0
x+2x=1800
3x=1800
x=600 0, 0
№2. Параллелограмның бір бұрышының биссектрисасы қабырғаны 12 см және 7 см кесінділерге бөледі. Параллелелограмның периметрін табыңдар.
Берілгені: ABCD – параллелограмм АК-биссектриса
1 жағдай: BK=12см, KC=7 см
2 жағдай: BK=7 см, KC=12см
Т/к: PABCD-?
Шешуі: PABCD=2 (AB+BC)
BC=BK+KC=19см
ΔABK-тең бүйірлі болғандықтан BK=AB=12см
P=2 (19+12)=2∙31=62 см
2 жағдай: BK=7см, KC=12см
AB=BK=7
PABCD=2 (7+19)=2∙26= 52
Жауабы: 62 см немесе 52 см
Ауызша дайын сызба бойынша интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру
+Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
а b түзулері берілген. Оларды сәйкесінше A, B, C, D нүктелерінде қиып өтетін с d екі түзу жүргізіңдер. Алынған ABCD төтрбұрышының параллелограмм болатынын түсіндіріңдер.
Параллелограмның диагоналі оны екі тең үшбұрышқа бөлетінін дәлелдеңдер.
Параллелограмм дөңес емес төртбұрыш бола алады ма?
Төртбұрыш берілген. Оның бұрыштарының қосындысы 360o- қа тең. Осы төртбұрыш параллелограмм ба?
Төртбұрыштың іргелес бұрыштары 60 және 120o-қа тең. Осы төртбұрыш параллелограмм ба?
Параллелограмның диагоналдары тең. Оның бұрыштары туралы не айта алсыз?
Төртбұрыштың диагоналдары қиылысқан нүктесінде тең екіге бөлінбесе, ол төртбұрыш параллелограмм бола алады ма?
ІІ деңгей тапсырмалары
Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштарының биссектрисалары параллель болатынын дәлелдеңдер.
Параллелограмның бір бұрышының биссектрисасы қабырғаны 7см және 6см кесінділерге бөледі. Параллелограмның периметрін табыңдар.
ІІІ деңгей тапсырмалары
K және M нүктелері ABCD параллелограмының BD диагоналінде жатыр және BK=MD. AKCM төртбұрышының паралелограмм болатынын дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: