Сабақтың тақырыбы Өзіңді таны



бет5/7
Дата27.11.2019
өлшемі186,72 Kb.
#52530
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
музыка қмж




Сынып жетекшілері:

  Арнайы қонақ. Ол – әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң, құ- да-құдағи, сыйлы, құрметті кісілер.


       Құдайы қонақ. Бұлар – шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп сапарын- да көлігі болдырып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған тосын, бөгде қонақ.
    Қыдырма қонақ. Үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, ерігіп желіккен, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш «кіріп-шық» кезбе қонақтарды осылай атайды.

      Қылқыма қонақ.  Ол– ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, құлқынын тойдыру үшін қолына тигенін, аузына түскенін қылқытып жалмай беретін ашқарақ, ар мен ұятты белге буған   тойымсыз, қонақ.


       Құтты қонақ.  Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», – деген на- қыл бар. Бұл мейман – келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болатын қонақ.
       Ерулікті қонақ.  Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақ.

Ән. Ертегілер

Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы – көркем,
Әдемі еді неткен!
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Қ/сы : Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер... 2 рет.

Гүлдерден, бұлттардан,
Әр гүлде бір арман.
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.

Қ/сы :Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер... 2 рет

14,21.12 3а сынып

Ана тілі ( фак )

Тақырыбы : Туған жерге қыс келді .

Мақсаты : Табиғат пен адам үйлесімділігі , қыс мезгіліндегі өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру . Табиғатқа қамқор болу іскерліктерін дамыту . Туған жердің табиғатын қадірлеуге тәрбиелеу .

Әдісі : әңгімелеу , түсіндіру .

Көрнекілігі : оқулық , сурет .

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру бөлімі . Үй тапсырмасын тексеру . Ата – бабам тарихы – менің тарихым .

  • Халықты жауан қорғаған батырдың есімі кім ?

  • Бұқар жырау Бөгенбай батыр туралы не дейді ?

  • Ағыбай батырды халық қалай бағалады ?

  • Жаумен жалғыз айқасқан Махамбет қандай амал ойлап тапты ?

  • Ол ақын болар ма еді ? мәтінінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған ?

Жаңа сабақ . Туған жерге қыс келді .

Жұмбақтар шешу . Жұмбақтардың шешуі қай мезгілге қатысты айтылған ?

Өлең : Қыс . Абай . Ақын қысты кімге теңейді ?

Мәтін : Боран . Әңгімеге сүйене отырып , үсінуден қалай сақтануға болатынын айт .

Қар . Мәтіннен қар жауып тұрған кезді суреттейтін тұсты тауып оқы .

Қар астындағы ұялар . Мәтінге сүйеніп , қыстағы құстардың тіршілігі туралы әңгімеле .

Аққала Өлеңді түсініп оқы .

Дәптермен жұмыс .

Тәкаппарлықтың биік шыңы, өзіңді өзгеден биік санау. Өзгеге жоғарыдан, көкіректі керіп сөйлеу. Адамды менсінбеу, адам құрлы көрмеу, кекетіп, мұқатып кемшілігін бетіне басып, сөзбен жанды жерін шымшып отыру, қысқасы, өзіңді зор, өзгені қор көріп істейтін іс-әрекеттің бәрі - тәкаппарлық болып саналады. Тәкаппарлық- қуыс кеудеден пайда болады. Тәкаппарлық - бұл жаман қасиет!

Адам дүниеге келгенде тәкаппар болып туылмайды. Адам туылғанда таза, пәк күйінде болады. Тәкаппарлық- адам баласына жолдан жабысатын мінез. Бір-екі белестерді бағындырған кезде, бір жұмыстарың өрге домалаған кезде, жолың ашылып, армандаған армандарыңа, алға қойған жоспар, мақсаттарыңа жеткен кезде, бір кісілерде тәкаппарлық мінез пайда болады. Бәріне өзім жеттім, өз қолымды өз ауызыма өзім жеткіздім деп, көкірегін ұра бастайды. Негізінде олай емес екенін, Алланың берген бағы, сыйы, несібесі екенін ұмыт қалдырады.

Пенде болған соң, адам өзгеріп отырады. Бір көңіл күйге, бір эмоцияға, бір жағымды сәттерге байланысты адам өзгеріп отыруы заңдылық. Десек те, тәкаппар болып өзгеруден аулақ болғанымыз жөн. Өйткені, тәкаппар болғаның - Алланы ұмытқаның! Менменсіген жүректен иман кетеді.


Тәкаппарлық жайлы сөз қозғағанда, Абай атамыздың сөзі ойға оралады.
Адам - бір боқ көтерген боқтың қабы,

Боқтан сасық боласың өлсең тағы.

Менімен сен тең бе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі-ол баяғы.



