Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Қызығушылықты ояту кезеңі.Сынып оқушылары сабақтың тақырыбын берілген суреттерді болжай отырып анықтайды. Берілген суреттер бойынша сынып 3 топқа бөлінеді.
Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына оттек элементінің екі түрлі әсері бар.Оттек-О2 газы тыныс алуға, организмнің тіршілік етуіне жағдай жасайды.
Озон-О3 газы өсімдіктерді, тірі организмді ультракүлгін сәуленің күйдіруінен сақтайды.: Оттек элементінің молекуласы екі атомнан тұратын O2-ден басқа, кәдімгі жағдайда үш атомнан құралған газ тектес болып келетін тағы бір түрі-О3, яғни озон деп аталатын молекуласы бар.
1785 ж голланд оқымыстылары жаңа газды анықтап, оның атын озон деп атаған. Оның оттек атомынан тұратын жай зат екені анықталған. Оның формуласы О3 молекуласы үш атомнан тұратын оттектің түрөзгерісі екені мәлім болды.
Ол көкшілдеу түсті, өзіне тән иісі бар (грекше «озо»-иісті) газ. Суда аз ериді, қайнау-112С, балқу температурасы-193С. Оттек газынан 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіретін қасиеті бар..
Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты. Озон стратосфера қабатында жер бетінен 15-тен 50 шақырым аралығында биіктікте. Озон қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым (20-25 шақырым), оны озондық қабат деп атаймыз. Ол қабатта озон концентрациясы орасан зор емес, көлемі 3 млрд. тоннадан астам.
|