Сабақтың тақырыбы Өзіңді таны


ІХ. Топпен шығармашылық жұмыс



бет6/7
Дата27.11.2019
өлшемі186,72 Kb.
#52530
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
музыка қмж


ІХ. Топпен шығармашылық жұмыс.

1-топ. Мысыққа мінездеме беру.

2-топ. Баяндауышқа байланысты мақал-мәтел айту.

3-топ. Ешкіге байланысты, бастауыш пен баяндауышқа байланысты сөйлем құрау.

«Құстар қалай сайрайды?ң ойыны. Доп қағу арқылы баяндауышты айтады.



Бұлбұл сайрайды.

Торғай шырылдайды.

Шағала шаңқылдайды.

Х. Бекіту.

ХІ. Үйге тапсырма. Қорытынды.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

-​ Міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын жазушылардың тілі – туған тіліміз – қазақ тілі сабағы аяқталды.



Сабақ жоспары.

Мақсаты: Оқушыларды Ыбырай Алтынсарин шығармашылығымен жақынырақ таныстыру. Балаларды әдеби шығармаларды сүйіп оқуға, өз оқығанын түсіне білуге, шығармадағы жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету.

Оқушылардың сөздік қорларын, мәнерлеп айта білулерін дамыту.

Балаларды еңбексүйгіштікке, білімді, әдепті болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына байланысты оқушылардың салаған суреттері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, сөзжұмбақ. Кітаптар көрмесі.

Қолданылатын әдіс: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрініс, т.б. Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері сабақтарымен байланыстыра өткіздім.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі тәлім-тәрбие сағатымызға кездесуге мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бибігүл Базарбайқызы қонаққа келді. Қарсы алыңыздар!



ІІІ. Оқушыларға алдын-ала берілген тапсырма бойынша: бірінші оқушы өмірімен, екінші оқушы шығармаларымен, үшінші оқушы ақын өмірінің соңғы кезеңдері жөнінде айтып өтті.

ІҮ, Сөз кезегі қонаққа берілді.

Оқытушы Ыбырай атамыздың балалық кезі туралы, оның әңгімелеріне шолу жасап, өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Оқушыларға жұмбақ жасырды.



Ү. Шығармаларына тоқталу.

Өлең, әңгімелеріне түсінік беріп отырдым. Оқушылар жазушының өлеңдерін жатқа айтып, әңгімелерінен шағын көріністер қойды.

Өз шығармаларында Алтынсарин қазақ халқының көзін ашу, өнер-білімді ету, мәдениетке баулу, тұрмысын жақсартуға зор мән берді. «Өсиетң деген өлеңінде:

Оқымаған жүреді,

Қараңғыны қармалап,

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар, - деп жас ұрпақты білім алуға шақырған. Білім арқылы мақсаттарына жететін деген.

1-оқушы «Кел балалар, оқылықң.

«Жазң, «Өзенң атты өлеңдерінде ол өзінің табиғатқа көзқарасын білдіреді және қоршаған ортаның адамның жүйкесіне әсер ететінін суреттейді. Яғни жаныңды сергітіп, әрі сауықтыратынын көрсетеді.

Табиғат берген байлықты өзінің қажетіне жұмсай білсін, пайдасына асырсын, жайдан жай ағып жатқан пайдасыз өлең екен ғой деп қарамасын дегенді үйретеді.

2-оқушы «Өзенң.

Адам тіршілігі табиғатпен өте жақын. Адамның эстетикалық қалыптасуы, өзін қоршаған табиғатпен өзара байланысы Ы. Алтырсарин шығармаларында айрықша көрініс табады.



«Таза бұлақң әңгімесінен көрініс.

Осы әңгіме арқылы автор халықты жан мен тән тазалығына, адалдыққа, достыққа және мейірімділікке шақырады. «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!ң сөйлемнің мағынасын оқушылардан сұрау.

Сабақты интеграциялау .

Пәні : Дүниетану . Сыныбы : 3 сынып.



