Сабақтың тақырыбы: «Өзімшілдік пен көпшілдік»
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік: Өзімшіл болмауға, тәртіпті, көпшіл, қауымшыл болуға тәрбиелеу.
ә) дамытушылық: логикалық ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа танымдық қабылдауын арттыруға дағдыландыру.
б) тәрбиелік :өзін ғана ойламай, көпшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың дағылылығы : Адам болуға тәрбиелеу, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздары, сөз жұмбақ,плакаттар.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер
Оқушыларды айналдыра отырғызып, барлығы орындарынан тұрып,Ө.Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңін бірлесе орындайды.
Жақсы болу - өзіңнен.
Жаман болу - өзіңнен
Енді өзің ая да
Өзің үйрен өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден
«Мен қандаймын?»-деп ойла
Жамандық көрсең біреден
«Мен қандаймын?»-деп ойла
Өзіңді өзің қолыңа ал
Өзіңсің – ақыл айнасы
Тіледі саған мәні бар
“ Өзіңді тану”-пайдасы
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен –деген өлең жолдар туралы қандай пікір айтар едіңдер.
Жаңа ақпарат.
Оқушыларға Бізге күндей нұрын шашып, осы өзін-өзі тану пәнін сыйлаған Сара Алпысқызы Назарбаева туралы кеңінен мағлұмат беру.
Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.
Достарыңызбен бөлісу: |