарына жауап береді. Электр тізбегінің элементтерін атайды, сызбасын салады.
Алдыңғы білімге сүйене отырып аспашамды параллель және тізбектей жалғау кезіндегі айырмашылықтарын түсінеді.
|