Сабақтың тақырыбы

Тапсырма шарты

Интеграция

Қорытынды

Табиғаттағы құбылыстар

Өлең мазмұны мен табиғат құбылысын анықтау .

1.Ы.Алтынсариннің «Жаз » , « Өзен » атты өлеңдерінде ақынның табиғатқа көзқарасы қандай ? ьт-«Таза бұлақ» әңгімесі халықты қандай болуға шақырады ?



Оқушылар табиғаттың берген сыйын түсініп , табиғат байлығын қажетіне жұмсауға , өзін қоршаған табиғатпен байланысты екенін түсінді .

Пәні : Ана тілі . Сыныбы : 2 сынып.

Сабақтың тақырыбы

Тапсырма шарты

Интеграция

Қорытынды

Алып бала .

Дара тұлғалардың өмірінен үлгі ала отырып , спортқа деген қызығушы –лығын арттыру .

1.Күрес спорты туралы не білесіңдер ?

2. Біздің елімізде күрес спортын дамытуға қандай жағдайлар жасалған ?

3.Шығыс Қазақстандық қандай танымал балуандарды білесіңдер ?


Еліміздегі танымал тұлғалардың өмірінен үлгі ала отырып , оқушының спортқа деген қызығушылығы артты .


Ы. Алтынсарин – аудармашы.

Тамаша педагог, ағартушы, жазушы Ыбырай Алтынсарин – И. А. Крылов шығармаларын қазақ даласына ең тұңғыш таратушылардың бірі. Ол 1879 жылы Орынборда шыққан «Қазақ хрестоматиясың атты И. А. Крыловтың «Қарға мен түлкің мысалын аударып енгізген. Ол оқиғаны мысалдап айтып, жатқылыққа, жаман әдеттен жұртты сақтандырады, адамгершілік қасиетті үлгі етеді.



«Қарға мен түлкің қойылымы.

Алтынсарин балаларға арнап, сөзі жатық, мағынасы қызғылықты ұсақ әңгімелер жазды.

Оның әңгімелерінің жастарға тәлім-тәрбие беруде маңызы өте зор. Ол жастарды әдептілікке, сабырлылыққа, қанағаттылыққа, мейірімділікке, әділдікке, еңбек сүйгіштікке, т.б. өнегелі істерге үгіттеді.

«Әке мен балаң көрініс.

Ы. Алтынсарин ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы «Аурудан – аяған күштірекң деген әңгімесінде көрсеткен. Бұл әңгімеде аяғы сынған Сейіт деген бала жанына аяғының ауруы қанша батса да анасын ренжітпеу үшін қабақ шытпағандығы айтылады. Сейіт шын мәнінде мейірімді бала болып суреттелген. Әлпештеп өсірген анамызды қадірлеп, сыйлауымыз керек. Ана жүрегі, ананың аялы алақаны қашан да құдіретті екенін естен шығармай жадымызда сақтау керек.



3-оқушы: «Бұл кімң.

4-оқушы: «Ананың сүюің.

Ыбырай атамыздың әңгімелерінің негізгі тақырыбының бірі – еңбек.

-​ Еңбек туралы қандай әңгімелерін білесіздер! (Оқушылар жауап береді).

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығашң көрініс.

Бұл әңгімеде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсеткен, оны балаларға үлгі еткен.

Қарлығаш, өрмекші, құмырсқа құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді.

Бұл әңгімелер еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелейді.

Ыбырай Алтынсарин тек әңгімелер жазып қана қоймаған, сонымен қатар ол мақал-мәтел, жұмбақтар жазған.

ҮІ. Мақал-мәтелдер айту. (Мағынасын түсіндіру).

«Әдептілікң көрініс.

Оқудың пайдасы, оқу арқылы баланың көп нәрсеге жетілетіні жайында Ыбырай шығармаларында аз айтылмаған. «Өнер-білім бар жұрттарң деген өлеңінде өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жастарды мәдениетті ұлы орыс халқының қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады. Ғылым табыстарын мадақтайды.

«Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды

Айшылық алыс-жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғыздың - деп радио, телефон, телеграфты

айтса,


«Мың шақырым жерлерге

Аты жоқ құр арбаны

Күн жарымда барғыздың, - деп поезд бен автомашинаны

үлгі етіп көрсетті.



5-оқушы: «Өнер-білім бар жұрттарң. Өлеңін оқу.

ҮІІ. Сөзжұмбақ шешу.

ҮІІІ. Қорытындылау.

Жазылған нақыл сөздер мен мақалдарға түсінік бере отырып, тәрбие сағатын аяқтау.

Қорыта келгенде бұл ғылыми зерттеу жұмысымның бүгінгі күн талабына сай дамуының интеграцияланған бағытты ғылымдар арасындағы білікті, оның негізінде мектептегі пәнаралық байланысты қажет етеіндігі ғылыми психологиялық-педагогикалық тұрғыдан баяндалады.

Оқу тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсаты көзделініп, пәнаралық ғылыми-теориялық негіздері көрсетіледі. Қазіргі кезде жалпы оқушы жастардың білім алуға деген ынта ықыластарымен қызығушылығын арттыру мен оларды жан-жақты дамытуда дүниетану ғылымдарының негіздерін пәнаралық байланыс арқылы беру басшылыққа алынып отыр. Сондықтан да, әсіресе, қазақ бастауыш мектептерінде оқушыларға пәнаралық байланысты жүзеге асыру, ол өскелең ұрпақтың ғылым негіздерімен ықшаланып алынған білім жүйесін толық меңгеруге мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғам сұранысы мен өмір талабына жалпы адамзаттық құндылықтарға жету басты нысана болып отырған жағдайда, білім берудегі оқу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру негізгі шарт. Осы тұрғыдан саралай келе бастауыш сыныптарда оқу процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастырып оған теориялық тұрғыдан негіздеме беру – бұл өмір талабы. Осыдан қорыта келе төмендегідей пікірлерді ұсынамын, пәнаралықты жүзеге асыруда басшылыққа алған жөн деп есептеймін.

1. Бастауыш мектептерде берілетін білімнің мақсаты мен мазмұнына қарай, пәнаралық байланысты жүзеге асыру баланың жас ерекшеліктерін негізге алуы тиіс.

2. Оқу барысында пәнаралықты жүзеге асыруда негізге алған дидактикалық ұстанымнан ауытқымау. Жетекшілікке алынып отырған пәннің өзіндік ерекшеліктерін ескеру басты шарт.

3. Пәнаралықты жүзеге асыру барысында оқу-тәрбиенің біртұтастық заңдылығын не күзге алу т.б. тиімді нәтиже береді деп есептеймін.

Осы негізгідегі қағидаларды жүзеге асырумен пәнаралық байланыстың тиімді болуы оқулық мазмұнымен оқу материалдарының жақындық үйлесімдіктерін ескерту, оқу бағдарамасын басшылыққа алуда зор үлесі бар және берік негізі болады.



Құрманғазы ауданы .

Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі .

Өзін – өзі тану , бастауыш сынып мұғалімі : Халелова А.М

Эссе

Курстан алған әсерім .

Курс тақырыбы : « Өзін – өзі тану пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері » . Курста бізге дәрістер мен тәжірибелік сабақтар көбінде шынайы өмірден дәлелденіп мысалдармен түсіндіріліп отырғаны ұнады . Сонымен қатар білім мен қызықты қажетті ақпараттар алдым . Курс заман талабына сай әр түрлі тақырыптарда және қызықты , жоғары дәрежеде жүргізілді . Осы курстың жүргізілуі менің жұмыс істеу қабілетіме көп әсер етті . Себебі курс барысында адамгершілік құндылық қасиеттерге байланысты түсініктер жүргізілді . Сондай – ақ мағыналы дәріс тыңдап , топпен жұмыс жасау арқылы білімімді толықтырдым . Курс барысында ұлы адамдардың ұлағатты сөздері тыңдалып , адамгершілік - рухани қасиеттер туралы білімімді жетілдірдім . Курстың алғашқы күнінде « Мен кіммін ? » , « Менің мұғалімдік міндетім » , « Мен қандай адаммын ? » деген сұрақтарды шынайы түрде талқыладық . Адам бойындағы тамаша қасиеттердің бәрін де осы курс арқылы толықтай ой елігінен өткізіп : Ақиқат , сүйіспеншілік , дұрыс әрекет , ішкі тыныштық , қиянат жасамау мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірімізде орынды қолданып жүрміз бе деген ойға келдім . Осы құндылықтарға талдау жасап , сабаққа жоспар құру да осы құндылықтарды басшылыққа алып жасауды үйрендім . Өзін – өзі тану пәні арқылы әрбір оқушы бойында мейірім мен адамгершілік , әділдік , адалдық , сүйіспеншілік сияқты қасиеттер мен құндылықтарды дамытуға болады . Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап , оның шексіз үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп , демеу жасасақ , қуаттандырсақ , жүрегі нұрға толы , жан - жағына шуағын шашып тұрған мейірімді , адамгершілігі мол , үнемі талпынып тұратын , өз елін , туған жерін , отбасын сүйетін ең еңбекқор , адал адам тәрбиелей алатынымызға курс барысында көзім жеткендей болды . Курста үйренген әдіс – тәсілдерді алда тиімді қолдана алатыныма сенімім мол . Сондықтан маңызды да , қажетті дәріс оқыған Кулниязова Айжан Сисенқызы мен Аязбаева Назерке Ғалымжанқызына алғысым шексіз !

Ш.А. Амонашвили .

Крылья .
Сидит старик у обочины и смотрит на дорогу. Видит: идет человек, а за ним еле поспевает маленький мальчик. Человек остановился, велел ребенку подать старику воды и дать кусок хлеба из запасов.

– Что ты тут делаешь, старик? – спросил прохожий.

– Жду тебя! – ответил старик. – Тебе ведь доверили этого ребенка на воспитание?

– Верно! – удивился человек.

– Так бери с собой мудрость:

Если хочешь посадить человеку дерево, посади плодовое деревцо.

Если хочешь подарить человеку лошадь, дари лучшего скакуна.

Но если доверили тебе ребенка на воспитание, то верни его крылатым.

– Как я это сделаю, старик, если сам не умею летать? – удивился человек.

– Тогда не бери мальчика на воспитание! – сказал старик и направил взор на небо.

Прошли годы.

Старик сидит на том же месте и смотрит в небо.

Видит: летит мальчик, а за ним – его учитель.

Они опустились перед стариком и поклонились ему.

– Старик, помнишь, ты велел мне вернуть мальчика крылатым. Я нашел способ... Видишь, какие выросли у него крылья! – сказал учитель гордо и с лаской обвел крылья своего воспитанника.

Но старик дотронулся до крыльев учителя, приласкал их и прошептал:

– Меня больше радуют твои перышки...

Қанаттары .

Жолдың жиегіне қарап бір қария отырады . Қария бір адамның келе жатқанын және оның артынан бір бала әрең үлгеріп келетінін қарт көреді . Адам тоқтап қарияға суды және қоймадан нанның бір бөлігін беруге балаға айтады .

Сіз, бұл жерде не істеп жүрсіз , қария? - деп жанағы адам сұрайды . Сені күтіп тұрмын! – дейді

қария . – Саған баланың тәрбиесін сеніп тапсырды емес пе ?

Дұрыс айтасыз дейді - адам таңданып .

- Сондықтан оны даналықпен қабылдауын керек - дейді .

Егер сіз адамға ағаш отырғызу керек десеңіз , жемісін мол беретін ағаш отырғыз де - деді .

Егер сіз адамға жылқы беруге келіссеңіз , жақсы ат сыйла дейді .

Бірақ саған баланың тәрбиесін сеніп тапсырғандықтан , онда баланың ұшатын қанатын қайтар дейді .

Адам таңданып , егер мен өзім ұша алмасам , оны қалай істеуім керек? – дейді . Онда баланың тәрбиесін міндетінге алма деп қария , аспанға қарап кетіп қалады .

Жыл өтеді .

Жастағы қария сол бұрынғы орналасқан жерде және аспанға қарап отырады . Қараса алда бала , артында оның мұғалімінің ұшып келетінін қария көреді . Олар қарияға бұрылып , тағзым етіп , бас иеді .

Қария , есіңізде ме ? сіз баланың қанатын өзіне қайтар деп айтып едіңіз . Міне , көрдіңіз бе ? Сол қанаты өсті , қандай екенін қараңыз деп , оқушысының қанаттарын сипап , мақтанышпен айтады .

Бірақ , қария мұғалімнің қанатын сипалап құлағына былай деп сыбырлайды :

- Маған сенің қанатын көбірек ұнап тұр дейді ...

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары .

Мерзімі: 07.11.2015жыл

Сынып 4 «А» Оқушылар саны13

Тақырып: Қуаныш - жан шуағы 12 сабақ

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік шынайылықадалдық, қамқорлық, достық,

кешірімділік

Мақсаты: Оқушыларға риясыз сүйіспеншілікпен «бақыт», «қуаныш» «сыйластық», мейірімділік» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- оқушыларға қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;


- оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- оқушыларды мейірімділікке шынайылыққа, адалдыққа, қамқорлыққа, достыққа,кешірімділікке тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Оқулық, үнтаспа, слайдтар, ИБТ, гүлдің, жүрекшенің, көбелектің үлгісі.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, сабаққа түгел қатысуын қадағалау, Өзін-өзі тану сабағының «5-Т» ережесін ұстануларын еске түсіру. Оқушылардың оқу құралын«5 затты» тексеру.



Тыныштық сәті «Су асты патшалығына ойша саяхат».

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.



Үй тапсырмасын тексеру

Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттау.

Сабақ барысын талқылау:

 Бір-ақ сәтте қас қағым Бүгін балабақшадан

Көршімізді кеше әлгі Ертіп келген баласын

Қуантып - ақ тастадым «Болып өс,-деп,-жақсы адам»,

Деп; «Балаңыз бес алды». Шын қуанды нағашым.


Сұрақ-жауап: Бұл өлеңде қуанышты сезімге бөленуінің себебі неде? Нағашысы қандай жақсы тілек айтты?


Дәйексөз

«Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес» В.А.Сухомлинский 
Сұрақтар:

  1. Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес деген сөзді мағанасын қалай түсінесіңдер?

  2. Тән сұлулығы мен жан сұлулығының айырмашылығы қандай?

- Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл-күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді.

Оқушыларға дәйексөзді 3-4 рет қайталату және дәптерге жазу, жаттау.



Оқиғаларды әңгімелеу (мұғалімнің сыйы)

Тақырыбы: «Отбасы ошағы» атты аңыз айту.

Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің , қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады.



Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады.

Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады.

Тек, үшінші тақпыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды.

Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды.



Талдау сұрақтары

  • Оқиғаның мағынасы неде?

  • «Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады?

  • Бұл үш отбасының қайсысынан сүйіспеншілік, мейірімділікті көріп тұрмыз?

Қорытындылау:

Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің риясыз сүйіспеншілігі, қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.



Шығармашылық жұмыс

(жағымды, жай музыка ойнап тұрады)



«Қуанышқа бөленген бақытты отбасы үйі» тақырыбына сурет салады. Оқушыларды топқа бөлу. Орындағаннан кейін әр топ өз суреттерін қорғайды.

  • Бұл отбасының негізін не құрайды? (Сүйіспеншілік)

Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің де өзгенің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулықты жақсартады. Барлық адамдармен күліп амандасу, үнемі ақжарқын жүру, айналаңа қуаныш сыйлау – асыл қасиет. Бізде көңілді, қуанышты, үнемі күлімдеп жүру үшін өзгелерге, айналамызға риясыз сүйіспеншілікпен қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.

