-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...
Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.