Күрделі заттарменәрекеттесуі Кейбір күрделі заттар да оттегінде жанып оксидтер береді, мысалы, тамақ пісіргенде ас үйдегі газ пешінде қолданылатын пропанның (С3Н8) жануы:
С3Н8+ 5O2 = ЗСO2+ 4Н2O Автогендік әдіспен металдарды кесу мен жалғауда мына реакция жүреді:
2С2Н2 + 5O2 = 4СO2+ 2Н2O Слайд 9Оксидтердің қолданылуы
Көмірқышқыл газ CO2 тамақ өнеркәсібінде, өрт сөндіруде “құрғақ мұз” ретінде кеңінен қолданылады. Ал су H2O (сутек оксиді) адам өмірінде ерекше маңызға ие.
Қатты күйдегі кремний диоксиді SiO2 шыны, керамика алуда, ал негіздік оксидтер көбінесе ақ бояу алу үшін қажет, мысалы, ZnO ақ бояу, Cr2O3 жасыл бояу алудың негізгі құрам бөлігі болып табылады. Кальций оксиді CaO құрылыста байланыстырушы зат ретінде, цемент және түрлі тұздар алуға көп қолданылады.