Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1. Шаттық шеңбері:
Балаларды шеңбер жасауға шақырамын:
- Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?
- Ол неге ұқсайды?
- Ендеше біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.
- Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.
- Қайырлы таң, көздерім сендер ояныңдар (көздерін уқалайды)
- Қайырлы таң, құлақтарым сендер ояныңдар (құлақтарын уқалайды)
- Қайырлы таң, саусақтарым сендер ояныңдар (шапалақтайды)
- Қайырлы күн, сенде ояндың ба? (жымиып күледі). Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таң атты. Сәлеметсіздер ме!
- Бүгінгі күніміз жақсы болсын, көңілді болайық, деніміз сау болсын, татулықпен, достықпен бәріміз сабақ барысында бір-бірімізге тек жақсы көңіл сыйлайық.
Достарыңызбен бөлісу: |