« Өрлеу » біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты

Баяндама

« Адам бойындағы жалпыадамзаттық

құндылықтардың маңызы »

Орындаған : Құрманғазы ауданы

атындағы

өзін – өзі тану пәнінің

мұғалімі

2015 – 2016 оқу жылы

Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Адамгершіліктің асыл қасиеттері: Отансүйгіштік, мейірімді, адал, еңбекқор, ақылды, әділ, парасатты жас ұрпақтарымыздың бойынан табылуы тиіс. Басқаша айтқанда, бүгін біз тек өзара түсіністік пен сыйластықтың, бір-бірімізге деген құрметтің арқасында ғана тіршілігімізді жалғастыра алмақпыз. Бұл үдеріс біздің әрқайсымыздың өз дінімізді, дәстүрімізді құрметтеуге, дәріптеуге кедергі болмайды. Өйткені, әрбір дін – ақиқатқа деген ұмтылыс.
Сондықтан да, еліміздің болашағы үшін жастарды тәрбиелеуде рухани құндылықтардың маңызы зор және біз күнделікті өмірде оларды қолданудың аясын кеңейтіп, үнемі назарда ұстап отыруымыз қажет

Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін  «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.  Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап  жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады. Әлемдік кеңістік аясындағы адам өмірі дегеніміз не? Бір ғана сәт, қас-қағым уақыт қана. Бізге берілген осындай ғана ғұмырды өзіміз үшін және өзгелер үшін ешқандай қиындықсыз өткізу маңызды емес пе?! Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету – біздің қасиетті пары­зымыз. Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз. Жас ұрпақ отбасында, ұжымда, қоғамда бірлесе өмір сүру жайында үлкендер әлемінен лайықты өнеге алады. Мұндай өнегеге нелер жатады? Ең алдымен, адамның өз-өзімен және қоршаған ортамен, атап айтсақ, Әлеммен, өзге тіршілік иелерімен, өз пейілдерімен, сезімдерімен және іс-әрекеттерімен жарастықта өмір сүруі, өзінің өмірдегі орнын таба білуі болып табылады. «Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздеріне көз жүгіртіп, қарайтын болсақ, әлемдік рухани тұлғалардың философиялық ойларынан, яғни, Сократтың заманынан бастау алатынын көруге болады. Ежелгі Грек философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда, оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!»,  «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген  қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында  адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне  грек философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.

Әбу Насыр Әл-Фараби  Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ Әл-Фараби(870-950ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайтерең бойлап барған. Абай:  «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деу арқылы тіліне, дініне, діліне, нәсіліне қарамай әлемдегі барлық адамдарға  ізгі ниетпен, ақ көңілмен, жақсылық жаса деп айтқысы келген. Әбу Насыр Әл-  Фараби – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт дейді:



  1. Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;

  2. Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы; 3. Сабақ процесінің алатын орны .

Ғұламаның философиялық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі. Ол, адам баласы,  жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні — біліммейірбандықсұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің философиялық  көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады.Ол ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ деді. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Ол «Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа жауап іздейді. «Балық су үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт бақыт үшін жаралған» дейді. «Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Білім мен мінез- құлық арқылы» дейді. «Ол білімнің мәні қандай?  Бақытқа апаратын мінез- құлық қандай?» деген сұраққа «ізгілікті мінез-құлық, рухани білім» дейді. «Оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы жетуге болады.» деп түйіндейді. Фараби «Философиялық трактаттар» атты еңбегінде адам жанына, жүрегіне үнемі ерекше мән береді. Мысылы, «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» десе, Абай 17 қара сөзінде: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Абай  жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келіп өзінің 73 жылдық ғұмырында артына сарқылмастай мол қазына қалдырды. Ш.Құдайбердіұлының философиялық еңбектерінің  негізгі обьектісі – адам болса, байлықтың ең үлкені – ғылым дей келе, «Өзіңді өзің танысаң істің басы...» деп жырлайды.  Мысалы, «Үш –ақ түрлі өмір бар» өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі, яғни, осы кезде уақытыңды босқа өткізбей, ғылымға үңілсең – өмірлік мұратыңа жеткенің  - дейді. Шәкәрімге философиялық ойларды жазу оңайға түспейді. Ол бүкіл батыс Европа, Шығыс елдері ғалымдарының, философтарының еңбектерін зерттейді және өз тұжырымын жасайды. Мысалы, «Үш анық» еңбегінде, жалпыадамзатты жаратушы бір күш бар – ол бірінші анық- дейді. Ал, рух өлмейді,  жан мәңгілік - бұл екінші анық - деді. Үшінші анық - ар-ұждан деп, оны білімнен де, ғылымнан да, бәрінен де жоғары қояды.    Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден  тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен  нормалар  қызметін өзіне бағындырады және реттейді.  Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге  бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.  Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.

Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар.  Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында  тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ.  Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау. Оқыту үрдісіне  жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді. Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан  өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді. Жапырақ, ағаштан үзіліп бара жатып, жерге қонғаннан кейін не күтіп тұрғанын түсінбестен,  «Қалықтап жүрген қандай керемет!», - деп ойлайды, ал, артынан не боларын кейіннен ғана түсінеді. Адам да қиындыққа тап болған кезде ғана ойланады, қиналады. Қиналған кезде оның жаны тазарады.  Адам баласы ақыл мен жүрек қосылғанда  ғана эмоцияға берілмей, өз сезімін бағындыра алады. Сөйтіп саналы түрде жақсы мен жаманды ажырата алатын деңгейге жетеді. Сосын ар- ұжданына сүйеніп, шабытпен, интуиция арқылы ең жоғарғы, рухани деңгейге жете алады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты да осы. Адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. «Өзін-өзі тану»  бағдарламасының  авторы Сара Алпысқызы Назарбаева:  « Өзін-өзі тану»  пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді деп атап айтқан болатын. Бұл оймен мен де толықтай келісемін. Және бүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, тәрбие саласында қызмет етіп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз .

Пайдаланылған әдебиеттер :

1. Мен – Адаммын , жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал, Игенбаева. Б. Қ. Алматы – 2000 .

2. « Өзін – өзі тану » мен басқа пәндердің ықпалдасуының мазмұны мен тәсілдері , мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Мұқажанова Р. А. , Омарова Г. А. , Алматы – 2013 .

3. «Самопознание. кz» журналының жинағы , 2013 – 2014 жж.

4. «Өзін өзі тану» пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік құрал, Алматы қаласы: ҰҒПББСО «Бөбек» 2010 ж

 



3 сынып .

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш.

Сабақтың білімділік мақсаты: Баяндауыш және оның бастауышпен байланысы. Сөз таптарымен байланыстыру. Сөз таптарына талдау жасауға , мәтін құрай білуге, мәтінді ажыратуға және сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтауға үйрету. Сабақты халықтық педагогокаға негіздей отырып, ойын арқылы оқушылардың қабілетін дамыту, білімін тексеру. Сурет бойынша сөйлем құрауға дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. Сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрілерін жалғастырып, үйреніп, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Балалар, сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер ме? Денешынықтыру сабағында ойнадыңдар.

1.​ «Бәйгең жарысы.

2.​ «Теңге ілуң ойыны.

3.​ «Аударыспақң ойыны.

4.​ «Көкпарң ойыны.

5.​ «Жорғаң жарысы.

6.​ «Қыз қууң ойыны.

Ана тілі сабағында «Өткен өмірң тарауынан көптеген батырлар туралы оқыдық. Олардың аттары болған. Сол аттар біздің сабағымызға жарысуға келіп отыр. Сабағымыздың мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеу. Сабақты ойын, жарыс түрінде өткіземіз. Үш топқа бөлінеміз.

1-топ. «Боз атң.

Топтың аты «Боз атң бұл,

Келдік біздер жарысқа.

Сөз табының сырларын,

Баяндаймыз сайыста.

2-топ. «Шұбар атң.

«Шұбарң атты тобымыз,

Көп нәрседен хабармыз.

Боз, Құлагер тобымен,

Сайысуға даярмыз.

3-топ. «Құлагер атң.

Топтың аты «Құлагерң,

Қазақ тілін мақтаймыз.

Ереженің барлығын,

Есімізге сақтаймыз.

(Топ жетекшілері өздерімен таныстырады).



ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау.

3. Аударыспақ ойыны (ұпай). Аударыспақ ойынында сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпты шешу.

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «БАЯНДАУЫШң.

-​ Үй жануарларына не жатады? Олар қалай дыбыстайды?



Түйе, қой, жылқы, сиыр, ешкі.

Үш топтан бір оқушыны шығарып, сахналық көрініс көрсетіп, сөйлем құрату.

Не істейді? Не істейді? Не істейді?

Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді.

Мысалдарды талдай отырып, кестедегі ережені шығардық. Ережені бекіту.

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтары қойылады.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Дәптерге жазу.

Ү. «Көкпарң ойыны (ұпай). Сурет бойынша сөйлем құрап жаздыру.

160-жаттығу. Жазған сөйлемдеріндегі бастауышын астын бір, баяндауыштың астын екі сыз.



1-топ. Үйрек жүзеді. Марат шомылады.

2-топ. Апам жіп иірді. Ақгүл көмектеседі.

3-топ. Құстар ұшады. От жанады. (Сурет бойынша жазған сөйлемдерін тақтаға, дәптерге жаздыру).

ҮІ. «Жорғаң жарысы (ұпай).

1. Балалар, жылдың мезгілі болады?

2. Қазір қандай мезгіл?

3. Күз айларын ата?

Табиғат календарын көрсете отырып, 159-жаттығуды орындату, өлеңді мәнерлеп оқу, дәптерге көшіріп жазу.

Маусымдар.

Қыс құнар береді,

Көктем дән себеді.

Жаз баптап өсірсе,

Күз жинап тереді.

Қарамен жазылған сөздердің астын сызу. Оларға сұрақ қою, бастауышқа қатысын анықтау.

ҮІІ.Серігу сәті.

ҮІІІ. «Қыз қууң ойыны арқылы сөзжұмбақты шешу. 162-жаттығу.

Маңырайды

Мияулайды

Үреді

Жануарларды қатыстырып сөйлем қүрау. Бастауыш пен баянадауышты табу.

не? не істеді?

1-топ. Ешкі маңырайды.

2-топ. Мысық мияулайды.

3-топ. Ит үреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет