Жай заттармен әрекеттесуі
Бейметалдармен әрекеттесуін көру үшін оттегі толтырылған сынауыққа көмірдің түйірін салсақ, ол жарқырап жана бастайды
С + O2 = СO2
Бұдан басқа күкірт, фосфор, т.б. бейметалдар да оттегінде жанады:
S + O2 = SO2
4Р + 5O2 = 2Р2O5
Кейбір металдар да оттегінде жанып оксидтер түзеді. Мысалы, оттегімен толтырылған сынауыққа магний ұнтақтарын сепсек, оның жарқырап жанғанын көруге болады.
2Mg + O2 = 2МgО
Болат сымның ұшына кішкентай көмір түйірін шаншып алып, оны тұтатып оттегімен толтырылған ыдысқа салсақ жанған көмірден бөлінген жылудың әсерінен темір жана бастайды.
ЗFе + 2O2 = Fе3O4 (FеO•Fе2O3)
Достарыңызбен бөлісу: |