Топпен ән айту

Ақ көгершін әні

Сөзі: А. Жұбановтікі

Әні: Н. Баймұханбетовтікі

Үй тапсырмасы: Мақтаншақ жолбарыс ертегі 63-65 бет оқу, мазмұндау.

Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Мұғалім: Баяу музыка қосылады.



  • Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді сүйіспеншілікпен жүрегімізге жеткізіп сақтайық.

  • Енді көздеріңді ашсаңдарда болады.

Сау болыңыздар!!!!!!!!

Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп : Мұғалімі :

Тақырыбы : Қуаныш – жан шуағы . Сыныбы : 4

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік , шынайылықадалдық

Мақсаты: Оқушыларға риясыз сүйіспеншілікпен « шынайылық », « адалдық » « мейірімділік» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - оқушыларға қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- оқушыларды мейірімділікке , шынайылыққа, , адалдыққа тәрбиелеу .

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)



Сабақтың барысы :


  1. Ұйымдастыру кезеңі . Сабақтағы жағымды күйге келу

Ескертулер

2 . Үй тапсырмасын тексеру .





3 . Жағымды ой пікір . Дәйексөз . «Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес» В.А.Сухомлинский .




4 . Оқиға айту . Әңгімелеу . Е.Ашықбаев. «Қуаныш» .1. Бұл өлеңде қуанышты сезімге бөленуінің себебі неде? 2.Нағашысы қандай жақсы тілек айтты? 3.Сен не үшін қуанар едің ? 4. Қуанған адам қандай күйде болады ? 5 . Жақсы еңбектің нәтижесі неге жеткізеді ? 6 . Қуаныш сыйлау дегенді қалай түсінесің ?




5. Мұғалім сыйы .Тақырыбы: « Отбасы ошағы » атты аңыз айту.




6. Шығармашылық іс – әрекет . «Қуанышқа бөленген бақытты отбасы үйі» тақырыбына сурет салады. Оқушыларды топқа бөлу. Орындағаннан кейін әр топ өз суреттерін қорғайды. Бұл отбасының негізін не құрайды? (Сүйіспеншілік)




7 . Топпен ән айту . Ақ көгершін әні .




8 .Үйге тапсырма . Қуаныш өлеңі . Мәнерлеп оқу 63 бет .




9. Соңғы тыныштық сәті. Тыныштық , тыныштық , тыныштық , тыныштық бар жерде .Тыныштық , тыныштық , тыныштық , тыныштық бүкіл әлемде .




Отаным – алтын ұям бесігім

         Әрбір  жанға  өзінің отбасы, туған  - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан  да адам баласына  солай да ыстық. «Отан»  десе адамның жүрегі  езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің  өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында  да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол  үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді.  Тарихта мәңгі қалады.

         Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі.  Дегенмен де Отанға деген  махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

         Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын.  Қазақстандай  елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын.  Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ  елінде 16 млн-ға  жуық  халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне  отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз  мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте  дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған.  Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың  ішінде дами түсті, көркейіп, өз  экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы  саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын,  оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел.  Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте  алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен  саудаласып, экономикасын дамытуда.

         Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы  жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.



 

 

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. 



Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. 

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. 
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. 
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. 
Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғ,ымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты. 
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған. 
Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады.. Мәселен, «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығымен оның да пайдасы көп екендігін: «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи» деп нақты ұғымды кеңестер береді. 
Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген,ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан. 
Сондықтан, экологиалық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл- тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», «отқа түкірме» және т.с.с. 
Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді. 

Музыка . 4 класс . 4.12.

Тема: Когда возникли медные инструменты ?

Цель: ознакомление детей со временем и историей возникновения духовых инструментов, развитие слуховых навыков определения музыкального инструмента по тембру его звучания.

План урока:

1.Организационный момент. Музыкальное приветствие. Вхождение в урок.

2.Актуализация опорных знаний учащихся по теме урока.

3.Открытие новых знаний.

4.Проверка усвоения нового материала.

5.Закрепление знаний и умений учащихся по изучаемому материалу.

6.Подведение итогов урока.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет