Сабақтың ортасы
- Балалар, тақтаға қарайық.
- Не көріп тұрмыз?
- Үйлер
- Үйлер қандай, бірдей ме?
- Әр түрлі.
- Сендер тұратын үйге осылардың қайсысы ұқсайды?
- Осы үйлердің қандай ұқсастықтары бар?
- Қандай айырмашылықтары бар?
- Менің үйім дегенді енді үш тілде айтайық.
Менің үйім-мой дом-my house (май хауз)
-Өте жақсы.
Топтық жұмыс. Дереккөз арқылы саралау.
Ендеше,қазір әр топ өз үйлерін сипаттайды.
(топтар 1-2 сөйлеммен өз үйлерін сипаттап айтады)
ҚБ: топтар бір-бірін отшашу арқылы бағалайды.
|
Үйлердің суреттері
|
|
Оқулықпен жұмыс
|
Жұптық жұмыс.
(Бір оқушыны тақтаға шақырып, оқулықтағыдай диалог құрастырамын)
Сен қандай үйде тұрасың?
Мен 9 қабатты үйде тұрамын.
Үйлерің неше бөлмелі?
Менің үйімде 4 бөлме бар.
Әрі қарай әр топтан жұптасып диалог құрады.
ҚБ: топтар бір-бірін қалақшалардағы смайликтер арқылы бағалайды.
|
|
|
Сергіту сәті
|
Музыка ырғағымен билейді.
|
музыка
|
|
Дәптермен жұмыс.
|
Жеке жұмыс.
-Балалар, қолымызға жәй қарындаштарымызды алып, бірінші жолдағы үйлерді үзік сызықтарды бастыра отырып саламыз.
-Ал, екінші жолға үйдің қай бөлігі жетіспейді, толықтырамыз.
ҚБ: Жұпта бір-бірімен дәптер алмасып «жасыл қалам» әдісімен бағалайды.
|
Дәптер 25-бет
Жасыл қалам
|
|
|
Топтық жұмыс. «Суретті аяқтау»
Әр топқа аяқталмаған суреті бар А3 бет үлестіремін. Топтар ақылдаса отырып, өз қиялдарына қарай суретті аяқтайды.
ҚБ: Мұғалімнің бағалауы.
«Иық, білек, қол.» топтарды иық –күшті, білек-мықты, қол- әлді бағалауымен мадақтау.
|
Иық-күшті
Білек-мықты
Қол-әлді
|
.
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия «көңіл күй смайликтері» әдісі
-Бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
-Әр топтағы үйлер туралы не білдік?
-Дыбыс дегеніміз не? -Сөз неден құралады?
-Сөйлем неден құралады?
-Бүгінгі сабаққа түсіндік пе? Түсінсек өз қыстырғыштарымызды үстіңгі, 1-2 сұрағым бар десеңіз ортаңғы, мүлде түсінбедім десеңіз астыңғы смайликтерге қыстырамыз.
|
|
|