Топқа бөлу. Ат қою.
1 топ-«Кітаптар» суреті
2 топ «Қарындаштар» суреті
3 топ «Күнделік» суреті шықты.Өте жақсы, балалар. Мұғалім жетондарды беріп бағалатып отырады.
Балалар (кітап, қарындаш, күнделік) бір сөзбен айтқанда бұлар не? «Оқу құралдары».
Балалар, ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты «Оқу құралдары.»
Жаңа тақырыптың мақсатымен,барысымен таныстыру.
Оқушылар үш топқа бөлінгендіктен үш топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі және әр орындалған тапсырмаларға сай бағаланады.
Оқушыларға жаңа тақырыпты жазғызу.
Балалар біз сендермен 1,2,3 сыныптарда өткен болатынсыңдар.Оқу құралдарына не жатады?
1-тапсырма.Сөздікпен танысу,жаңа сөздерді сөздік дәптеріне жазу.
Жаңа сөздермен сөз тіркесін құру.
Топтарға жетон таратылады.Бағалау.
2-тапсырма.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп үш топтан 2-3 оқушыдан тізбектеп оқу.
Менің оқу құралдарым.
Менің оқу құралдарым бар.Олар: кітап,дәптер,күнделік ,қылқалам, түрлі-түсті қарындаштар,пенал,сызғыш,өшіргіш.Кітап оқу үшін керек,дәптер жазу үшін керек.Ал,күнделік мұғалім баға қою үшін керек. Күнделікте жақсы бағалар болу керек.Менің сөмкемдемде кітап,қаламсауыт,күнделік,дәптер бар. Мен оқу-құралдарымды өте таза және ұқыпты ұстаймын.
Екі топ мәтінге 5 сұрақ жазады.
Және өздері сұрақтарға жауап береді.
Топтарды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |