Сабақтың тақырыбы: «Қозғалмалы ойындар»



Дата10.02.2023
өлшемі18,63 Kb.
#168240
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ. Қозғалмалы ойындар (4 сынып)



Сыныбы: 4 «В»
Сабақтың тақырыбы: «Қозғалмалы ойындар»
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
а) Қозғалыс әрекеттерін құрастыру.
ә) ойлау белсенділігін арттыру
б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, тапқырлыққа баулу.
Өтетін орны: Спортзал,
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Пайдаланатын құралдар: ысқырғыш, секундомер, волейбол добы

қ/с

Сабақтың мазмұны

Ұзақтығы



Әдістемелік ескертулер

I

Дайындық бөлімі. Ұйымдастыру кезеңі

15′ минут







Сапқа тұру. Кезекші, топтың сабаққа дайындығы және түгелдігі жөнінде рапорт беруі.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы; мақсаты; міндетімен таныстыру.
Командалық жаттығулар: оңға,солға, тіке, артқа бұрылулар.
Жүру жаттығулары: Спорттық жүріс.
Жүру кезінде арақашықтықты сақтау.Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен,
Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру. Қолды екі жанға қойып жүру, Табанның сыртқы және ішкі қырасымен жүру.
Секіру жаттығулары:
Оң аяқпен, сол аяқпен секіріп жүру
Алаң диагоналымен «киікше» секіріп өту.
Келесі диагоналда жылдам жүгіріп өту
Жүгіру жаттығулары:Алаңды айнала жүгіріп жүріп, алаң диагоналы бойынша жылдамдыққа жүгіру
Жалпы дене жаттығулары: Жұппен орындалатын жаттығулар






Сабақ өтілетін орынның санитарлық – гигиеналық
Спорттық киімдерін тексеру.

Жаттығу орындалысын қадағалау



II

Негізгі бөлім



25′ минут









Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі .


Қимыл –қозғалыс ойыны
Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар.
Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді.
Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жеке ойнайтын ойындар:
а) «Жел мен желбақыш »;
ә) «Айнал да жүріп кет » .
2) екеу болып ойнайтын ойындар :
а) «Кім күшті ?»;
ә) «Кім бірінші болады ?».
3) эстафеталық ойын :
«Доп» ойыны .
Қимыл-қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл –қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады. . Сонымен бірге бір-бірімен байланыс жасап ,тіл табысуға көп көмегін тигізеді




Қауіпсіздік ережесін сақтау

Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл –әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атайды .



III

Қорытынды бөлім

5 минут







Алаңды айнала, кең, қолды жоғарыға көтергенде кең тыныс алып, қолды түсіргенде тынысын шығару.



  • Бағалау. Үйге тапсырма беру. Сабақты қорытындылау

  • Үйге тапсырма беру

Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату






Кеткен кемшіліктерді ескертіп , оқушылардың ойынға деген ықыласын арттыру. Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау

Үстірт орта мектебі


Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қозғалмалы ойындар»

Дайындаған: Дене тәрбиесі


пәнінің мұғалімі: Реушенова Г

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет